Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шара жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
ІЛЕ АУДАНЫ
№7 ОРТА МЕКТЕП
Қош келдің, әз-Наурыз
2023-2024 оқу жылы
(Ортада күйшілер «Тойбастар» күйін тартады.)
1-жүргізуші: Сіздердің тыңдағандарыңыз мектебіміздің оқушыларынан құралған Мұрагер ансамблінің орындауында Дина Нұрпейісованың күйі «Тойбастар» күйі. Келесі тыңдайтындарыңыз Әбдімомын Желдібаевтың күйі «Ерке сылқым». Қошеметтеріңіз.
(Күй тартылып болған соң)
ФАН-ФАР
(Екі жүргізуші ортаға шығады.)
1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар. Бәріміз көптен күткен Наурыз мерекесі де келіп жетіпті. Наурыз «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
1 -
жүргізуші: Көктем жетті көл-көсір
шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап
тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз
да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның
лақтырып.
2 –
жүргізуші:
Ырысқа кенелсін деп боталарым,
Ақ батасын беруде аталарым.
Жақсылық пен береке мол болсын деп,
Шашу шашсын ендеше, апаларым.
(ортаға шығып шашу
шашқан соң)
1-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз мектебіміздің директоры Толегенова Жамиля Қазақбайқызына беріледі.
(Директордың сөзінен кейін)
2-Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай, мерекелік кешімізде кереметтей бір ән тыңдасақ... «Жұлдыз» дуэтінің орындауында «Наурыз» әні. Қарсы алыңыздар!
(Әннен кейін)
1-жүргізуші: Халық арасында Ұлыстың ұлы күні қазақ даласын "Қыдыр ата аралайды" деген сенім бар. Ендеше, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тек жақсылықта өтсін деген ниетпен, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген тілекпен ақ батасын ала келген Қыдыр атаны ортаға шақырайық!
Қыдыр ата: (ортаға шығып, қолын жайып бата береді)
Наурызға келген ағайын,
Дәулетті бас берсін,
Бақытты ас берсін,
Ғұмыры ұзақ жас берсін.
Ұлыстың ұлы күнінде!
Ұлың ұяға қонсын,
Қызың қияға қонсын!
Қозыға толсын көгенің,
Тұлпар болсын құлының.
Арыстандай болсын қайратың,
Аюдай болсын айбатың,
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің,
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!
Еліміз аман болсын,
Берекелі заман болсын.
Шәкіртіміз білімді болсын,
Ұстаздарымыз тұғырлы болсын.
Мектебіміз мерейлі болсын,
Еліміз берекелі болсын.
Әумин!
2-Жүргізуші: Қыдыр ата төрлетіңіз, бүгін бізбен бірге болыңыз! Біз тойымызды әрі қарай жалғастырайық.
Қыдыр ата: Рахмет, балаларым. (шетке шығып тұрады)
1-Жүргізуші: Бүгін – мереке. Бүгін әсем ән де шырқалады, мың бұрала би де биленеді. Ұлттық дәстүрлеріміз насихатталып, ұлттық ойындарымыз ойналып, думанды мереке тойланады. Олай болса, 6 «З» сынып оқушысы Қадырбек Алиханды «Сарыжайлау» әнімен қарсы алайық! Қошеметтеріңіз.
1-жүргізуші: Қазақ елі үшін Ұлыс күні әрқашан қасиетті де киелі саналған. Бұл күні халық таза, жаңа киімдерін киіп, ер адамдар бір-бірімен төс қағыстырып, әйелдер құшақтасып, балалар жарыса жүгіріп, игі тілектерін айтқан. Пендешілік пиғылдан арылып, ауыл ақсақалдары араздасып жүрген ағайынды табыстырған, ренжіскенді татуластырған.
2-жүргізуші: Наурызда шықсын жалын жыр құралып,
Көмейден күміс өлең сырғып ағып.
Көктемнің белгісіндей қылаң беріп
Арулар би билесін мың бұралып.
1-жүргізуші: Мектебіміздің дарынды жастары, 7 «А» әскери-патриоттық сыныбының оқушыларын қазақтың ұлттық биімен қарсы алайық.
2-Жүргізуші: Өмір бойы елдігімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт пенен берекем.
Туған халқым өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын Ұлыс күні - мерекең!
1-жүргізуші: Келесі кезекте тыңдайтындарыңыз Ниьмайер Кристинаның орындауында «Жыл басы - Наурыз» әні. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Сансыз көкек
сұңқылдап,
Көктем келді
ертелеп,
Нәзік үнмен
сыңқылдап,
Бұйра бұлақ
еркелеп.
Асау өзен
арқырап,
Асқар таудан
дүркіреп,
Айдын жатыр
жарқырап,
Алды дала бір
түлеп.
1-жүргізуші: Көктем – табиғаттың керемет мезгілі. Көктемді жырға қоспаған ақын, әнге қоспаған әнші жоқ шығар. Олай болса, «Тамшылар» тобының орындауында «Көктем» әнін қабыл алыңыздар. Қошеметтеріңіз!
2-жүргізуші: Келесі кезекте көктем гүліндей құлпырған ару қыздарымыз бүгінгі тойдың мәнін, бидің сәнін келтіріп «Қара жорға» биін билейді. Қошеметтеріңіз.
1-жүргізуші: Ел болып жиналып, ұлт болып ұйысып, «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесін тойлауымыз өз еліміздің, өз жеріміздің, өз мемлекетіміздің болғандығы. Елсіз, күйсіз жүрген қаншама ұлттар бар. Ендеше, Бозтайлақ Ғазиздің орындауында «Халқымның баласымын» әнін қарсы алайық!
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер! Наурыз мерекесінің бір көрінісі – ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, молшылықтың белгісі болған ұлттық тағамдарымыз бен бұйымдарымыз емес пе?
2-жүргізуші: Иә, мектебіміздің оқушылары бүгінгі мерекелік кешке орай көрме ұйымдастырған екен. Олай болса, Қыдыр атамызды ортаға алып, көрмені тамашалайық.
(көрмені аралап болған соң)
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, біздің мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Мерекелік шарамыз мектеп ауласында денешынықтыру пәнінің мұғалімдері ұйымдастырған ұлттық спорттық ойындармен жалғасын табады.
2-жүргізуші: Біз сіздермен қоштаспаймыз. Бәріңізді спорттық шарамызды тамашалауға шақырамыз!!!!
Спорттық ойындар ойнатылады.