15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлыстың ұлы күні- наурыз
Білімділігі: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Наурыз жайын да тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы балаларды көрермендерді құттықтау.
Дамытушылық: Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан наурыз айында күн мен түн теңеліп, наурыз айында тіршілік оянатынын ұғындыру. Балалардың Наурыз мерекесіне деген түсінігін дамытып,салт дәстүрімізді қадірлеуге ынталандыру.
Тәрбиелігі: Наурыз мерекесін қадірлеуге қазақтың салт дәстүрін қадірлеуге сол арқылы еліне жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар құрметті ұстаздар бүгін күн наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын деп баршамызға құт, береке әкелсін.
Наурыз тойы – көңіл тойы, көктем тойы.
Жақсылық болса дейтін өмір бойы
Биылда былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін!
Жаңа жыл құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Хор: «Көктем әні»
Жүргізуші: Келесі кезекте балаларымыздың наурыз мерекесіне арналған тақпақтары:
Наурыз гүл көктем, Бағдат
Сәнді ай арайлы
Күлімдеп күн көктем,
Нұр шашып қарайды
Ойнаймыз шаттана Ислам
Ішеміз күнде айран
Балаға, қартқа да,
Ортақ қой бұл мейрам
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді Көркем
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге Айда
Жеті түрлі ас салды
Наурыз келді балалар
Көктеді қыр жағалар Ерсін
Наурыз тойын тойлайық
Жаңа жылда ағалар!
Армысыңдар ағайын
Бармысыңдар, ағайын
Ұлыс ақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын! Нұрайым
Армысыңдар ағайын,
Бармысыңдар, ағайын
Ұлыс ақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын! Бексұлтан
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне Нұрхан
Бұлақ ағып жай ғана
Жайқалады айнала
Қызыл жасыл киініп
Құлпырыпты айнала Аяна
Жыл басы-Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды Тілек. Каусар
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты Ануар
Қызықты сәт: Ішке атпен бала жүгіріп кіреді: Сүйінші сүйінші елімізге Наурыз келді, Наурыз келді көктем келді наурыз құт береке әкелсін.
Ішке екі әже, ата, келін кішкентай баласымен келіп жұртпен құшақтасып амандасып көріседі.
Жүргізуші: Қонақтармен амандасып, көрісіп отырғызады. Қош келдіңіздер наурыз құтты болсын, ақ мол болсын мал басы аман болсын.
Жүргізуші:
Келді Наурыз жар салып,
Кел билейік, ән салып
Жылда келсін, ұлы күн
Тұрайық есен қарсы алып
Әже айтады: Осы Наурыз мерекесі құтты болсын деп осы тойға келіп қалған екенбіз немеремді бесікке салайын деп айтады. Осы кезде келіннен баланы алып бесікке салу рәсімін жасайды. Ата салып болған балаға бата береді. Сол жерде тыштырма үлестіреді.
Жүргізуші: Немереңіздің қадамы құтты болсын бауы берік болып өмір жасы ұзақ болсын.
Жүргізуші:
Бишілерге өнер көп
Билейді биді мәнерлеп
Қазақ биін көріңдер
Өнерге баға беріңдеп деп, қыздарымыздың биі
«Киіз басу биі»
Ән: Төлдер орындайтын Бексұлтан, Айда
Осы кезде есік қағылып ішке алдар келеді.
Ішке Алдар көсе кіреді: әндетіп
Мен Алдармын, Алдармын
Сақалымды талдармын
Сақал түгіл мұртта жоқ
Мен алдайтын түгі жоқ
Аааа, ооооо
Сіздер менсіз мына жерде наурыз өткізіп жатырсыздар ма, осы ауылдың сыртынан ән естіледі мында наурыз тойы өтіп жатыр екен құтты болсын.Бәрімізге наурыз тойы құт әкелсін. Бәрімен төс қақтығысып құшақтасып амандасады.
Жүргізуші: Алдар көсе қош келдіңіз төрлетіп отырыңыз. Біздің наурыз меркесіне қош келдіңіз.Біздің наурыз көжеден дәм татыңыз.
Әже айтады: Келінжан алдар көсе қонаққа келіп қалды, наурыз көже әкел көжеден ауыз тисін.
Осы кезде келін көже әкеледі. Бәрі наурыз көжеден дәм татады.
Алдар айтады: Ой көже қандай дәмді мына наурыз көжені қалай дайындайды.
Әже айтады: көже туралы мағұлмат беріп жібереді.
Наурыз көже қасиетті тағамның бір түрі, көже молшылықтың белгісі. Наурыз көже болғандықтан жеті түрлі тағам салады. Құрт, тары, қыстан қалған май, шміш, күріш, тұз. Наурыз көжені наурыз тойында әр үйдің дастарханында дайындалып қонақтарға беріледі. Көжеміз көп болсын наурызымыз, наурызға жетсін, ақ мол болсын.
Алдар көсе: Балалар мен сендерге құр келгенім жоқ ойын ала келдім.
Жүргізуші:Өзіміздің ұлттық ойындарымыздың қыз қуу ойыны.
Балдар ойнайды. Қыз қуу, асық жинау.
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттырып, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Балаларымыздың орындауында би Қаражорға алдар көсе бірге билейді.
Жүргізуші: Алдар көсе қоржыныңыздан ою көрінеді біздің балаларымызға сыйлық әкелгенсізбе?
Алдар көсе: Мен балаларға тағы бір ойынным бар ұмытып бара жатырмын.
Дидактикалық ойын: «Ою жинау»
Мақсаты: Оюларды түсіне қарай ажыратып әр оюдың орнына орналастыру. Балаларды шапшаңдыққа,түстерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Келесі кезекте ән орындалады: «Наурыз әні » Хор
Осымен «Айша» тобының «Наурыз» мерекесіне арналған ертенгілігіміз аяқталды.
/

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген