400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлыстың ұлы күні!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана – жүрек, жүректі құдыретте, Ана – тірек, тіректі құрметте. Ана – шыңың шыңыңа сағынып жет Ана – күнің, күніңе табынып өт.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армысың ару- нұр көктем!

1-Жүргізуші: Армысыздар ата- аналар, ұстаздар және оқушылар! Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Өмірдің ащы тұщысын көріп,ысыла білген, тұяғы тасқа салсакетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген. Міне жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін « 8 – наурыз мейрамы құтты болсын! ». Осы жерде отырған барлық әйел адамдарына отбасына береке, бірлік тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!

2-Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып әнші құстарды сайратып Наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні келді.Той құтты болсын.Ұлыс оң болсын. Уа халайық , халайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке , бұл тойдың

Шашуларын шашайық.

(наурыз шашуы шашылады)

1-Жүргізуші:Қымбатты ұстаздар ,қонақтар, аналар!

Ана барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.Ана ұлы адам, ана құдіретті жан ендеше «Армысың ару-нұр көктем» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ана мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық-деп

2-Жүргізуші: Ендеше өздерінің бір шумақ өлеңіммен барлық аналарды, қыздарды,ұстаздарды құттықтауға келген кішкентай інілерімізді ортаға шақырамыз!(тақпақтарын оқиды)

1-Жүргізуші: Келесі кезекте мына жерде отырған біздің кішкентай бүлдішіндерімізбен сұхбат жүргізсек.

1)Анаңның сүйікті тағамы?

2)Сен үшін ең әдемі кім?

3) Анаңның сүйікті түсі?

4) Анаңның жақсы көретін киносы?

5) Анаңның сүйікті көйлегі?

6)Анаң үйде сені қалай еркелетеді?

7)Анаң саған ұрсама

8) Анаң қандай тамақ пісіргенді ұнатады

9) Сенің анаң қандай?

10) Анаңа өскенде қандай сыйлық сыйлағың келеді

11) Ана туралы қандай мақал білесің

12) «Күнім жаным дегенді

« Құлыншағым» дегенді

«Қошақаным» дегенді

«Айналайын» дегенді

Ойлап тапқан кім екен

(Балалар бірге- АНАЛАР)

Ендеше бүлдіршіндер аналарымызға арналған сыйлығымызды ұсынайық.

2-Жүргізуші: жанұяның жылуын суытпай тал бесікті тербей отырып , тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құрметіне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

1-Жүргізуші: Расында да адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы ең алдымен балаға ананың ақ сүтінен ана жүрегінің жылуынан дарыған.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

Ендеше аналарымызбен бірге «Балам бақытым –болашағым» мерекелік ойынына кезек берейік .

Әр сынып бойынша бір анадан шақырайық

Мына жерде тұрған гүлдерді алуларыңыз сұралады.Бұл гүлдердің ішінде сұрақтар бар сол сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.

1.Балаңыздың оқуына көп көңіл бөлесіз бе?

2.Балаңыз отбасында ашық- жарқын өз ойын толық айта білеме

3.Балаңыздың ең алғаш айтқан сөзін есіңізге түсіріңіз

4. Өз балаңызды қалай мақтайсыз?

5. Балаңыздың сізге ең алғаш берген көмегі қандай?

Аналарымызға рахметімізді айтамыз!

1-Жүргізуші:

Ана – жүрек, жүректі құдыретте,

Ана – тірек, тіректі құрметте.

Ана – шыңың шыңыңа сағынып жет

Ана – күнің, күніңе табынып өт.

2-Жүргізуші: Аналарымызға арналған ойынға кезек берейік

Әр сынып бойынша бір анадан шақырайық

Ойын тақырыбы «Пантамимо».Яғни сіз өзіңіздің іс әрекетіңіз арқылы мына жерде тұрған суреттерді көрермендерге түсіндіру

Хор – Құттықтаймын мама туған күніңмен әнімен ортамызға бүлдіршіндерімізді ортамызға шақырамыз



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі