Материалдар / ҰОҚ "Жарық пен көлеңке"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҰОҚ "Жарық пен көлеңке"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы : Сурет салудың әдіс – тәсілдері. Жарық пен көлеңке Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру Тәрбиелік : әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу Дамытушылық : сабаққа деген ынтасын арттыру, ой – өрісін дамыту Құрал – жабдық , көрнекіліктер: Сабақ түрі : аралас сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2020
1288
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы : Сурет салудың әдіс – тәсілдері. Жарық пен көлеңке

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : сабаққа деген ынтасын арттыру, ой – өрісін дамыту

Құрал – жабдық , көрнекіліктер:

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сурет салу

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ : сурет салғанда жарық пен көлеңке үлкен рөл атқарады. Жарық пен көлеңке арқылы бейнеленген затымыздың жалпы пішінін , көлемін береміз. Ал дәлірек айтқанда жарық пен көлеңке дегеніміз қандай да бір затқа бағытталған жарық оның бойына әртүрлі болып таралады да, пішінін, тұтас көлемін көрсетеді.



Жарық пен көлеңке бірнеше түрге бөлінеді:

Жарық Жарық деп қандай да бір затқа сәуленің мол түсіп тұрған жерін айтамыз.

Жылт . Жарық сәулесі затқа аса көп түскен кезде шағылысып пайда болады. Көбіне металл, шыныдан жасалған заттарда кездеседі, оның аумаға онша үлкен болмайды. Қисық жазықтықта , заттың қырларында пайда болады.

Жартылай жарық. Сәуле затқа тура емес, көлбей түсіп, содан пайда болған жарықты жартылай жарық дейміз. Жартылай жарық көлеңке мен жарықтың арасындағы байланыстырушы қызметін атқарады.

Көлеңке деп заттың сәуле түспей тұрған ең қараңғы жерін айтамыз.

Тағы да бір көлеңке , ол - дененің жазықтыққа құлай түскен көлеңкесі. Бұл көлеңке әрқашан да дененің өзінің көлеңкесінен қоюлау болады.

Дененің шеткі жағында ( көлеңке жағында) басқа денеге түскен жарықтың әсер етуінен пайда болатын әлсіз жарық рефлекс деп аталады.

Жарық пен көлеңке әдетте ашық ақшыл заттарда анық байқалады.. Ал түр – түс қоңыр , қоюлау заттарда онша көрінбейді.

Жарық көзінен сәуленің тік түскен жері ең жарық тұсы болып саналады.

Жарық сәулесі қиғаш түскен жерде әлсіз көлеңке пайда болады. Ал жарық мүлде түспеген жерде көлеңке жатады.

Сызық немесе сызықтық бейнелеу. Сызық қандайда бір заттың пішінін бейнелейтін жиек шекарасын түзеді.

Сурет өнерінде бейнелеудің негізгі екі түрі бар, олар : сызықтық және реңдік бейнелеу. Бұлардың негізгісі - сызықтық бейнелеу. Өйткені , реңдік бейнелеу штрих немесе бояудың қоюлығымен бейнелеу сызықтық бейнелеуден кейін туады. Сызық немесе сызықтық бейнелеусіз суретті елестету мүмкін емес, сондықтан ол бейнелеу өнерінде басты рөл атқарады.

Әр заманда сызықтық бейнелеудің асқан шеберлері болды. Солардың ішінде атақты суретшілер : Леонардо да Винчи, Рафаель, Р. Гуттузо, П. Пикассо, Ә. Қастеев және қазақтың ұлы ғаламы Ш. Уәлиханов т.б. бар. Олар бір ғана сызықтық бейнелеумен бүкіл сурет болмысын,әдемі қимылды, көңіл күйді, философиялық ойды бере алатын.

Қазақ халқының аяулы ұлы, ғаламы суретші Ш. Уәлихановтың «Ата қаз», «Автопортрет», т.б еңбектері де аса жоғары кәсіби деңгейде орындалған. Әсіресе «автопортрет» еңбегіндегі пластикалық нәзік сызыққа бай, философиялық терең ойға құрылған, эстетикалық әсерлі туынды.

Штрих пен сызықты шатыстырмауымыз керек. Жоғары да айтқанымыздай, сызық қандайда бір заттың шекарасын түзсе, штрих сол заттың жарық, көлеңкесінің қоюлығын беріп, оның пішінін ашуға септігін тигізеді.

Штрих – көптеген қысқа сызықтардың жиынтығы. Оның бағыты бейнеленіп отырған заттың пішініне , оның бітіміне және үлкен кішілігіне байланысты болады.

Штрихтың бірнеше түрі бар , олар : бір бағыттағы түзу, кереге көз, көлбеу, доға тәрізді штрихтар т.б осының ішіндегі ең көп қолданылатыны – кереге көз штрихтар.

Тақырыпты бекіту : 1. Жарық пен көлеңкенің түрлерін ата.

2. Сурет өнеріндегі бейнелеу өнерінің негізгі екі түрін ата.

3. Сурет салғанда штрихтың рөлі қандай?

Үй тапсырмасы : Сызықтық бейнелеуге байланысты сурет салу






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!