Материалдар / «Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2024
162
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәрбие сағаты

«Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз»


Күні:

18.03.2024ж


Класс жетекші:

Дугаев Н.М.


Класс: 6 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт дәстүрін, әдет ғұрпын үйрету


Құндылықтарды дарыту

Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.


Ресімдеу

Слайд,презентация


Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд


Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық  тағамдар . нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық  тағамдар .


Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация


Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Армысыздар, ұстаздар, оқушылар,қонақтар!Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді.

НАУРЫЗ - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы.

Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күніне сәйкес келеді. Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады.

Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

Ал, балалар, тұрмайық

Әндетейік шырқайық

Ортамызды ашайық

Думандатып би билеп

Ән мен күйді төгітіп

Інжу – маржан шашайық. Олай болса, тойымызды «Қара жорға» биімен ашайық.

Би:«Қара жорға» оқушылар бір мезгілде билейді.

-жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда,

Көрмеген де арманда

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Армысыңдар ағайын!

Бармысыңдар ағайын!

Ұлыс оң болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

1-жүргізуші:Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп. Наурыз – шаруаның мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.

Жүргізуші: Ендеше сынып оқушыларының тақпақтарына кезек берейік

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр, аңыз.

Қызық дулы мереке,

Қызық думан құрамы!

Күн әкелген жыл көрім,

Күллі дүние жайдары.

Желкілдеген гүлдерін,

Жер – анамыз жайнайды.

Құрметті, оқушылар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы, мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.













(Шашу шашылады)

Хор: «Наурыз думан»


Компьютер


















видеожазба





Сабақ басы (13 мин)












Тапсырмалар:

1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

Ж: Ананың сүті тәтті.

Ананың қолы жұмсақ.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім.

 

2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?

Ж: Малды теппе,

Аяқты төкпе.

 

Отты шашпа,

Күлді баспа.

 

Бүйіріңді таянба,

Жағыңды таянба.

 

Бос бесікті тербетпе,

Бесікті ашық қалдырма.


Оқушылар жауап береді












Суреттер

 











Ортасы (20 мин)


Жүргізуші: Ендеше сынып оқушыларының тақпақтарына кезек берейік.

1- оқушы:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын, Наурыз!

2-оқушы:

Ұлы күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!

3-оқушы:

Сағынтып келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарқанға елімнің

Береке, ырыс сыйлашы

Жүргізуші:Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. 1-Жүргізуші:

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап –дей келе қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрлеріне байланысты видеороликке назар аударайық

Видеоролик қазақтың салт-дәстүрлері.

1-Жүргізуші.

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – мереке.

Наурыз тойы – жыр – аңыз,

Қызық думан құрамыз.

Ұлттық ойындардан «Арқан тарту» «Қол күрес» ойындарына кезек берейік.

3. Жеті атаңды ата.

Ж: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

4. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

Ж: Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, т.б.

5. Наурыз көже қалай жасалады?

Ж: Наурыз көже жеті түрлі тағам қосу арқылы жасалады.

6. Ұлттық ойындарды ата.

Ж: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т.б.

7. Жеті қазынаны ата.

Ж: Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.

8. Үш алысты ата.

Ж: Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.


Оқушыларұлттық тағамдар жасап әкеліп таныстырады






Ұлттық тағамдар

Соңы






Қорытынды:

Мұғалім:

Ән қосылсын әніңе,

Сән қосылсын сәніңе!

Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

Наурыз құтты болсын!!! Қазақстанымыз гүлдей берсін!

Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!!

Осымен «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты ашық тәрбие сағаты аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Күн мен айға әлемнің,

Бердің ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйеніп,

Сәлем бердік иіліп,

Орындалды ойларың,

Құтты болсын бүгінгі,

Наурыз атты тойларың,

-деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.

 



Қыдыр ата болып киінген оқушы

Бата береді

 








Ұлттық киімдер


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!