400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлыстың ұлы күні наурыз. Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатына арналған жоспар. Жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Тәрбие сағаты

Сабақ тақырыбы:

Сынып: 3 « Ә»

Күні: 18.03.2019ж

Мектеп: №130 жалпы орта мектеп

Мұғалім: Утешова З

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы біледі,

мәнерлеп оқи алады

Оқушылардың көбі: Мереке туралы әңгімелей алады, мерекеге қатысты ән сала алады

Оқушылардың кейбірі: Мерекеге қатысты ұлттық би билейді

Бағалау критерийлері

-мереке туралы әңгімелейді

-ән салады

-би билейді

Құндылықтарды дарыту

Дәстүрлі мерекелерді құрметтей білу құндылығын арттыру

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

3-минут

Ұйымдастыру .Шаттық шеңберін құру.

«Күннің жылуы» әдісі .

Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы «Ұлыстың ұлы күні» тақырыпты ашу.

Оқушылардан бұл мереке туралы білетіндерін сұрау.



Қосымша №1

Сабақтың ортасы








Кіріспе

Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.

«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты.
Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!





Дыбыс күшейткіш

Презентация





2-тапсырма «Өнерлімін» әдісі бойынша өнер көрсету

Ән: Қыздардың орындауында

Қазына: Қайта түлеп халқымның ар иманы,

Наркескеннің намысқа жаниды әлі.

Өзің келіп түзеттің.  Жылдың басын.

Тек қаңтардан қарсы алар қағиданы.

Сағыныш: Қысты қысып, әр күні жазды үдетер,

Сұйылтпайық сәулелі сазды бекер.

Наурызды қарының тойып іше,

Наурызкөже деп ұғу аздық етер.

Айзере: Наурыз десе көгімде жүзді Күнім,

Наурыз десе көркейтер түзді гүлің.

Наурыз деген ырысым, ынтымағым,

Наурызым дәстүрім, ізгілігім.

 Нурислам: Олай болса, үзіліп ән қаймағын,

Шаттығына шомылсын арда аймағың.

Берік ұстап қолына ар байрағын,

Болашаққа самғай бер, Нар мейрамым!

ҚБ: ауызша мадақтау арқылы кері байланыс жасау




3-тапсырма «Жүзік салу» әдісі бойынша Қандай ұлттық ойындарды білетінің сұрау.

«Жүзік салу» ойының ойнату

Ұлдарға «Білек сынасу» ойынын ойнату

Жеңілген оқушылар наурызға арналған өлең жырларын айтады

ҚБ: ауызша мадақтау арқылы кері байланыс жасау


4-тапсырма «Күнді қарсы алу» әдісі

Ертеде «Қыдыр ата» наурыздың 21-нен 22-не қараған түні келетін күнді кімде-кім қарсы алса, соған беретін сыйының бар екені туралы әлемге жар салыпты. Сыйдан дәмелілердің барлығы күнді қарсы алуға дайындалыпты. Бұл сыйдың иегері қандай жануарлар екенін білесіздер. Қане, атап жіберейік. Теңдессіз сыйдан адамдар да құр қалғысы келмеген. Түнімен «Қыдыр атаны» тосқан екен. Түнімен дайындалған ел күнді қарсы алуға далаға шыққан, есік терезелерді ашып қойған. Бұл – Қыдыр ата үйге келіп кетсе екен, терезеден көріп кетсе екен деген тілек.
КҮН: Самарқанның көк тасы,
Ериді мен келгенде.
Тоң боп қатқан топырақ,
Жібиді мен келгенде.
Енесіне баласын,
Телиді мен келгенде.
Тар көңілдер түнерген,
Кеңиді мен келгенде.
Ақ жүзіңді бері бұр,
Тұсыңа бір келгенде



5-тапсырма «Салт-дәстүр туралы не білеміз?» айдары
Деп атқан таңды қарсы алған халық бір-бірін құттықтап, амандасып көріскен екен./ Заңғар мен Нурислам төс қағыстырып амандасуды көрсетеді. Осы жерде наурыз бата берілген.

Бейнебаян


Осы жерде «Наурыз бата» берілген

Диас бата береді

Уа, құдайым, оңдасын,

Жаманшылық болмасын.

Әруақ біткен жар болып,

Қызыр бабам қолдасын.

Аман сактап, төл басын,

Еккен егін солмасын.

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын.

Пәле-жала қазақты,

Іздесе де таппасын. Әумин!



Бұдан кейін халық мейрамды бастап кеткен екен. Мерекенің берекесі «Ас». Бұл күнгі негізгі тамақ «Наурыз көже» болған.
«Наурыз көже» туралы бейне баян көрсету және Сағыныш тағам туралы айтып береді.

Сағыныш: Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді.

Димаш ағаш отырғызу туралы айтады.
Думан думанға ұлассын, еліміз аман болсын. Бүгінгі думанымызды «Қара жорға» биімен аяқтасақ. Би: «Қара жорға» барлық оқушылар билейді

Бейнебаян

Сабақтың соңы


Рефлексия Ауызша

-тәрбие сағаты ұнады ма?

-кім қандай әсер алды?

Өнер көрсеткен балаларды мадақтау.




Қосымша ақпарат

Саралау


Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
денсаулық пен қауіпсіздік

  • Кейбір тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларға мадақтау сөздері арқылы ынтасын арттыру

  • Оқушылардың әр өнеріне ауызша мадақтау сөздері арқылы кері байланыс жасап отырамын

Жүзік салу және күш сынасу ойындары кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
2288
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі