Материалдар / "Ұлыстың ұлы күні."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлыстың ұлы күні."

Материал туралы қысқаша түсінік
іс тәжірибе бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2020
485
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұлыстың ұлы күні»


Залға шашу шашып әже немерелерімен кіреді.

- Уа халайық, халайық

- Мұнда назар салайық

- Наурыз тойын тойлайық

- Той шашуын шашайық


Шашу, шашу - деп ата-аналарға шашу шашады да немерелерімен көрпешелерге жалғасады.


Зарина: Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады


Айдос: Шуақ болып төгілер

Жерге дән боп егілер

Наурыз айын күтуде

Кіп-кішкентай сәбилер


Анель: Наурыз тойы береке

Наурыз тойы жыр аңыз

Қызық дулы мереке

Қызық думан құрамыз

Диана: Күреп алтын күрекпен

Қарды еріткен Наурыз

Жатыр көктем түлетіп

Бүрлеп бақша бауымыз.


Темірлан: Тақпақ айтам жыл басы

Құлағын сап тыңдашы

Бар бөбекке өзімдей

Тыныш өмір сыйлашы


Диляра: Сүйіншілеп шабайын

Қанат қақсын бала жыр

Құтты болсын ағайын

Ұлыс күні- жаңа жыл

Би: «Жалқаубек»


Сейсен ата: Осы ауылдың жастары үй жағалап наурыз мерекесімен құттықтап жүр дейді. Әне өздері де келе жатыр.

Әже: Қол соғып ауыл жастарын қарсы алайық

-Ұлыс оң болсын!

-Ақ мол болсын!

-Мереке құтты болсын!

Әже: Қош келдіңдер шырақтарым.Төрге шығыңдар.Өнерлеріңді ортаға салыңдар.


Динара: Наурызбен қауышамыз жылда біз

Сұрамаймыз алғыста ақы да біз

Кең дастархан даламыз сағынамыз

Ұлы мейрам Наурызға ән-шашуын шашамыз

Ән: «Наурыз той»

Бәрекелді жарайсыңдар

-Біздер басқа үйлерге де барып Наурыз тойымен құттықтауымыз керек еді. Сау болыңыздар.

Әже: Сау болыңыздар.Өнерлерің өркендей берсін.


Жадыра: Қош келдің жаңа жылым

Қош келдің жаңа күнім

Айқара құшақ ашып

Қарсы алды дала бүгін


Мирлан: Наурыз жырын жырлаймыз

Онымен де тұрмаймыз

Шыңдалып жеткен бұл күнге

Ел дәстүрін сыйлаймыз


Ақбаян: Бүгін күн-түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Соны тойлар ел енді


Әділ: Наурыз тойы салтымыз

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егілді


Ән: «Көбелек»


Ақтілек: Наурыз тойы туғанда

Той болушы еді бұл маңда

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға


Мадина: Ән айтылды күн бойы

Бұл мереке бізге ойын

Көжесі көп,шелпегі көп

Жақсы көрем Наурыз тойын


Карина: Қуаныш бүгін мереке

Шуағын шашып тұр әлем

Наурызға келген қонақтар

Біздерден сізге мың сәлем


Рустам: Наурыз келді тамаша

Ән айтамыз таласа

Атам, әжем той тойлап

Қуанып жүр балаша

Ән: «Әже»


Назира: Салтымен ата бабаның

Жаңғырды қайта заманым

Жаңа жыл басы бұл Наурыз

Қайырлы болсын қадамың


Әлішер: Наурыз мерекесі құт береке әкелсін

Наурыз парасат мерекесі

Наурыз тойы елдің тойы

Көктем тойы төлдің тойы


Камила: Көктем келді құс келді

Ойнаймыз біз би билеп

Біздің көлге құс келді

Былтыр кеткен қаз, үйрек.

Би: «Айгөлек»

Айтыс: Шынар, Мақсат-Наурыз айтысы


Ән: «Би билегім келеді»

Дина әже: Ал атасы осы жас кезіміздегі ойнайтын ұлттық ойындардың біреуін мына немерелерге үйретіп жіберіңізші.


Шал: Осы бала кезімде «Ханталапай» ойынын жақсы көруші едім, қазір ойнатып жіберейін.

-Ал балақай, балақай

Кел, ойнайық алақай

Қызыл асықты кім алса

Хан болады сол бала-деп «Ханталапай» ойынын балаларға ойнатады.

Әже: Уа халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Наурыз тойын тойлайық

Той шашуын шашайық! (шашу)


Адал астан бұйырған

Дәм татсын ел жиылған

Бидай салдым көжеге

Мол болсын деп биыл нан.


Тары, күріш тұзы бар

Ақ дәмі және еті бар

Келген риза кеткен тоқ

Осы дәмнен татсын кеп


Үлкен кісі бата береді.

Асқа адалдық берсін

Басқа амандық берсін

Отбасына ырыс құт береке берсін

Халқымызға тыныштық берсін

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Әумин!


Балаларға бауырсақ көже беріледі.


Дана: Жаңа жыл келе берсін

Мерейін төге берсін

Наурыз құтты болсын


Залға немерелерін жетектеп көрші ауылдан шал мен кемпір келеді.

-Мереке құтты болсын

-Той тойға ұлассын.

Бір-бірімен амандасады. Төрге жайғасады. Мал-жан сұрасады.

Әже: Ала қоржынын арқалап көрші ауылдан Сейсен аталарың мен әжелерің немерелерімен келіп қалған екен.Наурыз тойын бастап ән-жырымызды төгейік.

Шал-кемпір: Дұрыс, дұрыс.

Саламат: Өлең өрлеп жыр самғап

Үйлесті әсем сәніміз

Болады екен жыл сондай

Қандай болса Наурыз


Гүлназ: Әнімде саған, биім де

Құт қонақ, өзің үйімде

Қуаныш сыйлап еліме

Күлімде Наурыз күлімде


Ән: «Наурыз»

Залға «Наурыз» кіреді.

Мен Наурызбын,Наурызбын

Жүректерге нұр сепкен

Алып келдім жер бетіне

Ұлыс күн мен көктемді.

Әже: Төрлет Наурыз қош келдің.


Би: «Өзбек биі»

Айда: Жас қосатын жасыңа

Жыл басы бұл Наурыз

Әр кіргізген басыңа

Бал татыған сары уыз


Айару: Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық

Думандатып бақшамды

Наурыз тойын тойлайық


Нұрдаулет: Күн ғой бүгін жарылған

Ақ түйенің қарыны

Ақ дастархан жайылған

Лаулап ошақ жалыны


Ән: «Төлдер»

Жүргізуші: Ата-аналар келгендеріңізге көк-көп рахмет.

Мерекелеріңіз құтты болсын!
































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!