жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҰОҚ «Жайлауға саяхат»
«Бекітемін»
Көкшетау қаласы білім бөлімінің
жанындағы МКҚК
«№2 «Жұлдыз» балабақшасының
меңгерушісі
_________А.М.Абдрахманова
№5 педагогикалық кеңестің
ҰОҚ Қорытынды ашық сабағы
№9 «Арай» санаторлы ортаңғы тобы
Өткізген: Шайбекова Акмарал Турлыбековна
Күні: 25.04.2019ж.
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Жайлауға саяхат»
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту, үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері. Білімділік: үй жаунуарларды ажырата білу, олардың дауыстарын тану, төлдерін дұрыс айтуын жетілдіру, алған білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдерін, есте сақтау, көру, ойлау қабілеттерін дамыту, сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелік: туған жердің табиғатының сұлулығын сезінуге, оны аялап қорғауға, адамгершілікке жануарларға деген қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, саяхаттау, көрсету, жұмбақ шешу, ДСТ.
Көрнекіліктер: ойыншық жануарлар, үй жануарлардың суреттері, төлдерінің суреті, сүттен жасалатын тағамдардың суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: ойыншық үй жануарлары, тақырыпқа байланысты заттар.
Үштілдік компонент: жайлау – жайлау – zhailau, саяхат – путешествие – journey.
Сөздік жұмыс: көмектесу – жәрдемдесу, қол ұшын беру.
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Қайырлы күн достарым,
Сендерді көрсем қуанамын!
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше ұйымдастыру оқу – қызметімізге көп қонақтар келді. Қонақтар келгенде не істейміз? (- амандасамыз, деп балалар үш тілде сәлемдеседі:
Сәлеметсізбе – Здраствуйте – Good morning).
Тәрбиеші: Айтыңдаршы балалар, жайлауға жұрт қай уақытта шығады? (көктем мезгілінде)
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Мнемокесте бойынша айтады: Көктем мезгілінде қар ериді, жылғалардан су ағады, күн жылынады, шөптер, бәйшешектер өседі, ағаштар бүршік жарады, жәндіктер оянады, құстар жылы жақтан ұшып келеді).
Балалар, мен сендерге жайлауға саяхатқа шығуды ұсынамын.
Жайлауға немен баруға болады? (Балалардың жауаптары. қоғамдық көлікпен,...)
Ендеше автобуспен барайық. Бірінші орындықта отырған бала жүргізуші болсын, оған рулді береміз, қалғандарымыз жүргізушіге қарап, оңға бұрылып отырайық!
(аялдамадан аялдамаға жүріп жатқан автобустың дауысы)
Біз жайлауға да келіп жеттік.
Бәріміз көзімізді жұмып, таза ауамен дем алайықшы.
(табиғаттың, құстардың дауысы)
Біз саяхатқа қайда келдік? (Жайлауға келдік)
Дидактикалық ойын: «Не қалай дауыстайды?»
Мұқият тыңдаңдар, әр түрлі дыбыстар естіледі, сол дыбыстар ненің дыбыстары екенін табыңдаршы? (Қой, сиыр, жылқы, ешкі дауыстары естіледі, балалар ненің дауысы екенін табады).
Қой маңырайды, мә-мә.
Сиыр мөңірейді, мө-мө.
Жылқы кісіңейді, ио-ио,
Түйе боздайды, бө-бө,
Ешкі бақырады, бе-бе).
Дұрыс, балалар үй жануарларын дауыстарынан жақсы біледі екенсіңдер.
Тәрбиеші: Шопан атада келіп қалды. (Балалар, Шопан атамен амандасады)
Шопан ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің жайлауға келгендеріңе қуаныштымын!
Линара: Шопан ата біз «Жұлдыз» балабақшасынан, жайлауға саяхаттап келдік.
Шопан ата: Отырып дем алыңдар, шаршаған боларсыңдар! Төрлетіңдер!
Балалар, сендер төрт түлік малға не жататынын білесіңдер ме?
(Балалардың жауаптары: түйе, жылқы, сиыр, қой жатады)
Шопан ата: Дұрыс айтасыңдар.
Тәрбиеші: Ал енді осы жануарларға байланысты жұмбақ шешіп көріңдерші.
Жұмбақтар:
1 – жұмбақ:
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (қой)
2 – жұмбақ:
Төрт бұлағы сүт, өзі күшті,
Мүйізі мықты,
Шайнаңдағаны сағыз (сиыр)
3 – жұмбақ:
Шопан ата: Мен жасырып көрейін таба аларма екен, жауабын. (Басын изеп) Әй – таба алмайды!
Тәрбиеші: Шопан ата, біздің балалар өте білімді, тапқыр!
Шопан ата: Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)
Шопан ата: Жарайсыңдар балалар!
4 – жұмбақ:
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар,
Ол не? (түйе)
Тәрбиеші: сендер барлық жұмбақтың жауабын таптыңдар, Шопан ата көрдіңізбе, біздің балалар өте зейінді!
Тәрбиеші: Балалар, қыста қорада болған үй жануарлары, көктем мезгілінде жайлауға шығады. Олар қолға үйретілген, адамның жанында өмір сүреді, адамдар оған қамқорлық жасайды, күтеді, жемін, суын береді. Сол үшін жануарлар адамға өз пайдасын көрсетеді екен.
Ал, қазір біз жануарлардың адамға қандай пайдасы барын айтайық.
- Балалар, үй жануарлар бізге не береді? (сүт береді, ет береді, терісінен киім тігеді, жүнінен киім тоқиды)
- Сүттен нелер жасайды? (айран, құрт, май, сүзбе, ірімшік, қоспа, уыз, қаймақ, кілегей, балқаймақ істейді)
Шопан ата: Жарайсыңдар! Жақсы біледі екенсіңдер!
Тәрбиеші: Балалар енді, бір сергіп алайық!
Сергіту сәті: «Бөрте лақ»
Шөре – шөре, лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Тәрбиеші: Үй жануардың төлдерін атап шығайық.
Мынау не? (қозы, еркелетіп қошақан дейді)
Мынау не? (Бұзау)
Мынау не? (Құлын, еркелетіп құлыншақ дейді)
Мынау не? (Бота, еркелетіп ботақан дейді)
Мынау не? (лақ) суреттерді көрсету)
Гулсана: Балалар, мыналар біздің жануарлардың төлдері, оларды біз күтуіміз керек, қорғау керек.
Тәрбиеші: Рахмет, сізге Шопан ата, біз енді балабақшаға барайық!
Шопан ата: Балалар, келгендеріңе рахмет! Мына құрттан дәм татыңдар, сүтті топтарыңа барғанда ішіңдер!
Тәрбиеші: Рахмет, сүтпен, құртты топта үлестіріп беремін, сау болыңыз!
– Ал енді, автобусқа мініп, балабақшаға барайық.
(аялдамадан аялдамаға жүріп жатқан автобустың дауысы)
Қорытындылау: (Балаларды мақтап мадақтау, қонақтармен қоштасу, құрттардан үлестіріп беру).
– Балалар біздер жайлауға саяхат жасадық, сендер Шопан атаны көрдіңдер! Қораларда, шарбақтарда жануарларды көріп саяхат жасадық.
– Балалар, үштілде саяхат қалай болады? (саяхат – путешествие – journey).
– Рахмет сендерге, жарайсыңдар!
– Енді балалар, қонақтармен қоштасайық.
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Құрметпенен Сіздерге,
Бас иеміз біз!
– Енді қолымызды жуып құрттан жейік!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген