Материалдар / ҰОҚ: Қарапайым математика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰОҚ: Қарапайым математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Сиқырлы математика еліне саяхат Жас ерекшелік тобы: мектеп алды даярлық тобы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2024
175
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математика

Тақырыбы: «Cыйқырлы математика елі»

Білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық»

Мақсаты: Балалардың математикалық білім мен ұғымдар негізінде ақыл –ой қабілеттерін қалыптастыру. 1ден-10 ға дейінгі сандарды тура және кері санай білу дағдыларын жетілдіру. Тура және кері санау дағдыларын үйрету. Қосу және азайту амалдарын суретпен сәйкестендіруді білуге үйрету, есептер шығаруды жалғастыру. Геометриялық фигураларды ажырата білу. Ойлау қабілеттерін арттыру. Сандарды салыстыра білуге, апта күндерімен, уақытты, кеңістікті бағдарлай білуін пысықтау. Алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылығы: Балалардың 10 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, дамытушы ойындар арқылы әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып салыстыру, ақыл ойларын, танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: балаларды тапқырлыққа , іздемпаздыққа , шапшандыққа , бірлікке тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдері: Сұрақ – жауап, салыстыру, ойын, карточкалар арқылы тапсырмалар, есептер, сурет салу.

Көрнекі құралдар: — 10ға дейінгі сандарға байланысты суреттер мен сандар


«Ой шақыру»

1. Жылдың қай мезгілі?

2. Бүгін аптаның қай күн?

3.Ертең қай күн?

4. Сенбіден кейін қай күн?

5.Ұйықтайтын уақыт қай тәулік?

6. Жаттығу жасайтын қай тәулік?

7. Үшбұрышта неше бұрыш бар?

8. Екі қоянда неше құлақ бар?

9. Дөңгелекте неше бұрыш бар?


-Жарайсыңдар, балалар! Бүгін топқа келе жатсам, біздің топқа арнап жазған хат тауып алдым. Кімнен болды екен, оқып көремізбе?

Салеметсіздерме балалар! Сіздерге сыйқырлы математикалық қалашықтан хат жазып отырмын. Зұлым мыстан кемпір біздің қалашығымызды сыйқырлап тастады. Сандар өз орнын таба алмай, пішіндер өз аттарын білмейтін болды. Апта күндеріде шатасып қалды. Сендер сондай ақылды балдар екендеріңді біліп сіздерден көмек сұраймыз! Сәлемнен математика елінің тұрғындары!


-Балалар математика елінің тұрғындарына көмектесемізбе?

-Ол үшін бізге бірнеше тапсырмаларды орындау қажет.

1- тапсырма: «Сандар шатысты»

(Карточкамен жұмыс)

1. Сандарды ретімен қою.

2. Тура, кері санау.

3. Атаған санның көршісін атау.

4. «Орнын анықта» 3 пен 5 тің ортасында қай сан тұрады?

7 мен 8 дің ортасында қай сан тұрады?

1 мен 2 санының ортасында қай сан?

2- тапсырма: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?»

Балалар 2 — тапсырмада былай делініпті: «Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?» Ақ қағаз бетінің ортасына сопақша, сол жақ бұрышының жоғарғысына үш бұрыш, төменгі бұрышына төртбұрышты орналастыр. Оң жағының жоғарғысына шаршыны, төмеңгі бұрышына шеңберді орналастыр.

Сергіту сәті:

3- тапсырма: «Ойнада, ойлан», «Сөз жұмбақ»

Логикалық есептер

1. — Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды? (1)

2. — Қоянда неше құлақ бар. (қоянның суретін көрсету)

3. — Қолда қанша саусақ бар? (саусақтардың суретін көрсету)

4. Ағашта 3 құс отыр, оның 2 – уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?

5. Себетте 2 алма, табақта 1 алма қосқанда барлығы болады неше алма?4-тапсырма: Мысалдар шығар, есеп құрастыр»

Карточкамен жұмыс

5-тапсырма:

Сандарды ретімен қойып тура, кері санайды.

Санның көршісін атайды.

(көрсетеді)

-4

-6

-3



Рефлексивті

Коррекциялаушы -Жарайсыңдар, балалар!

Біз барлық тапсырмаларды орындадық . Бүгін кімге көмектестік?

Біз бүгін сандарды ретімен қойып тура, кері санадық. Салыстырдық. Жұмбақ шештік. Есептер шығардық. Сурет салдық.

Аудио таспа.

Жарайсыңдар, балалар бәріңде ақылды екенсіңдер. Барлық тапсырмаларды дұрыс орындап мыстан кемпірдің сыйқыры шешілді.

Рахмет сіздерге. Сау болыңыздар!

-Сыйқырлы математика еліне.


Балалар қуаныш сезімге бөленеді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды ретімен, тура және кері санай білуді, сандар емлесін тануды;

Игереді: 10 көлемінде сандық есептеу, салыстыру, санау, топта дағдыларын игеру;

Меңгереді: ауызша есептер шығаруды, кеңістікті бағдарлай білуді;

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!