«Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. 2. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту. 3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаракөл орта мектебі



Тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз»

Сыныбы: 3 «А»

Дайындаған:Мусина Алия



















2017-2018 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз Күні:17.03.2017
Мақсаты:
1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.
2.
Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту.
3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Наурыз мерекесі туралы қанатты сөздер, ұлттық тағамдардан дастархан әзірленеді.
Үнтаспадан күй, халық әуендері беріліп жатады.
І. Кіріспе сөз: Мұғалім
Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін! Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын!
1 - жүргізуші:
Армысыздар, үлкен - кіші ағайын!
Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.
Бүгін – Жаңғыру мейрамы!
Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!
Ендеше, сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, 2 «В» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші:
Бұл күн – күн мен түннің теңелетін, жан – жануар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Бірге:
Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!
1 - жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.
2 - жүргізуші: Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй - үйді, ауыл - ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен - кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін. Енді оқушыларымыздың өлең шумақтарына кезек берейік. 1 - жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап, - демекші, бүгін бізге қонаққа келген Наурыз қызымыздың ән шашуы бар екен, қабыл алаңыздар.
Ән : «Ана» орындайтын Сидалиева Ақмарал 2 - жүргізуші:
Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.
Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата!
1 – жүргізуші:Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем. (Осы кезде Алдар көсе келеді)
Алдар көсе: Мен Алдармын,Алдармын, Сақалымд талдармын. Сақал түгіл мұрт та жоқ, Шайтанды да алдадым. - О-о-у, мына адамдардың барлығы сәнденіп киініп алыптығой?, Той болып жатқандай. 2 – жүргізуші:- Йә, Алдар аға , дұрыс айтасыз.Бүгін бізде қуанышты күн. «Наурыз» тойын тойлап жатырмыз. Қош келдіңіз! Төрлетіп, төрге шығыңыз 1 – жүргізуші: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталған. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен адамдар татуласқан. 2- жүргізуші: Енді, Наурыз мерекесінде орындалатын салт – дәстүрлеріміз бен ұлттық ойындарымызға кезек берейік Көрісу – 14 – наурыз көрісу мейрамы.Көрісу күнінде халық қыстан аман- есен шыққанына қуанып, бір – бірімен қол алысады.Таң атысымен көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды . Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін қосып үйіп қояды.Отбасының кішілері үлкендерге қос қолын беріп, көрісіп шығады.Ренжіскен адамдар сол күні татуласады.

Алтыбақан -  қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек.Наурыз мерекесінде ойналатын ұлттық ойындардың бірі. Қазақша күрес - Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Арқан тату - Наурыз мейрамы кезінде жиі ойналатын ұлттық ойын түрі. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан арқан керек.Арқан тартыс ойыны ойнатылады. ( Осы кезде Шықбермес Шығайбай мен бәйбішсі келеді)
Шығайбай:Әй, бәйбіше, бол енді, наурыздан кешігетін болдық, болсаңшы күйбеңдемей.
Бәйбіше:Қазір, қазір, байеке! Мына бір ыстық күлшені Наурызға пісіріп едім. Ойбай, мынау әлгі Алдар ғой! Енді қайттым?Мынаны қайда тығам?
Шығайбай:(қойнын көрсетіп). Мұнда тық, мұнда.
Алдар:Ассалаумалейкум, Шығеке! Наурыз құтты болсын, Ұлыстың ұлы күні ойдағы-қырдағы құшақтасып табысады емес пе?кел, байеке, Біз де құшақтасып көріселік.
Шығайбай:Ойбай, күйдім, күйіп барам. Жібер, жібере көр Алдеке, сен-ақ алшы осыны. 1 жүргізуші: Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан Ой ағайын, келіңдер!
Бүгін бізде –
Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ қосқан.
Хор: Дастархан әні 2 –жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені халайық,
Есік ашып шын жүректен,
Ел болып қарсы алайық! Би : Қара жорға
1 – жүргізуші:
Ортаға Қыдыр атамызды шақарайық. (Бата береді) 2 - жүргізуші: Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық қона берсін.
Береке күннен - күнге тола берсін,
Ырыс - құт басыңыздан аса берсін.
Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,
Еліміз ілгері аяқ баса берсін.
1 – жүргізуші:Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына! Сау болыңыздар!





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
721
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі