400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға наурыз туралы үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қаласы білім басқармасы

«Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп - интернаты» КММ






Тақырыбы: «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз!»













Жауаптылар: Еңбек және дене шынықтыру пәндер бірлестігі.







Шымкент қаласы 2019 жыл.

Іс- шараға жауаптылар:

  1. Сценарий: Кулмаханбетова С.

  2. Жүргізушілер:Кулмаханбетова С., Бидайбекова М. (сурдо аудармашы)

  3. Би: Сәнім

  4. Акт залын безендіру: Токкулиева Г., Ахметов Т.,Апиев А.,

Арипбаев С., Арыстанова Ж., Кулмаханбетова С.

  1. Слайд: Кульбаева Жанар.

  2. Костюмдер: Арыстанова Ж.





























Өтілетін күні:20.03.2019ж.

Өтілетін уақыт: 12.00

Өтілетін орны: Акт залы.


«Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз!»


Мақсаты:оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде насихаттай отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы,құрметтеуге ,шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар: мектеп мұғалімдері мен оқушылар

Безендірілуі: банерде жазылған тілектер, шарлар,гүлдер.

Жүргізуші: Кулмаханбетова Салтанат

Сурдо аудармашы: Бидайбекова Малика



Жүргізуші:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды!

Көргендер де арманда ,

Көрмеген де арманда .

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай,

Биыл қарсы алайық!

Досқа құшақ ашайық,

Өлең - жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп,

Тойға шашу шашайық.

(Шашу шашылады, дауыстап ,биші қыз)

Би: « Ұлттық би » Орындайтын:_____________________________________


Жүргізуші: «Береке басынан басталады» демекші, жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады деген қағиданы берік ұстанған халық бүкіл ыдысты дәнге, аққа, таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21- наурыз күнгі таң алдында орындалады. Мұның мәні : дала аралаған Қыдыр ата келіп « Қыдыр , құт дарытып » кетеді дейді екен. Олай болса, бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қыдыр ата келе жатыр. Қарсы алайық.

Қыдыр ата:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт –түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бале- жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Уайым –қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!


Жүргізуші: Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған тағам – наурыз –көже. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен жасап, оған қазы сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Оны тойып ішкен адам

« Жыл бойы тоқ болып жүреді» деген ырым бар. Ортаға әжелеріміз шығып көженің жасалу жолын айтып, көрсетіп береді.

(Күй ойналады.)


Жүргізуші: Ата салтын бабамның ,

Алып келді Ұлыс күн.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай,

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында

Әсем әнге салайық!1


Ән: «Наурыз думан». Орындайтын:______________________________


Жүргізуші: Ұлттық ойындарымызды дәріптеу мақсатында, 5- 10 сыныптар арасында «Арқан тартыс», «Қол күрес», «Гір тасын көтеру»ойындарынан жарыс өткізгелі тұрмыз. Сол себепті 5 -10 сыныптарынан үш ұл баладан сахнаға көтерілуін өтінеміз.

  1. Арқан тартыс

  2. Қол күоес

  3. Гір тасын көтеру

  4. Жеңімпаз оқушыларды марапаттау.

Ән: «Алға, қазақ жігіттері!» Орындайтын:____________________________

Көрініс: « Бастаңғы». Орындайтындар: еңбек және дене шынықтыру пән мұғалңмдері мен оқушылар.

Би: «Қара жорға».


Ән: «Көңілді күн». Орындайтын: Лаура 6 «Ә»


Көрініс: «Тұсау кесу» Орындайтындар: тәрбиешілер мен оқушылар.


Би: «Қазақ аруы»


Қорытындылау: 10-наурыз бен 20-наурыз аралығында еңбек пәні бірлестігінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты онкүндігі болып өтті. Онкүндіктің барысында 14.03 күні Кулмаханбетова С. және 15.03 күні Арипбаев С. ашық сабақтарын өткізді. 18-наурыз күні «Ұлы даланың жеті қыры» атты сурет байқауы өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттауға мектебіміздің директоры Айкерім Мұсақұлқызын сахна төріне шақырамыз.


Әнмен бітіру: Мерекелік________________________

Жүргізуші:

Осымен біздің концерттік бағдарламамыз аяқталды. Келгендеріңізге көптен-көп рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
269
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі