Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік танымдық сабақ.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік танымдық сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік танымдық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Гагарин атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Махаметжанова Замира Атахановна

Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік танымдық сабақ.

Сабақтың мақсаты оқушыларды қазақ халқының ұлттық салт – дәстүрлерімен таныстыру;

оқушылардың сөздік қорын молайту.

-ұлыстың ұлы күнінің айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарын үлгі ету, таныстыру;

-қазақтың ұлттық өнерінен, мәдениетінен тәлім – тәрбие беру;

-қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын көрсету, насихаттау;

Көрнекіліктері: көрпе, жастық, қамшы, бесік, кілемше, мерекелік дастарқан, ұлттық тағам түрлері, наурыз мерекесіне арналған нақыл сөздер, наурыз тақырыбына арналған презентация, т.б.

Сабақтың түрі: Мерекелік танымдық сабақ, әдеби-монтаж.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабаққа қатысушылар: 5Т2 оқушылары

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта Р.Рымбаеваның «Наурыз – думан» әні әуелеп тұрады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік танымдық сабағымызға қош келдіңіздер! Сіздерді наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын!

Өздеріңіз білетіндей Наурыз мейрамы – бұл қөқтем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Көктем мен Жаңа күн мерекесі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да жаңарып, адамзаттың бойына қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жаратын күн. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайтын, Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанатын, Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселетiн, Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайтын, араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiрлiкте болатын, бүкiл Шығыс халқына ортақ айтулы мейрам. Олай болса, кезекті осы мерекеге арналған салт-дәстүрден көрініске, ән мен күйге берейік.

Фанфар: Қазақ елі. (Ортаға жүргізушілер шығады)

1-жүргізуші:

оқушы:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда,

Көрмеген де армандар,

Қызықтан тыс қалмаңдар!

2-жүргізуші:

оқушы:

Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек шаттық жыл басы,
Наурыздан бастап саналған.

Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне арналған әдеби-монтаж

оқушы:

Армысыздар, қадірменді қауым, Ардақты ағайындар! Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күнгі Наурыз мерекесі құтты болсын!

Су жылтырап, бүрін ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап, қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік наурыздан басталған.

оқушы:

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық.

Келді наурыз сағынтып,

Қыздарға алқа тағынтып.

оқушы:

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.

Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

оқушы:

Наурыз тойы көңіл тойы, көктем тойы Жақсылыққа болса дейтін өмір бойы Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін, Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін!

оқушы:

Наурыз тойы көңіл тойы, көктем тойы

Жақсылыққа болса дейтін өмір бойы

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ бәйшешек бөлеп алды маңайды.

«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

оқушы:

Жыл басы наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

оқушы:

Наурыз - жыл он екі ай елдің жүгін,

Арқалап арамызға келдің бүгін.

Дамытып бейбіт елдің еркіндігін

Жайлауын жарыстырдың елдігімнің.


оқушы:

Наурыз түріп тастап, жер түндігін

Айығып ақ күмістей, серпілді күн.

Сұлудай сылаңдаған мөлдір сулар,

Жылғамен ағып жатыр еркін бүгін.

оқушы:

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,

Жүрген жандар таныс тапса, досындай,

Ол осынау наурыздың арқасы,

Ұлыс күннің шапағаты осындай.

оқушы:

Наурыз құтты болсын, ағаларға,

Наурыз құтты болсын, аналарға,

Жыл сайын тойланатын шаттықпенен

Наурыз құтты болсын баршаңызға.

оқушы:

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Әумин!

1-жүргізуші:

оқушы:

Қазақ халқының жаңа жылы «Наурыз» айының 22-сі. «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңесу сәті, халықтардың ынтымақ күні.

2-жүргізуші:

оқушы:

Наурыз келсе құт келгені халайық,

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

1-жүргізуші:

оқушы:

Олай болса шашу шашайық.

(Асылбек Еңсеповтің «Науаи» күйі ойнап тұрады. Шашу шашылады.)

2-жүргізуші:

оқушы:

Ұлы халқымыздың, ежелден тұрмыстық мерекесі болып келген, жаңа жыл мейрамы – Наурыз мейрамы құтты болсын халайық.

1-жүргізуші:

оқушы:

Наурыз жырын жырлаймыз
Онымен де тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнге,
Ел дәстүрін сыйлаймыз.
2-жүргізуші:

оқушы:
Олай болса,
достар, ұлтымыздық құндылығы болып саналатын «Балаға ат қою» дәстүрін бастайық.

(Ортада «Ат қою» рәсімі көрсетіледі)

оқушы:

Бала дүниеге келгенде әр отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімдерін қояды.

Балаға есім жеті күн ішінде берілуі қажет. Ауылдың беделді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын-туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына 3 қайтара қайталаған.

«Сенің атың Нұрислам» 3 рет қайталайды.

1-жүргізуші:

оқушы:

Сәбиіміз ғұмырлы болсын! Атын қойдық енді бесікке салайық, әжелер. Бесікке салмас бұрын ұстазымызды тыңдайық.

Мұғалімнің сөзі:

Қазақ халқы ежелден бері нәрестенің әрбір қуанышына ерекше көңіл аударған. Бала бітімінің сымбатты болуына, тіл көзден сақтауда, тазалықты кішентайынан бойына сіңіру мақсатында сәбиді бесікке салатын болған. Бесікке бөленіп, бесік жырын тыңдап өскен, ана сүтімен бой түзеген бала ата-бабасының тектілігін бойына сіңіріп, жан дүниесі рухани құндылықтармен сусындап өсетіні сөзсіз. Әжелеріміз бесікті аластап, баланың басына үкі қауырсынын қойып, көз моншақ тағады. Бұның барлығы сәбидің игілігі үшін жасалатын салт-дәстүрлер. Бесікке салу дәстүрі қазақ халқында күні бүгінге дейін сақталып келеді.

Қазақтың салт-дәстүрі: «Бесікке салу»

(«Бесікке салу» дәстүрі туралы бейнеролик көрсетіледі.)

ортада әже, келіншек, бала – шаға және сәби (қуыршақ).

Зере әже бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды және түбектің тесігінен балаларға тәтті (тыштырма) үлестіреді. Осыдан кейін баланы бөлейді. Бесік жыры айтылады.

2-жүргізуші:

оқушы:

Көп рахмет, Зере әже. Негізі қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халық.

1-жүргізуші:

оқушы:

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.

2-жүргізуші:

оқушы:

«Тұсау кесу» дегеніміз - 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.

1-жүргізуші:

оқушы:

Валя, бүгін біздің Надя әже, өзінің немересінің «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен орайластырып өткізбекші.

оқушы:

Ал, келін балам, немеремді ортаға әкеліп, өзімнің құрбым, аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйлы, ардақты ана, Ольга әжесіне табыс ет.

«Тұсау кесу» дәстүрі:

(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады)

Надя:

Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі. Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы ішек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.

(Баланың аяғын жіппен байлап, қолына пышағын алып, тұсауын кеседі.)

Надя:

Қаз-қаз бала, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер.

1-жүргізуші:

Ирина:

Наурыз тойым!
Құтты болсын халайық!
Қане достар
Шырқап әнге салайық

2-жүргізуші:

оқушы:

Иә, құрбым, дұрыс айтасың, кішкене бүлдіршіннің құметіне барлығымыз ән салып, көңілдірек отырайық.

ӘН: «Наурыз-думан» Слайд.

(барлық тыңдаушылардың орындауында)

1-жүргізуші:

оқушы:

Керемет, ән айтып бір серпіліп қалдық. Енді барлығымыз «Сақина тастамақ» ойынын ойнайық, қалай қарайсыздар?

2-жүргізуші:

оқушы:

Әрине, құрбым ойнайық.

1-жүргізуші:

оқушы:

Көп рахмет. Тартысты, қызықты ойын болды. Ендігі кезекті Наурыз мерекесіне арналған жақсы тілектерге берейік.

(Тыңдаушылар кезектесіп жаңа жылға жақсы тілектер айтады)

Жаңа жыл құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барса жол болсын.

Ұлыс бақты болсын!

Төрт-түлік ақты болсын!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлыс береке берсін!

Жұрт аман-есен болсын!

2-жүргізуші:

оқушы:

Еліміздің несібесі көп болсын.

Халқымыз көбейіп тоқ болсын!

Қош сау болыңыздар

Көріскенше күн жарық болсын!

1-жүргізуші:

оқушы:

Ой қосылсын ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа.

Екеуі бірге:

Аман-есен жетейік,

Келесі наурыз тойына!

Қорытынды. Сабақ соңында Наурыз мерекесіне арналған ақ дастархан жайылып, тыңдаушылар ұлттық тағамдардан дәм татты, «Наурыз көже» ішілді. Бата берілді, Надежданың орындауында күмбірлеген күй тартылды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2025
212
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі