400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлыстың ұлы күні" - тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұлыстың ұлы күні"-тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз.

Мақсаты:Оқушыларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру. Мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мәніне қарай оқушыларды адамгершілікке,парасаттылыққа баулу.Отанын сүюге,патриоттық рухты және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: газеттер,ұлыстың ұлы күніне арнаулар,шарлар сөздер,суреттер.

Кіріспе. Той Наурызға арналған әнмен басталады.

Мұғалім:Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл\Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы\ келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен,ақ ниетпен қарсы алады.Ұлы мерекелеріңізбен құттықтап,дендеріңізге саулық , жанұяларыңызға бақыт,еңбектеріңізге табыс тілейміз.Ұлы мереке сіздерге тек бақыт сыйласын! Бұл күні ешқандай реніш болмауы керек.Әрбір адам иман-жүзділік көрсетіп, қуанышын білдіріп,күлімдей сүйініп,бар жақсылығын жайып,жадырап жүруге тырысу керек.

1 жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар.

Наурыз тойы басталды!

2 жүргізуші: Наурыз келіп,қар кетті!

Ақ қар көк мұз жұтатқан.

Шаруа елінен қар кетті,

Наурыз келіп, жаз кірді,

Жас хабаршы әз кірді.

Күнге тосып арқасын,

Жан біткенге наз кірді.

1. Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы-жыр аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз!

Күн әкелгін жыл керім,

Күллі дүние жайдары,

Желкілдетіп гүлдерін,

Жер анамыз жайнады.

Наурыз-шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейік бәріміз.

Наурыз келді.

Сәлем, анам алтын күн!

Сәлем,қарты халқымның!

Уақытыма риза бол,

Бақытыма шалқыдым!

Жайнатамын бар гүлді,

Сайратамын бұлбұлды,

Мейрам етем бұл күнді.

1-жүргізуші:Наурыз мерекесіне жылдың төрт мезгілі келіпті.

Көктем:

Жазира жазға жол ашып,

Қыс қарын қуған мен көктем.

Бәйшешек көзін жаңа ашып,

Түседі саулап нұр көктен.

Жүремін көкте ән салып,

Наурыз тойын қарсы алып,

Құрметіңе, қасиетіне бас идім!

Наурыз:Рахмет саған ,Көктем!

Жаз:

Армысың,құтты Наурыз!

Төгіліп көктен алтын нұр.

Жайнататын далданы,

Қала,дала,ой мен қыр,

Шаттанып бір қалады.

Ой да, қыр да жап-жасыл,

Жасарып жер жаңғырды.

Ұйықтап жатқан табиғатқа,

Мен келген соң жан кірді.

Уа,халайық! Наурыз той.

Құт-береке әкелсін!

Ұлыс күні бақ құсы,

Тамаша өмір әкелсін.

Наурыз: Ризамын бұл сөзіңе,жазира жаз.

Күз:

«Қоңыр күз»дейді мені,

«Алтын күз» тағы да.

Қалай десе де жарасар атым затыма.

Мені жақсы көреді.

Үлкен де,кәрі,кіші де.

Қолым ашық,қойным толы астыққа.

«Нан болса, әл болады»дейді халық.

Дастаханымыз нанға толсын,

Айналамыз ән мен жырға толсын.

Наурыз:Айтқаның келсін,алтын Күз!

Қыс:

Жауамын аппақ қарымды,

Нұр жауды деп біліндер!

Тазартамын ауаны,

Аппақ нұрға бөлеп, жер!

Бауыры жылып науат қар,

Бабымен ғана жібиді,

Аяздан болған жүрегім.

Елжіреп барып ериді.

Өзім қандай ақ болсам,

Тілегім сондай ақ болсын!

Жаңа жылдың тойында

Бәріңізге бақ қонсын!

Наурыз: Жарайсың,құрметті Қыс!

1-жүргізуші:

Қайда жүр екен Күн менТүн.

Теңеліп алып екеуі,

Қандай тілек білдірер?

Күн менТүн:Біз мұндамыз!Жылына бір рет келмейміз,біз күндіз-түні қасындамыз!

Күн: Сәлем саған,жас Наурыз!

Аспаннан төгіп күн нұрын,

Жарыққа кенелтем жердің жүзін.

Қызу еңбек қайнатам,

Асыр салып баланы да ойнатам.

Адамдардың атқаратын қызметін

Қадағалап отыру менің міндетім.

Әр күніміз сәтті болсын демекпін!

Қыдыр ата қолдасын,

Жақсылыққа,табыстарға жолдасын!

Түн: Сәлем бердік,жыл басы,Наурыз,саған!

Қызметім менің күннен кем емес.

Ұйқысын елдің күзетем,

Куә болам небір қызық сәттерге.

Түсім қара болса да, тілеуім ақ!

Айымыз тусын оңынан,

Жұлдыздар тусын соңынан.

Ұлыс оң болсын!

Әр үйіміз тыныш болсын. Бейбітшілік болсын.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалады.

Уа,халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! \шашу шашады\

Армысыңдар ағайын!

Бармысыңдар ағайын!

Ұлыс бақты болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлаша.

Дастарқанға елімнің

Береке,ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым,армысың!

Қызығыңа тоймаған

Дарқан дала, қарлы шық.

Хош келдің,Наурызым,ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып

Гүлге бөлеп,нұрға бөлеп аймақты.

Келді Наурыз,жар салып,

Би билейік,ән салып.

Жылда келсін Ұлыс күн тұрайық есен қарсы алып.

Бүршік жарып жапырақ,

Жаяды көктеп тал біткен.

Айран,сүтін көбейтіп

Көктемде төлдеп мал біткен.

Мұғалім:Халық аңызы бойынша,бұл күні Қызыр баба барлық босағаны аттап,төрге шығып,бақыт,мерей, қуаныш әкеледі,жақсылық шашады.

Қызыр баба:\барлық ауылдарды аралап\

Ау,аман ба, жарандар!

Алтын таңға қараңдар!

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Жұрағатым қуанып,

Рақатын тапты жан.

Келе жаитыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз,

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халқым сүйген мейрам-бұл!

Уа,халайық,аман болыңдар!

Мұғалім:Дастарқанда түрлі тағамдар көріп тұрсыңдар... Бұлардың өздеріне тән ерекшеліктерімен қатар,тіл үйірер дәмі де бар.

Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы –Наурыз көже.

Наурыз көже 7 түрлі дәмді астың құрамынан жасалады.оның мәні жаңа жылда тойымшылық,молшылық мәнді де дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды,тілекті паш ету.

Ашық болсын қас-қабақ

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа,бидай,тары бар,

Қатық, малта,ағы бар.

Ішілетін,жейтінің

Бұл көжеде бәрі бар. \бір қыз сапырып,құйып отыр,көже тарату\

Үлкен кісі бата береді.

Бауырласқа тәнтіміз бұзылмаған сатымыз.Кең даламның ежелгі қазақ деген халқымыз.Өзге ұлттай біздің де бар дәстүр мен салтымыз.

Бала дүниеге шыр етіп келген күнінен еңкейіп қарт болған шағына дейін тойлар тойланып,салттар сақталады.\Әр сынып өз дәстүрін көрсетеді.\және нөмерлер\

1сынып:Бесікке салу.

2сынып:Наурыз көже.

3сынып:Балаға ат қою.

4сынып:Қыз ұзарту.

Даярлық топ:Тұсау кесу.

Қорытынды.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1008
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі