«Ұлыс
оң болсын!» ертеңгілігі
Мақсаты:
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің
ерекшелігімен таныстыру. Наурыз меремесі
туралы түсінік беру. Балалардың ойлау
қабілетін дамыту. Мерекелік көңілдерін
көтеру. Туған елге деген сүйіспенші-лікпен
бірге салт-дәстүрді құрметтеуге,
үлкендерді және бірін-бірі сыйлуға
тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге
келген қонақтар! Қош келдіңіздер! Ұлыстың
ұлы күні-Наурыз құтты болсын !
Бүгінгі
ертеңгілігіміз мектеппен байланыс
аясында өтпекші және бірнеше кезеңдерден
тұрады.
Алихан:Күттіріп
келген жыл басы,
Бізбен
бірге жырлашы.
Елімнің
дастарханына
Береке,
ырыс сыйлашы.
Ата-бабам
тойлаған
Наурызым
армысың!
Келе
жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз
мұны біз.
Жас
балаша нұрланып,
Жадырасып
бәріміз.
Күннің
жаңа нұры бар,
Мұның
ғажапсыры бар.
Халық
сүйген мейрамды
Қарсы
алайық Наурызды!
Дінмұхамед:Ау,
халайық, бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз
мерекесі. 22-наурыз күн мен
түннің теңелер мезгілі. Бұл шақта жер
жүзі көгеріп, тіршілік атаулыға
жан бітіп жасарып жаңаратын шақ.
Міне, ғасырлар бойы атадан балаға
мұра болып келе жатқан дәстүрлі
осы Наурыз тойы бүгін есігімізді ашып
отыр.
Мерей:
Наурыз келсе, құт келгені халайық.
Шашу
шашып қол соғып қарсы алайық!
Жүргізуші:
Қадірлі ағайын,біз бүгін мерекелік
ертеңгілігіміз сайыс түрінде
өтіледі. Әділқазылар алқасын
сайлайық.
Балабақша
әдіскері: С.Э.Бопылова
№17 орта мектеп
мұғалімі: А.Төленова
Балабақша
тәрбиешісі: Н.Довлетбаева
Жүргізуші:
Бүлдіршіндер екі топқа бөлінеді.
«Мектеп» тобы және
«Балабақша»
тобы. Осы екі топты қошеметпен қарсы
алайық.
Осы
екі топ бүгін мынандай сайыстар бойынша
сынға түседі.
1.
Ұлттық киімдер.
2.
Салт – дәстүр көрсету.
3.
Өз өнерлерін көрсету (өлең, ән, би)
4.
Ұлттық ойындар.
5.
Бата беру.
Жүргізуші:Алғашқы
кезеңімізді бастаймыз. Әрбір топ
дайындаған ұлттық киімдерін ортаға
шығарады.
Бауырласқан
тәнтіміз,
Бұзылмаған
салтымыз.
Өзге
ұлттай біздің де
Бар
дәстүр мен салтымыз,-дей отырып келесі
кезеңді салт -
дәстүрімізді
бастайық!
Тұсау
кесу, Бесікке бөлу, Беташар, т.б
Жүргізуші:
Алқа қотан той-думан,
Ортамызды
ашайық,
Ән
мен күйді төгілтіп,
Інжу-маржан
шашайық!
Жиналған
халық таң қалсын,
Өнерден
күмбез жасайық!- деп екі топ мүшелері
өнер көрсету.
Мадияр:
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар
халайық!
Наурыз
тойын жұп жазбай,
Жылды
қарсы алайық
Нұр:
Сен ең көне жырысың санамыздың,
Рухи
шаттығымсың тасып толған.
Сені
тойлап бабасы бабамыздың,
Әжемнің
әжесіне ғашық болған.
Қазақ
биі: « Қамажай» Мидея, Құралай, Макпал,
Жадыра
Зқлқарнай:Береке
бірлік болсын деп,
Би
билейік жаңаша.
Күшейтіп
бірлік,білімді,
Ән
айтайық тамаша.
Асылбек:Ұлыс
күні қазан толса,
Ол
жылы ақ мол болар.
Ұлы
кісіден бата алса,
Сонда
олжалы ол болар
Уәзипа:
Ән қосылсын әніңе
Сән
қосылсын сәніңе
Ырысты
болып жаңа жыл,
Бақ
дарысын бәріңе
Нияз:
Ой қосылсын ойыңа
Бой
қосылсын бойыңа
Аман
есен жетейік
Келер
Наурыз тойына!
«Мектеп»
тобы: «Дастархан» әні.
«Балабақша
тобы: «Наурыз» әні.
Жүргізуші:Келесі
кезеңімізде екі топ белгілі бір ұлттық
ойынды көрініс
етіп қояды.
1)
Арқан тарту
2)
Орамал тастау
Жүргізуші:
Уа, ағайын!!
Наурыз
–бабамның сөзі,
Наурыз
– анамның сөзі
Ғасырдан
ғасырға жеткен даламның сөзі,- демекші
әр топтан бата сұрайық. Барлық
кезеңнің тапсырмаларын сәйкесінше
орындадық
деп ойлаймыз ендеше әділ
– қазылардың бағасын білейік.
Наурыз
бата:
Ұлысың
оң болсын,
Ақ
мол болсын,
Қайда
барса да жол болсын!
Ұлыс
бақты болсын,
Төрт
түлік ақты болсын!
Ұлыс
береке берсін,
Бәле
– жала жерге енсін!
Ұлы
халқым тоқ болсын,
Көйлектерің
көк болсын!
Қайғы
уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың
көп болсын «Әумин»