ҰОҚ Жапсыру Тақырыбы :Түймедақ орта топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰОҚ Жапсыру Тақырыбы :Түймедақ орта топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қиялын, шығармашылық қабілетін, айналадағы болып жатқан құбылыстар жайлы білімдерін пысықтау, есте сақтау қабілетін – дамыту. Түймедақ гүлі туралы түсінік беріп, білімдерін кеңейту. Еңбекке тәрбиелеу Шығармашылық қабілетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы:Толеугазина Ардақ Хапизовна

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «Аягөз қалалық №1 бөбекжай-балабақшасы » КМҚК



Білім беру: Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: Түймедақ гүлі

Мақсаты: Балалардың қиялын, шығармашылық қабілетін, айналадағы болып жатқан құбылыстар жайлы білімдерін пысықтау, есте сақтау қабілетін – дамыту.


Білімділік: Түймедақ гүлі туралы түсінік беріп, білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік: Еңбекке тәрбиелеу

Дамытушылық: шығармашылық қабілетін, ойлау,

есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Түзетушілік: Саусақ мүшелерінің қозғалысын нығайту.

Билингвальды жұмыс: Түймедақ – ромашка - camomile

Көрнекілік құралдар: Түймедақ гүлінің суреті, түрлі-түсті қағаз, гүлдің үлгісі..

Әрекеттердің

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық оятушылық

Жылулық шеңбер:

Балалар сабақты бастамас бұрын, жарқыраған Күнмен, Жер Анамен, амандасып алайық.
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көріп қуандым.
Қуан шаттан, алақай!
Күліп шықты күн бүгін!
Қайырлы таң балалар!



Балалар бірге жасайды.

Ұйымдастыру

іздеушілік

Балалар бүгін біз «Түймедақ гүлі» тақырыбында гүл жапсырамыз.Балалар жылдың неше мезгілі бар? (төрт)
- Далада жылдың қай мезгілі? (көктем)
- Суық па, жылы ма? (жылы)

  • Көктемнің қай айы (үшінші)

  • Табиғат өзгерістерін әңгімелеу

Көктем туралы өлең

Көктем, көктем, көктемде,
Құстар ұшып келгенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.

Балалар, көктем мезгілінен кейін қай мезгіл (жаз мезгілі).

Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Қандай гүлдер өседі?(түймедақ, раушан, лалагүлі, қоңырау гүлдер және т.б.)

Түймедақ жайлы түсінік беру.Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар.
Биіктігі 35 см-ге жуық.Түймедақ Мамыр айынан қазан айына дейін гүлдейді.Түймедақтың емдік қасиетіДәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады.

- Балалар енді барлығымыз үстелдің басына отырып, жаздың әсем гүлі түймедақты түрлі-түсті қағаздан жапсырамыз.

Үлгі бойынша жапсыру іс-әрекетімен таныстыру.

Ал енді біраз тынығып алайық.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.

а) Түймедақ жапсыру
ә) жұмыстарын әңгімелеп беру.

Балалар мұқият тыңдайды.






Балалар сұрақтарға жауап береді.




Балалар бірге айтып қайталайды.





Балалардың жауабы.







Балалар мұқият тыңдайды.














Сергіту сәтінің сөздерін қайталайды,қимылдарын жасайды.



Рефлексті

Түзетушілік

Балаларды мадақтау.

Тақырып бойынша сұрақ қояды.

Бізде қандай сабақ болды?

Біз ҰО-іс әрекетінде не істедік?

Сендерге ҰО-іс әрекеті ұнады ма?

Ұнаса несімен ұнады?

Қоштасу
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: «Түймедақ гүлін» тиянақты жапсыра білуге.

Нені игерді: «Түймедақ гүлі» туралы мағлұматты жақсы игеріп, білімдерін бекітті.

Нені біледі: Көктем, жаз мезгілінің белгілерін, көктем туралы тақпақ.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2022
1717
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі