1 -
жүргізуші:
Көргенде қуанасың таза
әуені,
Құлаққа естілгендей жаз
әуені.
Жыл сайын тойланатын мәңгі –
бақи,
Наурызың құтты болсын, қазақ
елі.
2 -
жүргізуші:
Жақсылық жүрегіне жыр
еселер,
Биікке шарықтатар киелі
өнер,
Наурызың құтты болсын, апа -
әкелер,
Наурызың құтты болсын, ата -
әжелер.
1
-
жүргізуші:
Уа, халайық,
халайық!
Мұнда назар
салайық.
Мерекесі
халықтың
Наурыз тойын
бастайық!
Құтты болсын
мереке,
Болсын думан береке!- дей
келе наурыз мерексіне арналған ертеңгілігімізге
қош келдіңіздер.
2 -
жүргізуші:
Балалар біздер Ұлыстың Ұлы
күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер
ме!
Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
1-Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын
шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
Әже:
"Наурыз келсе, құт келгені,
халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу)
2-Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже!
Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің балабақшада үлкен той болғалы жатыр
бізбен бірге тойлатыңыздар!
Қыдыр
Ата: Жарайды
құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз
жоқ.
(Ортаға барып
отырады)
1-жүргізуші:
Ән қосылсын
әніңе
Сән қосылсын
сәніңе
Ырысты болып жаңа
жыл,
Бақ дарысын бәріңе деп «Наурыз
келді»
әнін қабылалыңыздар
Ән
«Наурыз келді»
2-Жүргізуші:
Жаңғыртып дәстүрімді рахмет
елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ
жерін
Той бастаған қадамың құтты
болсын
Жалғайтын дәстүрімді
бөбектерім – ендеше балалардың тақпағына кезек
берейік.
Тақпақтар:
2-Жүргізуші:
Сені тойлап қарсы
алып,
Бар әлемге жар
салып
Сәлем бердік біз
сізге
Ән мен жырмен қарсы алып –
демекші балалардың наурыз әжемізге арналған « Әжемнің шайы » әнін
қабыл алыңыздар!
Ән «Әжемнің шайы
»
1-Жүргізуші: Біз қазақ халқы салт-дәстүрді қастерлеп, дәстүрлік
мұраларды насихаттап жүрген халықпыз. Ендеше ата-бабамыздан бізге
мұра болып жеткен салт–дәстүріміздің – «Ат қою» және«Бесікке салу»
рәсімдерін қабыл алыңыздар.
Кішкентай бала қолында
қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.
Қыдыр
Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын!
Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын
қояйық!
Ана Құндақталған сәбиді алып келеді!
Қыдыр
Ата: Сен наурыз
мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай қоямыз
деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың
“Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.
Әже: Енді дүниеге келген
сәбиді бесікке салайық!
Бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі,
жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.
- Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
- Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
- Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)
Алас - алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас - алас, алас.
Бесік жырын айту
2-Жүргізуші:
Наурыз шаттық
әніміз
Салтанаттты
сәніміз
Ән салып жас пен
кәріміз
Би билейік бәріміз – демекші
ортаға мың бұралған қыздарымызды шақырайық
Би «Қамажай»
Әндетіп Алдар келеді (Мен Алдармын,
Алдармын)
Ән айтып жатқан балалардың даусын естіп келдім. Бұл жерде
мереке болып жатыр ма?
Жүргізуші: Иә, Алдар көңіл - күйің жақсы екен, амансың
ба?
Алдар: Амансыздар ма! Наурыз мейрамы құтты болсын.
Иә, сараң байды алдап, мінекей наурыз мейрамына жаңа шапан киіп
көңілді келемін. (көрсетіп қояды шапанын)
Жүргізуші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз
мейрамың құтты болсын!
Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық
ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға бір дорба асықтар ала
келдім.
Ойын: (Асық
ойыны)
Жүргізуші: Рахмет саған Алдар. Ойының балаларға өте ұнады, кел
дастархан басына төрлет.
2-Жүргізуші:
Наурыз – шаттық
әніміз,
Салтанатты
сәніміз.
Ән салып
жас-кәріміз,
Би билейміз бәріміз,- деп,
тобымыздың биші
жігіттерін «Жігіттер биімен» биімен ортаға шықырамыз.
1-жүргізуші:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған
тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те
Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр
Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке! демекші
балалардың тақпақтарын тамашалаңыздар.
Тақпақтар:
2-Жүргізуші:
Ұлыс күні қазан
болса,
Ол жылы ақ мол
болар,
Ұлы кісіден бата
алса,
Сонда олжалы жол болар.
ҚЫДЫР
АТА
Сұрасаң бата
берейін,
Үстем болсын
мерейің
Ықыласпен қол
жайсаң,
Ақ тілекті
төгейін
Ұлыс оң
болсын
Ақ мол
болсын
Қайда барсаң жол
болсын!
Ұлыс бақты
болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Әумин!
-
жүргізуші:
Наурыз құтты
болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын, Қош, сау болыңыздар,
халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!