400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлың ер жетті, қызың бой жетті

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жанындағы интернат тәрбиешісіне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҰЛЫҢ ЕР ЖЕТТІ, ҚЫЗЫҢ БОЙ ЖЕТТІ»

Мақсаты: Ата - аналармен сынып жетекшісінің және оқушылардың арасында тығыз байланыс қалыптастыру; оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, сана -сезімін дамыту; ата -ана мен балалардың өзара сыйласымдылығын арттыру, баланы ата-анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: бейнематериалдар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, сұрақтар жазылған қағаздар, ата-аналар мен оқушылардың тақырыпқа сай шығарылған үнқағазы.

Барысы.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Армысыздар, құрметті ата-аналар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен бірлесе отырып «Ұлың ер жетті, қызың бой жетті» атты тәрбие сағатын өткізбекшіміз. Ата - ана баласының қашанда жақсы адам, білімді маман болғаның қалайды. Осы мақсаттан шығу үшін ата-аналарың барлық өмірін, балалар, сендерге арнайды. Олай болса әр бала ата - ананың еңбегін әр бала бағалай білуге тиіс. Сендер деп түн ұйқысын төрт бөлген аналарың, жанын салып аянбай табанынан таусылып еңбек етіп жүрген әкелеріңді құрметтеу әр баланың өмірлік ұстанымы болуы тиіс. Мына отырған бойжетіп келе жатқан қыздар мен ер жеткен ұлдар келешек ата-аналарының орнын басатын тәуелсіз елдің азаматысыңдар!

Олай болса ел болашағы жастар, сендердің қолдарыңда.сендердің әрбір табысың, жақсылығың, саналы болуың - ата -ана үшін биік мәртебе, үлкен қуаныш. Осыны әрдайым естен шығармағандарың абзал.

1-жүргізуші: Осынау іс-шараға

Келіпсіздер жиылып.

Сәлем бердік сіздерге

Біз де міне иіліп!


Ұлың өсіп келеді,

Ата-ананың үміті.

Тәрбиелеп келесіз

Ел қорғайтын жігітті!


2-жүргізуші: Қыз бой жетіп келеді

Шуақ шашып әр үйге.

Гүлдей жайнап өссінші

Сыйлы болып бәріне!


Ата-ананың жүрегі

«Бала» деп қана соғады.

Баласы жақсы адамның

Басына бақыт қонады.


1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, тәрбие сағатына дайындық барысында сіздерге бірнеше тақырыптар бойынша дайындалып келу тапсырылған. Олай болса алдымен осы тақырыптар бойынша өз ойларыңызды ортаға салуға шақырамыз. Берілген тақырыптар мынадай болатын.

1. Бала тәрбиелеуде ата - аналардың күнделікті білімін жетілдіріп отырудың қандай жолдарын ұсына аласыз?

2. «Ата - аналар әрбір ісімен балаларына үлгі болуы керек» дегенді қалай түсңндіруге болады?

3. Бала тәрбиелеуде озық іс - тәжірибеңізді ортаға салып, қандай ақыл кеңес айта аласыз?

2-жүргізуші: 

1-жүргізуші: Пікірсайыс кезегін

Берейік ата-анаға.

Кімнің ойы дұрысын

Зерделесін бала да!

Кімнің сөзі келісті,

Аналар пікір бөліссін,

Тақырып – болсын тәрбие,

Ой қозғалсын жемісті!

Келесі кезекті осы көрініс бойынша ата-аналардың ой-пікіріне береміз.

(Әркім өз ойларын ортаға салып қортынды жасайды).

2-жүргізуші: Баланың ойы ұшқыр-ақ,

Тұрады олар жалындап.

Көрініс жайлы ой қозғап,

Талассын пікір арындап!


Ата-анаға көмекші

Бала ойын тыңдайық.

Ерік беріп оларға,

Өмірге мынау шыңдайық!

Келесі кезекті оқушылар пікіріне береміз. (Әр оқушы «Кемшілік кімнен?» атты көрніс бойынша өз ойларын ортаға салады).

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен сыныптастар, ендігі кезекте «Ананың ақысы» атты бейнефильм көрсетіліп, осы фильм туралы ой қозғалады. (Ата – аналар мен оқушылар фильмнің мазмұны бойынша қазақы дәстүрге жат «Қарттар үйіне» апарылған ананың ақысы туралы пікір білдірді).

2-жүргізуші: Ендігі кезекті ата-анаар шығармашылығына береміз. Ата-аналар балаларына деген ыстық ықыластарын өлеңмен, өнермен жеткізеді.

Ақын ананың балаларға арнауы

Жақсы болса балалар,

Қуанамыз әрдайым.

Жүректен шыққан сендерге

Осы бір сөзді арнайын


Балам – өмір гүлімсің,

Жарық сәуле күнімсің!

Сендер үшін ата-анаң

Бірі – бәйтерек, бірі – шың!


Сендер, балам, өмірім,

Сөйлейін бүгін төгіліп.

Ұл-қызым жетіп қалды деп

Алаңдайды көңілім!


«Бауыр етім - балам» деп

Өмір сүріп келеміз.

«Үміттерді ақтайды» деп

Сендерге біз сенеміз!


Өнер, білім үйреніп,

Шыңына өмір шығыңдар.

Ата-ананы қуантып,

Мақтаны болып тұрыңдар!

1-жүргізуші: Ата-анама қарызбын

Маған өмір сыйлаған.

Бала қамын ойлаған

Бар ма сіздей сыйлы адам?!


«Бала, бала, бала» деп

Бар өмірін арнаған.

Жанұясы жарасқан

Бар ма сіздей арлы адам?!


Балалардың ата-анаға деген ыстық ілтипатына назар аударыңыздар.

1-оқушы: Айналайын әкем менің, қорғаным,

Сіз арқылы бақытты өмір орнады.

Сіз арқылы аман-есен ержетіп,

Сіз арқылы білімді адам болғаным.


Жақсы болу – бізге міндет, түсінем,

Үлгі аламыз әкелердің ісінен.

Алғысымыз арналады сіздерге

Балаларын әлпештеп-ақ өсірген!


Сіздер барда бақыттымыз әрдайым,

Өміріңді, тағдырыңды жалғайық.

Ұстаздардан білім алып өркендеп,

Қияларға қанат қағып самғайық.


2-оқушы: Ақын жаны аналарды жырлаған,

Жаным ана жарқын өмір сыйлаған.

Аналарға бас иеміз бәріміз

Бар өмірін баласына арнаған.


Жаным ана, жаутаңдаған жанарың,

Тыным таппай жеткіздің-ау баланы!

«Әжімденіп ақ жүзің де қалған ба?»

Деп ойлана мен анама қарадым.


Балалардан аямадың барыңды,

Аналары әркімге қадірлі.

Артық адам жоқ қой сірә өзіңнен,

Қөңілі кең, жүрегі жұмсақ, жаны ізгі.


3-оқушы: Жаным әке, бәйтерегім саялы,

Тамырланып жапырағын жаяды.

Өзің барда еркелеймін өмірге,

Арқасында алақаныңның аялы.


Арқа сүйер асқар тауым – әкемсің,

Саған балаң бақыт ылғи әкелсін.

Еңбек еткен бала үшін аянбай,

Аман жүрші, айналайын әкешім!


Жаным әке, сен мен үшін пірімсің,

Айтылатын әсем әуен, жырымсың.

Өзің барда қысылмаймын қашанда,

Мейірімді, шуағымсың, күнімсің!


4-оқушы: Ата-ана, бақытымсың, барымсың,

Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың.

Жалғасындай ата-ананың балалар

Жақсы атымен бар әлемге танылсын!


Ұлың өсіп ержетті жігіт болып,

Қызың өсіп бой жетті үміт болып.

Мың алғыс ата-анаға біз арнаймыз,

Өнерлі боп өстік біз ақыл толып.


Жыр жайнап, ой қозғадық кең көлемде,

Балаларың бейім ғой әр өнерге.

Бас иіп ата-анаға алғыс айтып,

Қосамыз біз сіздерді енді өлеңге.


Ата – аналарға арналған «Бір бәйтерек, бір шынар» әні орындалады.

2-жүргізуші: Келесі кезекте оқушылар дайындаған сахналық қойылымдар мен концерттік бағдарламаны тамашалайсыздар.

(Оқушылар күшімен дайындалған шағын қойылымдап мен ән, би, күй өнері көрсетілді).

Мұғалімнің сөзі: Қымбатты ата-аналар мен оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатында көптеген мазмұнды пікірлер, тәрбиелік мәні бар озық іс-тәжірибелер ортаға салынды. Ата-анаға да, балаларға да қажетті, тартымды ойлар айтылып, нақты қортындылар жасалды. Тәрбие сағатына жоғары дайындықпен келген ата-аналарға алғыс айтамыз. Еңбектеріңіз жанып балаларыңыз биіктен көрінсін!

Оқушылар, сендер айтылған әрбір ақыл-кеңестерден өмірге қажетті тұжырымдарды ойға тоқып, еліміздің білімді де білікті маманы болыңдар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
1578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі