Материалдар / ҰОҚ, сурет салу, тақырыбы "Сиқырлы таяқшалар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰОҚ, сурет салу, тақырыбы "Сиқырлы таяқшалар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2020
781
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балауса» ІІ - ші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні : 07. 09. 2020 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімдері: Сурет Тақырыбы: Сиқырлы таяқшалар Мақсаты: Балаларды қағаз түрлерімен және түрлі түсті қарындаштармен таныстыруды жалғастыру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп жаттықтыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, дөңгелек, таяқшаларды салуға үйрету.Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: Дөңгелектер - кружочки, таяқшалар - палочки, қарындаштар - карандаши

Құрал - жабдықтар: Қағаздың түрлері, түрлі - түсті қарындаштар, шар, қуыршақ Айсана, Күлдіргіш

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

- Балалар, бізге қуыршақ Айсана қонаққа келген екен. Айсана балалармен амандасады.

- Жолда келе жатып, сиқырлы қорап тауып алдым, ол қорап мені сурет салуға үйретті.

Балалардың сурет салуға ынталарын біліп, қызықтыратын сұрақтар қояды. Қорапты алып сылдырлатады, түстерін сұрайды, қалай аталатынын, неге сиқырлы болғандығына тоқталады. Ұштағышпен ұштап, оның ұшын шығарады. Бар сиқыр осы қарындаштың ұшында екендігіне тоқталады.

Қарындаштың ұшымен, қатты баспай, әдемілеп сызықтар сызуды көрсетеді. Қызыл қарындаштан, қызыл көк қарындаштардан көк түс, тағы басқа қарындаштан басқа түс шығатындығын айтады.

Балалар қуыршақ Айсанамен амандасып, қорапты қарайды. Олар сурет салуды жақсы көретіндіктерін айтады. Қорапты құлақтарының тұсына апарып қозғап көреді, ішін ашып, таяқшалардың түстерін атап, қатты екендігін ұстап көреді.

Ұшына қарап, қатты баспау ережесін сақтап, қағаз бетіне сызықтар, дөңгелек допты, шарды дөңгелек ретінде салып көреді.


Айсана қарындашпен сурет салу үшін қатты қағаздың түрлері керектігін түсіндіреді. Айсананың жақсы көретін досы Күлдіргіштің қолындағы шардың жіптері үзіліп қалыпты. Шарлар жеңіл болғандықтан, ұшып кетуі мүмкін, сондықтан жіп тағып қоюымыз керек. Өздерің қалаған түспен шарды бояп шығыңдар.

Сергіту сәті:

Оң саусағым шаршады,

Сол саусағым шаршады.

Саусақтарым бірігіп,

Билеп, билеп алады.

Қағазды қолмен ұстап танысады. Қарындашты оң қолдарына дұрыс ұстап, ауада сурет салу жолдарын қайталайды.





Сергіту сәтін қимылмен қайталайды.



Тәрбиеші балаларға көмек көрсетіп, балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Айсана:

- Осы сиқырлы таяқшамен әдемі суреттер салдық. Мен сендерге сыйлыққа осы қарындаштарды беремін. Қоштасып өзінің ойыншықтар әлеміне кетеді.

Балалар суреттерге қарап әдемі салғандарына көздері жетеді.



Айсана рахмет айтып, шығарып салады..


Күтілетін нәтиже: Білуі немесе хабардар болуы: Сурет салу үшін қағаз, қарындаштардың қажеттілігін

Қалыптасқан әдет: Зейін қойып тыңдайды Істей біледі: Сызықтар, дөңгелектер салуды.

Тәрбиеші: Калифанова А.Т.

Тексерген: _______

Ескерту: _________








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!