Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұ.О.Қ арналған ойын-сауық Тақырыбы: Абайла,бағдаршам.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жолда жүру ережелері туралы түсінік беріп,инспектор жолда жүру ережелерімен таныстырды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Абайла, бағдаршам

Тәрбиеші:Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз кәзір орманға саяхатқа барамыз. Жол қашық сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.

Бұл тұлпар су ішпейді.жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді,

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді .

Тәрбиеші:Енді жол ережелерін есімізге түсірейік.Өйткені, жолда бағдаршам кездеседі.

(5 бала ортаға шығады)

Аймекен : Қызыл көз

Мен көзімді ашқанда

Ешкашанда баспа алға

Орныңда тұр қозғалма

Ереже бұл сен сақта!


Нұрбол : Сары көз

Мен көзімді ашқанда,

Қарап қалма аспанға,

Жүруғе әлі болмайды

Дайындықты сақтайды .


Аяулым : Жасыл көз

Мен көзімді ашқанда,

Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер,

Өтуге еш саспайды.


Айзада ;

Жолда кесіп өтерде

Сол жағыңа қарама

Жарты жолға келгенде

Оң жағына қарама

Білгенімді басқаға

Үйрете жүр жарай ма?


Айғаным :

Ашса кезек 3 көзін

Айтты деп ұқ 3 сөзін

Тоқта сақтан,жол ашық

Жүрме жолға таласып

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға.

Тәрбиеші:Ал балалар, қане атобусқа жайғасайық. Ал қозғалдық. Сәт сапар! Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз.Көше қиылыстарының бәрінде бағдаршам тұр екен. Бағдаршамның қай түсі жанғанда біздің автобусымыз жүру керек.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұк, үш сөзін

-Тоқта!

-Сақтан!

-Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Тәрбиеші:Балалар жүргізуші неғып жүрісің баяулатты?

Аина: Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.

Тәрбиеші:Ол белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр?

Мақсат: Бұл «Абайла!», «Жануарлар!» деген белгі. Жүргізуші байқап жүрмесе,жануарды басып кетуі мүмкін.

Тәрбиеші: Ондай белгіні қалада қай жерлерде көруге болады.

С. Аружан:Мектептердің жанындағы көшеде балалардың суреті салынған белгі тұрады.Көзі көрмейтін зағип адамдар

өтетін жерде көзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады

Тәрбиеші:Ендеше «Жануарлар » деген ескерту белгісі тұрса,біз ор манға да келіп қалған болдық қой.Әне қараңдар Аю мен Қонжық кетіп жатыр.

Көрініс «Аю мен Қонжық»

Аю: Көшеден өтерде әуелі сол жаққа, содан соң оң жағына қарау керек. Әйтпесе, машина басып кетеді.

Қонжық: Жоқ, мен оңға да, солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.

Аю: Ақымағым-ау, ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.

Тәрбиеші: Біз тоқтап, Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолда қалай өту керек екенін түсіндірейік. Қонжық сен бері кел.

Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек. Бұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.

Диар: Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсың. Жолдың ортасына келгесін, оң жаққа қараймыз. Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяу жүргіншілерге жол береді.

Қонжық:Рахмет,енді түсіндім.

Аю: Балалар, қонжығыма көмектескендерің ушін сендерге рахмет! Жолдарың болсын!

Тәрбиеші:Ал біз әрі қарай кеттік жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап, айналамызға назар аударайық. Қараңдаршы, орман іші қандай әдемі, түрлі гүлдер өскен, құстар сайрап, қөбелектер гүлден -гүлге қонады.

(Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)

Түлкі:Мына қыли қоянның кесірі. Мені велигіне отырғызып, алдымыздан машина шыға келгенде, рульді бура алмай, құлатып тастады.

Қоян:Ой!,Қалай өтірік айтасың.Өзің емес пе, «мен кушті тебем, мен кушті тебем» деп мақтанып,рульге отырған.

Неге маған жала жабасың?

Тәрбиеші :Жарайды, дауласпаңдар. Кел, автобусқа отыра қойыңдар. Жолда сендерді Айболитке апарамыз. Балалар байқадыңдар ма мына жерде қандай белгі тұр?

Балалар: «Велосепед тебуге болмайды!»-деген белгі.

Тәрбиеші:Мына қасқырға не болған,бұл неге жылап келе жатыр?

Ау,қасеке,саған не болған, бетің көгеріп, аяқ-қолын жара болыпты біреу ренжітті ме?

Қасқыр:Жоқ мені кім ренжітуші еді.Бір машина үстіне қой мен ешкі тиеп кетіп бара жатыр екен, соның біреуін алып қалайыншы деп, машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп, аяқ-қолымды,басымды жаралап алдым.

Тәрбиеші:Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па? Жарайды,Қасеке, автобусқа кіріп, ана түлкі мен қояның жанына отыр, Айболитке барасың.

Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой?

Айпара:Айболит атамыз, барін де емдейді. Ауырса адамды, аңды да емдейді. Қадірлі, мейрімді, Айболит атамыз.

Тәрбиеші:Балалар, Айболит атаға да келдік.

Айболит:Ой, мына қасқырға не болған,бұл неге жылап отыр?

Қасқыр:айтайын мен сізге шынымды, жармасып малы бар машинаның артынан домалап түстим.

Айболит:Бір сәтке тойып жер мал үшін тәртіпті бұзыпсың, Қарынның қамы үшін міне, енді еніреп тұрғаның, ұят-ай аяқты сындырып, басынды жарыпсың?

Аңдар:-Айболит ата, енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.

-Машинаға жабыспайтын боламын.

-Рахмет, Айболит ата.

Айболит:Ал енді жарақаттарыңды жазып берейін.

Тәрбиеші: Балалар біздің бүгінгі саяхатымыз өте қызықты болды,сендерге ұнадыма? Олай болса қайтадан қалаға өз балабақшамызға қайтайық.




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
671
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12