«Ұлылықтың басында ұстаз тұрады»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрады»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарды құрметтеу, қадірлеу, үлгі тұту, еңбегін бағалай білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрады»

тақырыбындағы дөңгелек үстел

б а ғ д а р л а м а с ы


Мақсаты: Ұстаздарды құрметтеу, қадірлеу, үлгі тұту, еңбегін бағалай білу.


Мұғалім: Армысыздар, жиналған қауым, ұстаз,

Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас.

Құтты болсын мереке баршамызға,

Жүріңіздер үнемі сіздер алда.

Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер.

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,

Зердесін болашақтың зерлеткендер.

Қадірлі ұстаздарға арналған «Ұлылықтың басында ұстаз тұрады» тақырыбындағы дөңгелек үстелімізді бастаймыз.

1. Сұрақ: Мен бүгінгі кездесуімізге айтарлықтай тың оқиға әзірлеген жоқпын, дегенмен тілге тиек боларлық ой бар. Сіздер келіссеңіздер, оқушылармен қарым-қатынас жайлы сыр шертісейік. Оқушыларға білім беру мен тәрбиенің табысты болуы осы қарым-қатынасқа байланысты ғой.

Қарым-қатынас дұрыс болған жағдайда мұғалімнің әр сөзі жақсы өңделген жерге себілген дәндей оқушының көкейіне қонып жатады. Ал қарым-қатынас нашар болған жағдайда жылы сөздің өзі де ешқандай нәтиже бермейді.

Оқушылармен қарым-қатынас жасағанда педагогтық әдеп белгілі бір дәрежеде жетекші рөл атқара ма? Атқарғанда қандай?


Мұғалім: Талдырмай жүріп қанатын,

Жүрекке жол табатын,

Санаға қағаз салатын

Ұстаздар керек біздерге.

Қиындыққа жасымай,

Жетістікке тасымай,

Ұстаздар керек біздерге.

Қиялын ұштап самғайтын,

Ұрпақ ілімін жалғайтын,

Қиянатқа бармайтын

Ұстаздар керек біздерге.

2. Сұрақ: Өз пәнін терең білетін, методиканы жетік меңгерген, мұғалімдер аз емес, ал сабақ жүргізгенде ауыр жүк көтергендей қансорпа болатын мұғалімдер бар. Ондай мұғалімдер оқушыларға орынсыз көз алартып, ескертулер жасаудан жалықпайды, тіпті дауыс көтереді, бұрышқа тұрғызады, кластан шығарып жібереді, ата-анаңды шақырып кел деп жұмсайды, әкімшіліктен де адам шақырып көмек сұрайды – бір сөзбен айтқанда, оқушылармен осылай ұзақ-сонар жалықпай күрес жүргізгенімен класта тәртіп орната алмайды. Міне, осындай мұғалімдердің ақыры оқушылармен қарым-қатынасының бұзылатынын дәлелдеп жату қажет пе екен?

Оқушылармен дұрыс қарым-қатынаста болу класта немесе мектепте кіршіксіз тәртіп орнату және сол күйінде сақтау үшін қажет пе?


Мұғалім: Білімнің айдынында жүзіп өткен,

Ұстаз, сенсің білімнің нәрін сепкен

Сен арқылы бастау алып дана, ғалым,

Сен арқылы әлемді танып білген.


3. Сұрақ: Мұғалім жүрегі соғып тұруы үшін не қажет? (табандылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық)


Мұғалім: Сүрінсең сүйеп құлатпай,

Шегінсең, бастап жүр дейді.

Білімге мөлдір бұлақтай

Қандырып, тағы біл дейді.

Мұғалім қажып, талмайды,

Іздейді даңғыл саған жол.

Жақсыны ғана таңдайды,

Қамқорың, саяң думан ол!

4. Сұрақ: Ұстаз бойында қандай қасиеттер болу керек? (сабырлы, ақылды, мейірімді, қайырымды, еңбекқор, әділ, үлгілі, кішіпейіл)


Мұғалім: Сан мыңдаған сабағың есте мәңгі,

Жалындаған шәкірттер еске алады.

Өнер жаңа, жаңаша әрбір ісің,

Берер баға өзіңе «бес болады»

Балалармен ойнайсың, бала болып.

Бала қамын ойлайсың дана болып.

Әр өмірде жете бер арманыңа,

Өрендерге сен әке, ана болып!

5. Сұрақ: Ұстаз болу қиын да, құрметті. Әрі аса шеберлікпен шыңдалатын белесі мол мамандық. Ұстаз уақытпен санаспай, таңертеңнен кешке дейін мектепте жүріп, бір-біріне ұқсамайтын сабақтар өткізеді. Шәкірттерінің жүрегіне шапағат нұрын төгіп, ілім-білім баспалдағына еркін де нық басып, көтеріліп кетуіне бірден-бір тірек бола білген ұстаздың отбасы.

«Бірлік бар жерде тірлік бар» - деген де осы емес пе?


Мұғалім: Көтеріп жүктің салмағын,

Жолында өмір талмадың.

Мерейің қандай шуақты,

Ұстазым – асыл арманым!

Осымен ұлағатты ұстаздарға арналған «Ұлылықтың басында ұстаз тұрады» атты дөңгелек үстеліміз аяқталды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.05.2018
768
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі