Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үндестік заңы. Буын үндестігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға үндестік заңы, буын үндестігі туралы толық түсінік беру. Сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігін ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкесі

Бержан Қанатбаев атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Байтубетова Кундыз Каримжановна

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы. Буын үндестігі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға үндестік заңы, буын үндестігі туралы толық түсінік беру. Сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігін ұғындыру.

Дамытушылық: Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, жаттығу жұмысы, тест жұмысы, талдау тапсырмалары.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, суреттер, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы.

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар, біздер бүгінгі сабағымызда «Қазақстанның жеті кереметімен» танысамыз. Шетелдіктерге «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп мақтана көрсетіп, еліміздің тарихи-мәдени, табиғи ескерткіштерін, көрікті өңірлерін таныту, насихаттау мақсатында 2008 жылы «Қазақстанның жеті кереметі» атты жаңа жоба қолға алынған-ды. Жобаны ұйымдастырушылар қазақтың да өз кереметі болуы керек дейді.

Сөйтіп, 2009 жылы байқаудың қорытындысы шықты. Тоғыз ай бойы республика тұрғындары ғаламтор арқылы таңдаған тарихи ескерткіш, табиғи мекендер мен архитектуралық құрылыстың тізімі жарияланды.

Біздер ол ескерткіштердің аттарын білуіміз үшін түрлі тапсырмаларды орындауымыз керек. Сонда ғана ескерткіштермен таныса аламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыптар бойынша бекіту сұрақтары:

  • Фонетика нені зерттейді?

  • Дауысты дыбыс деген не?

  • Дауысты дыбыстың түрлерін айтыңыз.

  • Дауыссыз дыбыс, оның түрлері туралы айтыңыз.

  • Буын дегеніміз не? Буынның түрлеріне тоқталыңыз.

  • Тасымал дегеніміз не?


  1. Оғыландыдағы Бекет Ата жерасты мешіті

Бекет Ата 1750-1812 жылдары Маңғыстау өңірінде өмір сүрген. Бойында адамға сирек бітетін ерекше қасиеттер болған. Ерекше қасиеттерімен бірге, білімділігімен, даналығымен, батырлығымен, көріпкелдігімен, емшілігімен қазақтың кең даласына әйгілі болған.

Бекет Ата адамдарды емдеп, оларға деген өмірлік күштерді сыйлады. Халықтың жадында ақылгөй және қалмақтармен соғысқанда қолбасшы ретінде сақталған болатын.

Оғыланды мешіті Маңғыстау облысында. Мешітте оқылған құран, дұға, аяттар мешітте қанша кісі отырса да, бәріне анық естіледі екен. Мешіттің төбесінен қарағанда, Темірқазық жұлдызы төбенің дәл үстінде тұрады.

Халық басына ауыр жағдай түскенде, сырқатқа шалдыққанда, қиыншылыққа душар болғанда Бекет атаға сыйынып, Оғыландыдағы мешітке барып түнейді, көмек сұрайды.


ІІІ. Жаңа сабақ

Кесте арқылы жаңа сабақты меңгерту. Екі бағандағы сөздердің жазылуы мен айтылуындағы ерекшеліктер мен өзгерістерге назар аудартып, оқушыларға тұжырым жасату.

адамдар

адамдер

үйлер

үйлар

әкесі

әкесы

жазда

жазта

міндеттер

міндетдер

Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп айтамыз.








Сингармонизм (грек. «бірге үндесу, үйлесу») – сөз ішіндегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке болып үндесуі.


  1. Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

Қожа Ахмет Йасауи – ақын, ойшыл, ұстаз, діни ағарткшы, сопылардың ұстазы. Сайрам қаласында туып, Йасыда (Түркістанда) тұрған, сондықтан әлемге Йасауи деген атпен танымал.

Ахмет Йасауи кесенесі — Түркістан қаласындағы архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Йасауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Деректерде Қожа Ахмет Йасауидің XII ғасырда салынған, құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмір Темір мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмір еткендігі айтылады.


ІҮ. Сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс.

314-жаттығу.

Жуан буынды сөздер

Жіңішке буынды сөздер

Аралас буынды сөздер









  1. Сауран қалашығы

Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған, Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі. Сауран туралы алғашқы деректер 10 ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды сауда орталығы ретінде белгілі болған. 13 ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. Сауран 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында әлсіреп, 19 ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады.


Өлеңдегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны тауып қойыңдар.

Ана тіл... –

Алтын ұям, құндағым,

Ақ бесік... әлдиің... тыңдадым.

Сенің жаз..., сенің ән... айтарым,

Санам сөніп,

Байланғанша тіл-жағым!

Ана тілім –

Дана тілім, бақ тілім,

Сен... бақыт дүниеден тап... кім?

Сенсің менің қасірет...,шаттығ...,

Сен... менің тазалығым, пәктігім.



  1. Қаратау жотасы

Қаратау жотасы – Маңғыстау түбегіндегі аласа тау жоталары.

Қаратау жотасының жер қойнауында темір, мыс кентастары, көмір, мұнай, газдың мол қоры шоғырланған.


«Ойлан, тап» тапсырмасы

Буын үндестігіне бағынбайтын бес сөз тауып жазу. Екі сөзге сөйлем құрау.


  1. Қазақстандағы ең терең Қарақия ойпаты

Қарақия – әлемдегі ең терең ойпаттың бірі. Маңғыстауда орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 132 метр төменде жатыр. Оның ұзындығы елу километрге жуық. Қарақия ойпаты Үстірт шоқысының бөлігі болып табылады.


«Кім тапқыр?» ойыны

Берілген сөздердің құрамындағы дыбыстарға талдау жасап, сөзді буынға бөліп, буын түрін ажыратып, тасымалдану жолын түсіндіру.

Кітап, оқушы, Елтаңба, дәстүр, ойын.


  1. Шерғала

Шерғала – биiктiгi 305 метрге жуық ежелгi жер сiлкiнiстерi кезінде бұзылған таулардан қалған жалғыз ақбор тау. Бір жағынан қарасаң, ақ киіз үйге, екінші жағынан ұйықтап жатқан арыстанның бейнесіне ұқсайды. Сондықтан тауды – Шерғала деп атап, түрік тілінен аударсақ “Тау арыстан” немесе “Арыстанды тау”дегенді білдіреді. Тарихшылардың айтуынша, таудың шығыс бетiнде жасырын үңгiр жолы бар. Ол тау басындағы бекiнiске апарады.


Тест жұмысы.

1. Әрі жіңішке, әрі ашық дауысты дыбысты табыңыз.

А) ұ В) ө С) о

2. Үнді дауыссыздан басталып, үнді дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз.

А) Мен В) Біз С) Сіз

3. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді көрсетіңіз.

А) Аудан, таза В) Жұрт, қыс С) Арыс, Шу

4. Жуан буынды сөзді атаңыз.

А) Үстел В) Сабақ С) Кезекші

5. Тасымалдауға келмейтін қатарды көрсетіңіз.

А) Жаңа В) Дәулет С) Ара

6. Үңдестік заңына бағынбайтын сөз.

А) Астана В) Ауызекі С) Қарағанды

7. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді табыңыз.

А) Алыс-тан В) А-лыс-тан С) Ал-ыс-тан

  1. Астанадағы «Бәйтерек» монументі

«Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында керемет үлкен шардан тұрады. Құрылымның жалпы биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асады. Діңінің ұзындығы 97 метр. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан 1997 жылмен сәйкес келеді.

ІҮ. Үйге тапсырма беру: 316-жаттығу.

Ү. Бағалау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
4836
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12