Білім
беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ:
Сурет
салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы
Гүлдің
күлшелерін тауып беруге көмек беру.
Мақсаты:
дала гүлдері мен бөлме гүлдерінің
ерекшелігі туралы түсініктерін кеңейту.
Өсімдіктердің пайдасы туралы ойларын
толықтыру. Дәстүрден тыс сурет салу
әдісі арқылы гүлдердің бейнесін салуды
түсіндіру және бояу түстерін үйлесімді
қолдана білуге жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдері:
сұрақтар,
түсіндіру, ойын, сұрақ, жауап, мадақтау.
Құралдар:
гүл
күлшелері, сандар, суреттер.
Билингвалды
компонент: гүл-цветы-flowers
І.
Кіріспе
бөлім.
Шаттық
шеңбері:
Біз
қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы
тандаймыз.
Жарқыраған
күндейміз,
Ренжісуді
білмейміз.
ІІ.Негізгі
бөлім :
Тәрбиеші:
- Балалар, балабақшаға келе жатып бір
қорап тауып алдым, ішінен мынандай
дөңгелек бір нәрсе шықты ол не екен
білесіңдер ме?
Қызықтыру
сәті:
(Аянышты дауыс шығады)
Гүл:
-
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен гүлмін.
Қар астынан өсіп шыға бергенімде қатты
дауыл тұрып , менің күлшелерімді ұшырып
жіберді тауып беріңдерші.( жылайды)
Тәрбиеші:
-
Сәлеметсіз бе, Гүл!
Жылама
гүл сенің күлшелерінді тауып береміз.
Балалар көмек береміз бе?
Дидактикалық
ойын: "Не, қайда жасырынған?"
Ойын
шартты: Ойын
шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді
таңдап алыңдар, олардың артында аяқталмай
қалған суреттер бар сол ненің суреті
екен табыңдар.
Экранда
әртүрлі заттар бейнеленген, заттарды
атап және не жасырынғанын атап беру
керек.
-
Балалар, қараңдаршы сиқырлы экраннан
бір нәрселер шығып тұрғандай қарап
көрейік. Бұл не?
-
Арслан құмыра артында не жасырынған?
-
Қанша гүл жасырынған?
-
Қазтамақ гүл қандай өсімдік түрі?
-
Қайда өседі?
-
Айша ағаш артында не жасырынған?
-
Түймедақ гүлі қандай өсімдіктер түріне
жатады?
Гүл:
- Алақай, менің күлшем табылды.
Тәрбиеші:
-
Гүл , сізде қанша күлше болып еді?
Гүл:
- Менде бес күлше болған.
Тағы
да іздеп көрейік .
Тәрбиеші:
-
Балалар мен шар тауып алдым. Шардың
ішінде бірдене бар, алып көреміз бе?
-Ол
тапсырма екен.
1
тапсырма: « Гүлдердің орнын тап»
Құралдар:
Гүлдердің
кесіндері әртүрлі қалыпта тұрған.
Ойын
ережесі: гүлдердің
(өсімдіктің) көлеңкелерін тауып,
орындарына қою керек.
Тәрбиеші:
- Дария,
сен қандай гүлдің бейнесін таптың?
Фикус
гүлінің жапырағы қандай болады?
Гүл:
- Жарайсыңдар!
2
тапсырма: «Гүл алқабы»
-
Гүл алқабына біз тек дала өсімдіктерін
өсіруміз керек.
-
Дала өсімдіктеріне нелер жатады?
Бала:
- Түймедақ, бақбақ, раушан, жауқазын т.б.
Гүл:
- Менің достарымды орындарын тауып қойып
беріңдерші.
Бақбақ
өсімдігінің жапырағы ұзын және қылқанақты
болады.
-Бұл
жерде сондай жапырақ бар ма?
Бала:
- Бірінші тұрған жапыраққа бақбақ гүлін
қоямыз.
Тәрбиеші:
- Раушан гүлінің жапырағы қандай болады?
Бала:
- Раушан гүлінің жапырағы сопақша және
қылқанақты болады.
Гүл:
- Менің күлшем жапырақтардың астында
жасырынып қалған.
Тәрбиеші:
- Гүлде енді , сізде қанша күлше болды?
Гүл:
- Енді менің күлшемді қайдам табамыз?
Гүл:
- Мен
шаршадым.
Тәрбиеші:
- Гүл, сіз жыламаңыз, балалармен бірге
би билеп сандарды санап бой жазып алыңыз.
Сергіту
сәті: «1,2,3 бой жазамыз бәріміз»
Тәрбиеші:
- Қараңдаршы,
бір құс ұшып келе жатыр.
Ол
қандай құс?
Балалар:
-
Көгершін құсы. Көгершін құсын «бейбітшілік
құсы» деп атайды.
Тәрбиеші:
-
Балалар, көгершін құсыда бізге ойын
әкеліпті.
Тәрбиеші:
- Балалар, сиқыр жасай білесіңдер ме?
Тәрбиеші:
- Гүл,
сіздің күлтелеріңіз (қауыздарыңыз)
қандай түсті?
Гүл:
- Балалар, менің фотосуретімді көрсетейін,
балалар түстерін сендер атап беріңдерші.
Бала:
- Қызыл, жасыл, күлгін, көк, қызғылтсары,
қоңыр, ақ түсті.
Сурет
салу әдісі:
бөтелке тығындысын сары түсті бояуға
батырып алып, қағаз бетіне таңба басамыз.
Гүл күлтелерін алақанды бояуға батырып,
дөңгелектің жан-жағына басып шығамыз.
Жеке
жұмыс.
Гүл:
-
Алақай, менің күлшем табылды.
ІІІ.
Қорытынды бөлімі – рефлексия:
Тәрбиеші:
- Қараңдаршы
балалар, бізде не пайда болды?
Гүлдің күлшелері қандай
түсті екен?
Гүл:
- Рахмет, балалар! Менің де сендерге
арналған сыйлығым бар.
Мадақтау.