400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз: бірлік пен берекенің мерекесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз: бірлік пен берекенің мерекесі». Алматыда Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Ұлыстың ұлы күні — Әз Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктемнің жаңаруымен бірге келетін бұл ерекше мейрам Алматы қаласында биыл да кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті. Қала тұрғындары ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрді жаңғыртқан мерекелік шараларға белсене қатысты. Соның бірі — Әуезов ауданында, Сайран көлінің жағалауындағы демалыс саябағында ұйымдастырылған ауқымды мерекелік кеш болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз: бірлік пен берекенің мерекесі»

Автор: Аманкулова Назерке Балтабекқызы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №122 жалпы білім беретін мектептің түлегі

«Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз: бірлік пен берекенің мерекесі»

Алматыда Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Ұлыстың ұлы күні — Әз Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктемнің жаңаруымен бірге келетін бұл ерекше мейрам Алматы қаласында биыл да кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті. Қала тұрғындары ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрді жаңғыртқан мерекелік шараларға белсене қатысты. Соның бірі — Әуезов ауданында, Сайран көлінің жағалауындағы демалыс саябағында ұйымдастырылған ауқымды мерекелік кеш болды.

Аталған мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Сайран көлінің маңында ұлттық нақышта безендірілген алаңдар, киіз үйлер мен түрлі көрмелер қойылып, келген жұртшылыққа қазақ халқының бай мәдениеті кеңінен таныстырылды.

Мерекелік кеш барысында елімізге танымал өнер жұлдыздары сахнаға шығып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе, әнші Ернар Айдардың өнер көрсетуі жиналған көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Сонымен қатар, басқа да әншілер өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің ажарын аша түсті.

Шара аясында қала мектептері де белсенділік танытып, ұлттық тағамдардан көрмелер ұйымдастырды. Әр мектеп өз дастарқанын жайып, қазақтың дәстүрлі тағамдарын көпшілікке ұсынды. Сонымен қатар, түрлі жәрмеңкелер өтіп, қолөнер бұйымдары мен ұлттық өнімдер сатылымға шығарылды. Бұл көрмелер мен жәрмеңкелер мерекенің мазмұнын арттырып, келушілердің қызығушылығын оятты.

Мен де осы мерекелік шара барысында аудан тұрғындарынан сұхбат алып, олардың пікірлерін тыңдадым. Көпшілік мерекенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Наурыздың жыл сайын осындай кең көлемде аталып өтуіне тілектестігін білдірді. Тұрғындар бір-біріне ақжарма тілектер айтып, мерекенің шынайы атмосферасын сезінгендерін жеткізді.

Наурыз мейрамы – тек ойын-сауық емес, ол адамдарды жақындастырып, бірлік пен татулықты нығайтатын ерекше күн. Бұл күні үлкендер бата беріп, жастар ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға атсалысты. Әуезов ауданында өткен бұл мерекелік кеш те дәл осы құндылықтарды дәріптей алды.

Кеш соңында мерекелік көңіл-күй ұзаққа сақталып, әрбір қатысушының жүрегінде жылы естелік қалдырды. Осындай ауқымды шаралар қаланың мәдени өмірін жандандырып қана қоймай, ұлттық рухты көтеруге зор үлес қосатыны анық.

Алматыдағы Наурыз мерекесі биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қала тұрғындары үшін ұмытылмас әсерге толы ерекше күндердің біріне айналды.

Қорытындылай келе, Наурыз мейрамы – ұлттың бірлігін, берекесі мен ырысын айшықтайтын ұлы мереке екені тағы бір мәрте дәлелденді. Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақ ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ата-баба дәстүрін жалғастыруға деген ынтасын арттырады. Бұл күн тек мереке ғана емес, өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа сеніммен қарауға жол ашатын ерекше рухани көпір іспеттес.

Әз Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, бақ-дәулет әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, мұндай жарқын мерекелер әрдайым жалғасын таба берсін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 наурыз
13
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі