400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Үміт, сенім бізді алға жетелейді!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып,қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы. «Үміт, сенім бізді алға жетелейді!»

Тренингтің мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып,қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға,адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып,өзін-өзі реттеуін, өзі-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділгін арттыруын жүзеге асыру.

Тренинг кезеңі

  • «Менімен таныс болыңыз»

  • «Ой қозғау»

  • «Білгенге маржан»

  • «Айналма» жаттығуы

  • «Менімен бірге қайтала»

  • "Жұлдыздар жарқырайды"

  • «Шынымды айтсам…»

  • «Біздің топтың жүрегі»

  • Майшаммен тілек айту

Менімен таныс болыңыз?

А-ка З-з П-но Ц-ми

Б-зу И-ки Р-ши Ч-кэ

В-ру К-мэ С-ари Ш,Щ- хи

Г-жи Л-та Т-чи Ь,Ъ,Ы-зук

Д-тэ М-рин У-до Э-мэй

Е-ку Н-то Ф- лу Ю-фу

Ж- су О-мо Х- ри Я-на


Ой қозғау

Мақсаты:Кімнің қанша сөйлем құрастырғанын білу,ойлау қабілетін байқау, өзгелермен салыстыру

Нұсқау:

БАҚЫТ. МАҚСАТ. ӨМІР. ҚУАНЫШ. Деген төрт сөзді пайдаланып сөйлем құрастыру немесе әңгіме жазуға да болады.

Білгенге маржан

  1. Емтиханға қалай дайындалуга болады ?

  2. ҰБТ-ге дайындалу үшін жұмыс орнын қалай ұйымдастыруға болады?

  3. Емтихан алдындағы күнді қалай ұйымдастыру керек?

  4. Емтиханды жақсы тапсыру үшін не істеу керек?

  5. ҰБТ-мен үшін.......

  6. Бірінші кезекте не толғандырады?

Талқылауға 2 минут беріледі. Талқыланған сұрақтар бойынша өңделген топтық идеяларды айтуын сұранамыз.

«Айналма» жаттығуы

Мақсаты: Қиындықтан шығу дағдыларын қалыптастыру

Нұсқау: Шеңбер бойымен қолдарынан ұстап, айналмадан кедергісіз өту.т.б.

«Менімен бірге қайтала» жаттығуы

«Жұлдыздар жарқырайды»

Мақсаты:Өзіндік ішкі жанүниесіне үніле білу, қиялдағы армандарды шындыққа жанастыру

Нұсқау:

Әр оқушыға жұлдызша таратылады,жұлдызшаға оқушылар өздерінің жақсы нашар қасиеттерін жазып оқиды.

«Шынымды айтсам» аяқталмаған сөйлем...

(жас түлектердің стреске жақындығын айқындау)

«Біздің топтың жүрегі»

Мақсаты: Жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.

Нұсқау:

Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.

Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырмыз.

Майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдеремін.

мектеп психологы тарапынан қолдау

Хат«Ақ тілек»

Біздің қымбатты да сүйікті оқушымыз!

Біз саған хат жазып отырмыз. Сен ҰБТ-ні өте жақсы тапсыруды армандайтын, Қазақстанның беделді жоғары оқу орнында оқуды қалайтын мектеп бітірушісің. Қазір сенде қорқыныш бар. Ол –

« мен ҰБТ тапсыра алмай, сіздердің үміттеріңізді ақтай алмаймын ба?» – деген қорқыныш. Біз үшін қорқатын еш нәрсе жоқ. «Сен мықтысың, білімдісің. Сондықтан ҰБТ-ны жақсы тапсырасың! Ал егер төмен баға алсаң, біз сені жақсы көретін, саған көмектесетін, сені түсінетін адамың екенімізді ұмытпа! Алайда сен міндетті түрде тапсырасың!» Осы сөздерді есте сақтап, жүрегіңе қалдыр. Өз күшіңді сезінудің өзі күш беретінін, ұмытпа. Сендерге қолдау көрсетіп, сенетін, сыйлайтын, жақсы көретін ұстаздарың, ата-аналарың.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қазан
1447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі