ҰОҚ "Сиқырлы сабын көпіршіктері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰОҚ "Сиқырлы сабын көпіршіктері"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰОҚ "Сиқырлы сабын көпіршіктері". Ортаңғы топ балаларына арналған. 2- 3 жас. Білім беру саласы шығармашылық., кіші саласы сурет салу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

17.02.21 ж

Кіші топқа арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Шығармашылық

ҰОҚ: Сурет салу

Тақырыбы: «Түрлі түсті шарлар» (сабын көпіршіктерімен)

Мақсаты: Балаларды дәстүрлі емес сурет салу техникасымен таныстыру.

Міндеттері:

Тәрбиелік: Балаларды бояулармен ұқыпты жұмыс жасауға, достарына көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Білімділік: Балаларды негізгі түстерді (қызыл, жасыл, сары, көк) ажыратып, атауға үйретуді жалғастыру. Сабын көпіршіктерімен сурет салуды үйрету.

Дамытушылық: Ұсақ қол моторикасын, зейінін, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: сабын көпіршіктері, 2 себет, түрлі түсті шарлар, ойыншық кірпі, бояулар, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үлгі сурет, мольберт.

Сөздік жұмыс: шар, қызыл, сары, көк, жасыл.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап.

Аймақтық компонент: «Қолымызды сабынмен жуамыз!» әңгімелеу.

Технологиялар: денсаулық сақтау, ойын, 4 К моделі.

І Кіріспе:

Балалар шеңбер құрайды.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақпейілмен:

«Қайырлы таң!» - деймін мен.

Балалар: шаттық шеңберін орындайды.     

ІІ Негізгі бөлім:

  • Балалар, қараңдаршы, бізге қонақ келіпті. (Балаларға ойыншық кірпіні көрсетіп). Бұл не?

Балалар: Бұл кірпі.

  • Дұрыс айтасыңдар! Бұл кірпі. Амандасайық онымен. Ол сендермен ойнағысы келіп отыр. Ол өзімен бірге мынаны алып келді. (шарлар мен сабын көпіршіктерін көрсетті)

  • Тәрбиеші балаларға үрленген шарларды көрсетеді. Мынау не?

Балалар: Бұл шарлар.

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл шарлар екен. Олар қандай? Түстері ше?

Балалар: Шарлар дөңгелек, олардың түстері әр түрлі. Қызыл, сары, көк, жасыл.

  • Ал мынау не? Кім біледі?

Балалар: Бұл сабын көпіршіктері. Оларды үрлеп, ойнауға болады.

  • Тәрбиеші сабын қөпіршіктерін үрлеп, балалардан сұрайды.

Ты смотри, смотри, смотри

Полетели пузыри.

Красный, желтый, голубой

Выбирай себе любой.

  • Көпіршіктер қандай болып шықты?

Балалар: үлкен, кішкентай, түрлі түсті.

  • Балалар, сендер білесіңдер ме, олармен ойнауға ғана емес, сурет салуға да болады. Мен сендерге үстел басына отырып, сурет салуды ұсынғым келіп отыр.

Балалар, қазір сендермен түрлі түсті шарлардың суретін ерекше әдіспен саламыз, яғни, сабын көпіршіктерімен. Мені мұқият тыңдаңдар!

Мынау үлгі суретке назар аударыңдар! Біздің суретіміз дәл осындай әдемі болу керек. Кірпі өздерінің тікенектерімен шарларды жарып алмас үшін, біз оған жарылмайтын шарлардың суретін салып берейік!

Балалар: Мұқият, зейін салып тыңдайды.

Саусақ жаттығуы:

Оң саусағым шаршады,

Сол саусағым шаршады.

Саусақтарым бірігіп,

Билеп, билеп алады.

Балалар: Саусақ жаттығуын орындайды.

Сұйық сабынды алып стақанға құйып, сумен араластырамыз, сабын көпіршіктерінің таяқшасын алып, қағаздың үстіне үрлей бастаймыз. Сонда көпіршіктер қағазға түсіп, дөңгелек түрлі түсті іздер қалдырады.

Аймақтық компонент: «Қолымызды сабынмен жуамыз!» әңгімелеу.

Ал енді шарларымыз ұшып кетпес үшін, не салу керекпіз, не жетіспейді?

Балалар: Шарларға жіптер қажет, сол жіптерден ұстап, сондықтан олар ұшып кетпейді.

Сонда әдемі шарлар пайда болады. Жіпті өзіміз бояу қылқаламмен бейнелейміз.

Балалар, салған суреттерімізді кірпіге табыстайық!

Д/О: «Шарларды жина!»

Балалар, қазір екі топқа бөлініп, ойын ойнаймыз. Бірінші топ себетке көк шарларды, ал екінші топ қызыл шарларды жинайды. Қандай топ тезірек, әрі дұрыс орындаса, сол жеңіске жетеді.

Балалар: екі топқа бөлініп, шарларды жинайды. Ерекше қызығушылық танытып, ойын ойнайды.

ІІІ Қорытынды:

- Балалар, біз бүгін ненің суретін салдық?

Балалар: Біз шарлардың суретін салдық.

  • Оларды немен салдық?

Балалар: Оларды сабын көпіршіктерімен бейнеледік.

  • Сурет салған сендерге ұнады ма?

Балалар: Ия, ұнады. Өте қызықты болды.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін қорытындылайды.

  • Өте жақсы балалар! Бүгінгі оқу - қызметімізге бәріңізде жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар! Кірпімен қоштасады. Тәрбиеші балаларға әуе шарларын табыстайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2022
999
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі