Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күршім ауданы
Оң жақ Қалжыр ауылы бастауыш мектеп.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ»
ӨТКІЗГЕН: бастауыш сынып мұғалімі
Наурызбаева Анар Қанағатқызы.
Өтілген сыныбы:3 «П»сынып.
Оң жақ Қалжыр ауылы
2016 -2017 ОҚУ ЖЫЛЫ
Айбарша апа немересі мен келіп дастарханға жайғасады.-Апа, бізге ертегі айтып беріңізші,-деп немерелері өтінеді.-Ал,ендеше ,тыңдаңдар.мен сендерге:«Ғажайып қызғалдақ» туралы ертегі айтып берейін .Ертеде, өте ертеде,Наурыз мерекесі қарсаңында осы мерекенің символы болып саналатын ғажайып Қызғалдақ гүл ашады екен. Содан кейін ғана басқа гүлдер гүлін жарып ,құстар бар даусымен сайрап, барлық жан біткен үшін Жаңа күн, Жаңа жыл басталады болған. . Бірде бір қара ниет Құйын Наурыз мерекесіне кедергі келтіргісі келіп, Қызғалдақты ұрлап кетеді. Бүкіл жер- әлемді қара түнек басады... .Қызғалдақты Құйын ұрлап кеткенін білген бес дос –бес батыр оны іздеуге шығады. .Олар ақылы асқан Кәбира апаға келіп қара ниет Құйынның патшалығын , қайдан іздеуге болатыннын сұрайды. -Балалар, өздеріңмен бірге мына Қаңбақты ала кетіңдер. Жолды сендерге сол көрсетеді Батырлар ұзақ жол жүреді. Бір күні Қаңбақ оларды Құйын патшалығының шекарасында тұратын/ Мыстан кемпірге алып келеді/.Мыстан кемпір батырларды алдап,Қаңбақтарын алып қояды.Батырлар Қаңбақты қайтарып бер,- дейді. Сол кезде Мыстан кемпір:-Мен сендерге Үш жұмбақ жасырам, соны тапсаңдар ғана ары өтесіңдер,-дейді. -Барлық тілде сөйлей алатын кім? -Жұмулы көздің арғы жағынан ненгі көруге болды?-Суда пайда болады , бірақ судан қорқады. /-Батырлар-Оп-оңай ғой! Олар –жаңғырық,түс, тұз. /Мыстан кемпір батырларды өткізеді. Қара ниет Құйын батырлардың қаһарларынан қорқып, өзі ұрлап кеткен ғажайып Қызғалдақты қайтарып беріпті . Әрбір ертегіде жамандықты, жақсылық жеңетіні қандай жақсы! Айбарша апа, ал енді мектепке барайық Наурыз болғайы жатыр деп, немерелерін алып шығып кетеді.
1-жүргізуші:Қараңдаршы, қандай әдемі, көрікті! Осы ғажайып күн бізге күлімдеп, куаныш сыйлап тұрғандай ! Мен үшін бүгін ерекше күн. Бүгін менің сиқырлы таяғым тамаша таңғажайыпты көрсетер ме екен?! Кәне , сиқырлы таяғым, маған қандай қызмет көрсетесің?( Сол кезде шар жарылып,музыка ойналып , сол жақтан жүргізуші келеді.)2-жүргізуші: Армысыз кішкентай сиқыршы! 1-жүргізуші: Сәлеметсің бе! Мен сізді танымадым? Мен өзі қайда тұрмын? 2-жүргізуші:Кішкентай сиқыршы, сіз Құмаш. Нұрғалиев атындағы гимназияда тұрсыз. Бүгін біздің мектебімізде ерекше той- думан өткелі жатыр . «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз!» мерекесін атап өтпекші.Келіңіз , кішкентай сиқыршы біздің балалардың өнерін бірге тамашалап , Наурыз көжемізден дәмтатыңыз. 1-жүргізуші:Рахмет, сізге.Мен де сізге көмектесіп тұрсам бола ма? 2-жүргізуші:әрине ,болады. Әзірше балалардың арасында бола тұрыңыз.Қазір маған Дәулет көмектеседі. Содан кейін мен шақырамын 1- жүргізуші::Дана сен білесің бе,Ұлыстың ұлы күн әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе-наздары болса, бәрін кешіріп, бірін-бірі мейман етеді. Сыйласым үстінде әрбір тойшыға лайықты сыбаға беріліп, сый-сияпаттын жаңаша түрлері көрсетіледі 2-жүргізуші:Иә әрине,Дәулет Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы-Наурыз көже . Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады . Оның мәні жаңа жылда тоқшылық, молшылық, мәнді де, дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. 1-жүргізуші:Жәнеде Наурыз айында жер – ана босансып көк шыға бастағанда «Наурыз тал»егеді. 2-жүргізуші:Наурыз айы –ақ мол болатын, елдің аузы аққа толатын берекелі ай,-депайтсақ артық болмайды.Ендеше»Ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастайық
1-жүргізуші:Қымбатты ұстаздар, аяулы
ата-аналар, сүйікті шәкірттер!Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді
ел болған. Тәуелсіз тұлпардай етек- жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа
жетіп жатқан шақта тойларыңызға тағы .келе жатқан Наурыз мерекесі
баршамызға құтты болсын! Көктем мен жаңа күн мерекесі – наурызды
кеңінен атап өту дәстүрі бүгінде қайта оралды. Игіліктің,
жаңару мен жақсылықтың бастауы болып саналатын бұл халықтық
мерекеге қазір үлкен мән берілуде, өнер мен еңбектің өрлеу
жағдайында атап өтілуде. Тамыры терең, дәстүрі жаңарған мейрамның
біз үшін маңызы өте зор. 2-жүргізуші::
Наурыз туын көтеріп, жар
салайық
Жер шуаққа кенелді,
Наурыз тойы – салтымыз,
«Көгерсін» деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Жарқырап тұр күніміз,
Жайқалсын жас гүліміз,
Бақта бұлбұл сайрасын.
Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасын 2-жүргізуші :Көктем келді сағынған, Көктем
билеп келеді« Қазақ биі»- орындайтын қыздар
тобы.
Балалар :Сүйінші! Сүйінші! Қыдыр ата
келе жатыр, Қыдыр ата!Қуаныңдар!Қуаныңдар! Қыдыр ата келді! Қыдыр
ата! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
1-жүргізуші-Ассалаум уалейкүм, Қыдыр ата!
Төрлетіңіз. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы
ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар»
---Қыдыр ата ,оқушыларға ақ
батаңызды беріңіз. Қыдыр ата кіреді.
Қыдыр
ата:
Ассалаум уағалейкүм, халқым менің!
Ұлыстың ұлы күні шаттан елім!
Қол жайып алдарыңа келіп тұрмын
Қабыл ал жаратқаным батамды менің!
Ниеттерің ақболсын!
Бастарыңа бақ қонсын!
Тыныш болсын еліміз!
Гүл жайнасын жеріміз!
Әумин! 2-жүргізуші:Бірге болсын! Қыдыр ата,
біздің балаларға әкелеген қандай сыйлығыңыз
бар? Қыдыр
ата:Наурыз тойы құтты болсын!•
Төрт түлік ақты болсын! Қайда барсақ жол болсын,Ұлыс береке
берсін.(Дорбасынан теңгелерін алады
).Ал ендеше «Теңге алу.»
ойынын ойнайық.Ал, менің қасыма үш бала
шықсын. Кәне, кім, батыл. 1-жүргізуші:-Мен қазақпын, еркіндікті
сүйе-тұғын. Күннің нұрын бәр әлемге сыйлай-тұғын. Еркіндікпен
тәуелсіздік алып келген, Биіктерге самғайтұғын қыранымын. –Қыдыр
ата, рұқсатетсеңіз ойынды мен бастайын , достарым мені
қостайды.(ағаш атқа мінген балалар теңге алу ойынын
ойнайды. 2-жүргізуші:
Әже деген көп шығар,
Әжемдейменің жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі.
Ән «Әже»орындайтын Мадина.мен Асылай.қабыл
алыңыздар 1-жүргізуші:Ақылы бар баласың, Айтқан
тілді аласың. Намысты болып өссең сен, Нағыз адам боласың.:«Бақытты
бала». Дамираның әнін тамашалаңыздар..
2-жүргізуші:Біздер бұрын көрмеген,
Үйреннеміз дәріптеп. Салт-дәстүрін білмеген. Заманымда
өрлеген. 1-көрініс:«Шілдехана»
Шілдехана өмірге адам
келгенің, оған қуанудың бір белгісі..
1-жүргізуші:Сен келді деп өмірге, Қуануы
қауымның, Шырақ жағып көңілге, Тегін емес
тегінде.«Сүйінші» Қазақ халқының
дәстүрінің бірі «Сүйінші» . Жас нәресте дүние келгенде қуанышты
хабар болғанда , туған –туыс , дос-жаран бір-бірінен сүйінші
тілеп,Сыйлық алып мәз-мейрам болып жатқан.
Қыз
бала:Сүйінші әже сүйінші! Бөпе
келді дүниеге. Сүйінші ата сүйінші! Батыр келді бұл
өмірге. Әжесі:Дүниеге келген жас нәрестеге
ата-аналары үш күннен қалдырмай ат қою дәстүрін жасайды. «Ат қою»
Құдағиға ұсындым, Ат қоярын баланың.
Құдағи :Азамат боп өс балам, Мақтан
тұтар ата-анаң,- деп баланың құлағына «Азамат» деп үш рет
айтады. 2-көрініс.
Бесік тойы Бесікке
бөлеу.рәсімі. 3-жүргізуші:Жаңа дүниеге келген
нәрестені қырқынан шыққан соң бесікке бөлейді «.Бесік» қасиетті,
киелі мүлік, сәбидің алтын ұясы болып
есептеледі. (Үйдің ішінде дастархан
жаюлы. Қыз-келіншектер кәде-жораларын,
шашуларыналыпкеліпжатыр)
Кұда-құдағилар:
-Амансыздар ма?, Сәлеметсіздер
ме? Сәбидің бауы берік болсын! Үйдегілер:
- Амансыздар ма?
Құда-құдағилар.Төрлетіңдер,
төрлетіңдер!(Дастархан басындағы
әңгіме: Қыз
бала: - Апа, баланы неге бесікке
салатын болдыңыздар? Апасы: - Қызым, саудың асын ішіп,
жындының сөзін сөйлегенді қашан қоясыңдар, осы? Бесік деген
қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып
есептеледі. Құдағи: - Бесіктуралымынадайәфсана
бар. Ертеде жоңғарларшапқыншылығынансоңтоз-тозболған ел тау
жаққақарайбосып, үдерекөшкендеаяғыауыржаскеліншек бос
бесіктіарқалап бара жатқанкөрінеді.
СондаТөлебименқатаркележатқанкісі:
"Мынабейшараныңкөрпе-жастығынтастап, бос
бесіктіарқалапкележатқаны-ай!" - дегенде, Төлеби: "Баланыңбесігі -
кеңдүниеніңесігіғой", -деген екен. Кыз бала:
- «Бесікке салған бала өспейді,
оның бойында қан жүгірмейді, аяқ-қолы қисық болады» -дейді
ғой. Әжесі:
- Тек /жекіп/, оның бәрі бекер
айтылып жүрген әңгіме. Бесікке баланы қазақ,ешқашан да күндіз-түні
матап байлап тастамаған. Бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу,
қол-аяғы түзу, ширақ болады. Апасы :
-Қой, баланыбесіккесалайық.
Баланы алғашқыбөлеуұрпақөсірген,
үбірлі-шүбірліқадірменәйелгетапсырылатынырым бар. Ендеше, Жамалапа,
сізкөптікөрген, ұлынұяға,
қызынқияғақондырғанқадірмендіөнегелітәтесіз.
Бесіккесізсалыңызбаланы.
Сіздіңжолыңыздыберсінмынаотырғанжасқыз-келіншектерге.
Көрші
апа: - жақсы, баланы шомылдырып
болыңдар онда.Апасымен анасы кетеді,
баланы шомылдырып, өс-өс жасайды:
Анасы:.Өс-өс!(балдырғанның қол-аяғын
созу)Өс-өс, балам, өсе бер,
Батыр бол – балуан білекті,
Батыл бол – таймас жүректі.
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық.
Етті болсын балтыры. Көрші
апа:Алқане, бесікті әкел. Бесік –
өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде ардақ
тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал.
Қыз
бала:-Апа, мына бесік тесік
қой. Көрші
апа: ол әдейі жасалған тесік. Бұл
тесік балаға тазалық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Алдымен тыштырма
жасайық. /тыштырма ырымы - түбектің
тесігінен» тышты ма» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға
үлестіреді./Бұлжаснәрестеніңішкіағзаларыауырмасындегендік.Ендібесіккертпедеген
бар. Бесіккертпе –
отқатабынудәуіріненқалғанырым. / шымшуырды отқа қыздырып,
сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кетеді. Оттан жын-шайтан,
дерт-дербезе қашады-мыс. Бұл алаумен аластаудың бір
түрі./ Осыдан кейін отпен
аластайды, баланы бөлейді. - Енді бесікті
аластайық.Бесікті
аластау : Алас, алас, баладан
алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Ұйықтап дем алсын,
Қунап оянсын!Көрші апа: ал енді бесікке
бөлейік. Қыз
бала: мыналарды қарашы.
Кіп-кішкентай көрпелер. Қандай әдемі!
Көрші
апа:Бесіктің жабдықтарын барынша
әдемілеп жасаған. Апасы: Бесіктің басына үкі тағады.
Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кез-ден бастап
үйренуі керек. Бесік - баланың жылы
ұясы.Бесікке
бөлеу:
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға батағой
Анасы шешіп алсын,
Ұйқысы бесікте қалсын.
Балам бесіктен шықсын,
Пәлесі есіктен шықсын. Әжесі:Ал, Жамал, мынау сенің
сыйың. /Жамал апаға және оның
көмекшілеріне көйлек-жабдық сияқты сый
тартылады. Әжесі:Ал енді бата берейік:
Көтерейік білекті, Нұрға бөлеп жүректі. Бөбекке бата берейік,
Өнер-білімге икемді болсын, Бәйтеректей бойшаңданып, Жақсы жолды
таңдасын, Қырандай биік. Әумин! Апасы
: - Ал енді, қызым бесік жырыңды
айтып, сәбиіңді ұйықтатағой 1-жүргізуші;Бізді құттықтағанға корея
еліненде қонақтар келіп қалыпты (бұлақтың мөлдір суын
әкеледі.) Корея қыздары
шығады: -Су тазалық пен тіршіліктің
белгісі.»Бұлақ көрсең көзін аш» деген сөз бар қазақта.Қазақстаным
гүлдене берсін! :« Корея биі»-қыздар
тобы3 2--жүргізуші:Бәрекелді, көңілімізге гүл
сыйлаған, жарқыратып күн сыйлаған, аманбысың, ару Көктем! Қош
келіпсің! Төрлет, төріміздің сәні бол, Ару
Көктем. Көктем:Армысыңдар, қырмызы
гүлдей,жайнаған менің берекеліелім.Армысыңдар,бала-лар! Тағы келдім
сендерге,наурыз тойын тойлайтын,келіп жеттім елдерге,гүлдер толы
құшағым, құлпырады кең далам.Тіршіліктің бастауы,Гүл көктемі мен
болам! Мына құшағымдағы гүлдерді қызғалдақтай жайнаған қыздарға
әкелдім.(гүлдер таратады) «Гүлдер» биі-орындайтын қыздар
тобы Көктем:Балалар сендердердің билелің
маған ұнады .Енді, ұлтық ойын ойнасақ
қайтеді: Әр сыныптан бір ұл бір ұл,бір қыз ортаға шықсын. «Қыз қуу»
Ал, бастайық. –Бәрекелді! Көктем:-Балалар сендердердің өнерлерің
маған ұнады Енді ата-аналарға арналған
викториналық сұрақтар қойып ойын ойнайық:
1.Наурыз тойы 62 жыл тойланған
жоқ. Бұл қай кезең? 2.Наурыз парсы тілінде қандай мағына береді?
3.Ұлттық ойындарды атаңыз? 4.Жеті атаңызды атаңыз? 5.Ең ұзақ
сақталатын қазақтың ұлттық тағамы? 6.Жеті қазынаға не кіреді?
7Наурызға бата немесе тілек айтыңыз.?
1-бала:Ана деген асқақ ән,
Орындалалар басты арман. Анадай қымбат сыйлықты, Таба алмайсың
ешқашан. Ана деген ақылшың, Анаң барда батырсың. Қасыңда кім
болсада, Тек анаңа жақынсың.Ән:»Асыл ана»-орындайтын
Дәулет Ақмарал(Табақпен сүт,ірімшік,құрт алып
Ақмарал шығады.) -Елімізде ақ мол болсын,
өрісіміз құнарлы шөпке бай болсын.
«Түрік
биі»орындайтын.Ақмарал 2-жүргізуші:Жүзің жылы, құшағың кең,
Ақылшы асыл ұстазым. Сенен түлеп ұшамын мен. Өзіңе менде ұқсармын.
Өзің берген біліміңмен Жеткенше қайрат күш-әлім, Биктерге шығамын
мен, Биктерге самғап ұшамын «Ұстазым» әні:орындайтын
Дана Сиқыршы
қыз:Балалар,біз сендермен
болғанымызға, осындай білімді,өнерлі балалардың ортасына
түскенімізге қуаныштымыз.Енді біз қайтайық уақытымыз таяп
қалды.Алыстағы басқа да балалардың Наурызға арналған ертеңгілігіне
барайық.Сау болыңдар, балалар!Балалар: –Рахмет сиқыршы
қыз. 1-жүргізуші:Құрметті: Ата-аналар ұстаздар,
қонақтар! Наурыз мерекесіне арналған мерекелікертеңгілігіміз осымен
аяқталды. 2-жүргізуші:Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!Ұлыс оң болсын ,Ақ мол болсын.Ұлыс бақты болсын, төрт түлік
ақты болсын.Ұлыс береке берсін, пәле-жала жерге
енсін. Бәрі
:.Наурыз мерекелеріңіз құтты
болсын.!!!Соңында Камал апай:Наурыз келсе, құт келгені халайық,
Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық. Наурызқайтып оралды .
Үй –дастарқан, даламыз,саханамыз. Дастарқанға бәріңізді шақырамыз.
Сіздерді Наурыз көжеден дәм татуға
шақырамыз.
.