400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Umaigra интернет қосымшасын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Umaigra қосымшасын пайдаланыа оқушылардың ағылшын тіліне еген қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ




Баяндама

Тақырыбы: «Umaigra интернет қосымшасын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру»


Дайындаған: Меделхан Сәния Алішерқызы

Ағылшын тілі пәні мұғалімі














2023-2024 оқу жылы

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж. Аймауытов айтқандай әр сабақты жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды. АКТ ­ ны әр мұғалім өз сабақтарына пайдалана отырып,білік дағдыларын қалыптастыруға , логикалық қабілетін дамытуға болады.

Ақпараттық қоғамда толық-қанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр және де оларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді.

Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен білім алушы арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Осы жерде нақтылай айтқым келетіні саналы бәсекеге қабілетті сыни тұрғыдан ойлай алатын білімді тұлғаны қалыптастырудың бірден-бір жолы оқытудың тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру. Бұндай тәсілдердің бірі Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану болып табылады.

Мен бүгін сіздермен өз тәжірибемде қолданып жүрген Umaigra интернет қосымшасы жайында ақпаратпен бөліскім келіп тұр. Жалпы, UMAIGRA интернет қосымшасы – білім алушыларға арналған дидактикалық ойындарды, тапсырмаларды онлайн құрастырушы. Umaigra интернет қосымшасын сабақта қолданудың тиімділігі: бастауыш сыныптарда ағылшын тілі грамматикасын тереңінен оқыту және пысықтау. Сонымен қатар балалардың уақытын тиімді пайдалану. Мен бастауыш сынып оқушыларына сабақ беремін.Мен өз тәжірибемде байқағандай, ағылшын тілін енді үйреніп келе жатқан бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тіліндегі грамматикалық тақырыптарды меңгеру қиынға соғады. Сондықтан, қиындықтан шығудың жолын іздеп, балаларды ағылшын тілі сабағына қызықтырып, ынталандырудың жолын іздеп түрлі интернет қосымшаларын, платформаларды өз сабағымда қолданып көрдім. Солардың ішінде ең тиімді, әрі балаларға қызықты болған осы Umaigra интернет қосымшасы болды.Мен бұл қосымшаны бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тілі грамматикасын тереңдетіп оқыту, пысықтау мақсатында пайдаландым.Себебі аталған интернет қосымшасында көптеген дайын шаблондар бар. Сол шаблондар арқылы әр түрлі грамматикалық тақырыптарға қызықты ойындар құрастырып сабағымда қолданып жүрмін.

Зерттеудің негізгі бөлімінде сіздерді Umaigra қосымшасындағы өзім құрастырған ойындармен таныстырғым келіп отыр. Ең алдымен біз осы қосымшаға тіркелуіміз қажет. Тіркелу барысында өзіңіздің поштаңыз арқылы тіркелсеңіз болады. Мен осы қосымша арқылы әр түрлі ойындарды құрастырдым.

1 ойын Catch a train – пойызға үлгеру. Бұл ойын ағылшын тіліндегі «to be» етістігіне арналып құрастырылған.Ойын 3деңгейге беріліп , 10 сұрақтан тұрады.Деңгейі жоғарылаған сайын тапсырмалар күрделене бастайды.Ойынның шарты бойынша оқушылар өздері саяхаттағысы келетін пойызды таңдап, сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, оны мүмкіндігінше ұзақ жүргізуге тырысуы керек. Егер жауап дұрыс болмаса, оқушылар тоқтап , келесі пойызды күтуі керек.

2 ойын Banana Island -банан аралы деп аталады. Бұл ойын «have got\ has got» грамматикалық тақырыбына арналған. Осы ойынның ережелерімен танысайық. Оқушылар маймылға банан өсетін аралға жетуге көмектесуі керек, бұл үшін олар дұрыс жауап беретін тасбақаларға секіруі керек. Ойында 5 деңгей бар. Онда шешілуі керек 5 жаттығулар бар.

3 ойын Келесі ойын Football- футбол деп аталады. Бұл ойында біз «can\can’t» грамматикалық тақырыбын тереңінен қарастырдық. Ойынның ережесі бойынша гол соғу үшін дұрыс жауабы жазылған аяқ киімді таңдауымыз керек. Егер жауап дұрыс болмаса голды өз қақпасына соғып алады. Ойынды аяқтауға 5 минут уақыт беріледі.Ойын 3 деңгейден, 10 тапсырмадан тұрады.Максималды 100 ұпайды жинаған оқушы жеңіске жетеді.

Соңғы 4 ойын Cat thief – ұры мысық деп аталады. Бұл ойын «there is\there are» грамматикалық тақырбына арналып құрастылған. Ойын ережесі бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы шұжықты алған мысыққа аспаздан қашуға көмектесуіміз қажет. Тапсырмаларды орындауға берілген уақыт шектеулі. Ойын 3 деңгейден, 15 тапсырмадан тұрады.Әр деңгей сайын жылдамдық күшейе түседі. Оқушылар максималды 100 ұпайды алу арқылы жеңіске жетеді.

Umaigra интернет қосымшасы арқылы осы ойындарды құрастырып сабағымда қолданып жүрмін. Бұл қосымшаның ерекшелігі кез келген пәннен әр түрлі тақырыптарға ойын құрастырып қолдана беруге болады. Сонымен қатар, дайын құрастырылған ойындарды іздеп сабақта қолдануға болады.

Баяндаманы қорытындылай келе айтқым келетіні: Umaigra интернет қосымшасын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға болады. Жұмысымның нәтижесі ретінде жақында болған «Педагогикалық идеялар панорамасы» деп аталатын облыстық педагогтар сайысында осы интернет қосымшасын пайдаланып жүлделі II орынды ие болғанымды айта аламын. Сіздерге де өз сабақтарыңызда осы интернет қосымшасын пайдалануға кеңес беремін, Umaigra интернет қосымшасын пайдалану арқылы үлкен белестерді бағындырасыздар деген сенімдемін!



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. https://www.umaigra.com/editor/game/70199

  2. Мұғалім кз.шет.тілі 2010ж.

  3. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. –Алматы. 2005.

  4. Аймағамбетов А.А. Отандық ғылымда жаңа серпіліс болады
    https://egemen.kz/article/233068-askhat-aymaghambetov

  5. Қазақстан бүгіні мен ертені https://qazaq1913.com/2020/08/11/aza-stan-ylymy-b-gin-




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі