|
Жүру
барысын алдын ала үйлестіру
Алғашқы
сөз (кезең)
Ортаңғы
кезең Тапсырмалар легі
Соңы(бекіту)
|
Сәлемдесу. “Амандасу”
тренингі
Оқушылар дөңгелене отырады.
Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір –
бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе – қолымызды қысып
амандасамыз, күн бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек
бейнеленсе –
құшақтасамыз.
Психологиялық ахуал
орнату
«Антижалқаулық»
әдісі
Оқушылардың сабаққа деген
ынтасын оята отырып, қима қағаздарды таратып
шығу
Аспандағы жұлдыздардай жанды
үміт,
Арайлап ата берсін таң
күліп.
Жақсы ойлары жүректерді
жаңғыртып,
Ұстаз ісі жасай берсін
мәңгілік.
Мұғалімнің құттықтау сөзі: Ұлағатты
ұстаздар!
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар
мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Баршаңыз-дың
отбасыңызға амандық ,бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық
табыстар
тілейміз. Иә балалар, бүгін күн сендерді
білім нәрімен сусындатып өмір жолына дайындайтын кемел жандардың
мерекесі.
Қане баршамыз ұстаз жайлы бейнеролигімізді
тамашалап,онан соң қолымызға қызыл түсті қаламдарымызды алып
жүректің суретін салайық. Қонақ болып келіп отырған ұстаздарға
қолдарымыздағы жүрекшелерді алып ұстазға деген бір бір жылы тілек,
лебіздерімізді
білдірейік.
Әңгімелеу. - Қане, балалар,
бүгін ұстаз туралы әңгімелесейікші. Әңгімеміз
түсініктірек
болуы үшін мен сендерге «
Өнерлі жігіт » аңызын оқып
берейін. Өнерлі
жігіт Әл-Фараби бір күні
базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер
көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап
кетіп жатады. Әбунасыр
одан: - Күніне қанша табасың? –
деп сұрайды. - Екі дирхемге
жетер-жетпес
қана. - Онда сен бұл өнерді
таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем
беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген
саудагер: - Мына дәруіштің дені сау
ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп
күліпті. Кейін сол бала үлкен
ғалым болыпты деген сөз
бар. • Әл-Фараби жігітке нені
үйреткісі келді? Не
үшін? • Шәкірттерінің болашақта
жақсы адам болып
шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп
ойлайсыңдар? • Білім адамға не үшін
керек деп
ойлайсыңдар? - Дұрыс айтасыңдар.
Арине ұстаздың еңбегі
зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді
байқап, оның болашықта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін
аянбай еңбек
етеді.
Шәкірттерін азамат қып
саналы,
Ұстаз ана –дана бола
алады,
Ең бастысы ұстаз мына
өмірде
Ұлағат боп,ұлылық боп
қалады.
Ендеше ұстаз сөзінің
формуласы
қандай? Ұ –
ұлағатты
С –
салмақты
Т –
тапқыр
А –
ардақты
З – замандастай
зиялы
Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан
әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі
өнер,
Бүгінгі күн сіздерге
арналады.
Би: «
Бипыл»
Кезекті ұстаздарымызға
арналған тақпақтарға
берейік...
Ұстаз болу
–жүректің батырлығы Ұстаз болу
–сезімнің ақындығы Ұстаз болу
мінездің күн
шуағы Азбайтұғын
адамның алтындығы
Үйретіп
өмір
ұстазым Үлгілі іске
нұсқадың Ақкөңіл ,іскер
қашан
да, Ақылшым
–менің ұстазым!
Күнде бестік
алсаң сен Онда
басқа
жоқ арман Ал,
оқымай
барсаң сен Бір тал шашы
ағарған.
Ардақты
менің ұстазым Әліппені
оқытқан Білімнің кілтін
ашатын Кеудеме сырды
тоқытқан.
Қорытынды.

Хор: «Ұстазым»
|
Дөңгелене отырып, тақтаға
шыққан бейнелер арқылы амандасады
Берілген қима - қағаздардағы
сөздерді оқи отырып,сабақ-
қа деген белсенділігі
артады
Бейнероликті тамашалайды,
сурет салады, ұстаздарға арнап тілегін
білдіру
Оқушылар әңгімені тыңдап,
талқылайды
Сол
сәтте бес
оқушы
шы-
ғып ұстаз
сөзінің
формуласын қолдарындағы
парақтармен көрсетіп
айта-
ды
Оқушылар би
билейді
Оқушылар тақпақтарын
айтады
Ән
шырқайды
|