Материалдар / ҰОҚ Тақырыбы: "Шеңбер. Үлкен – кіші."

ҰОҚ Тақырыбы: "Шеңбер. Үлкен – кіші."

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, шығармашылық. Бөлімі:ҚМҰҚ. Тақырыбы:Шеңбер. Үлкен – кіші.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
661
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру салалары: таным, шығармашылық.

Бөлімі:ҚМҰҚ.

Тақырыбы:Шеңбер. Үлкен – кіші.

Мақсаты: жаңа геометриялық пішін – шеңбермен таныстыру.

Міндеттері:балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету;шеңбердің

түрлі көлемде (үлкен – кішкентай) болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді үйрену;

шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шеңберді берілген нүктелері

бойынша бастырып жүргізу; саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; жаңа геометриялық

пішіндерді салуға қызығушылықтарын ояту.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: жаңа геометриялық пішін – шеңберді атайды;

түсінеді: шеңбердің өлшемі әртүрлі болатынын;

қолданады: шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін дамытуды; шеңберді берілген

нүктелері бойынша бастырып жүргізуді; топ бөлмесі мен қоршаған ортадан шеңберге

ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамытуды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:үлкен қызылшеңбердің және кіші көк

шеңбердің макеті, шеңберге ұқсас заттардың суреті, ойыншық – Бауырсақ, үлестірмелі материалдар: кішкентай шеңбер, жұмыс дәптері, қызыл және көк түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс:шеңбер.

Билингвальды компонент: шеңбер – круг.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Күтпеген сәт.

Педагог: Бізге қонаққа Бауырсақ келді. Бауырсақ балалармен амандасады. Бауырсақ

сендерге заттарға байланысты жұмбақтар бергенімді қалайды.

2. Негізгі кезең.

«Жауабын тап» ойыны.

Педагог балаларға дөңгелек заттарға байланысты жұмбақтар жасырады.

Жұмбақ

Бір нәрсе өзі елеусіз, өзі керек,

Басы жоқ, аяғы жоқ, дөп-дөңгелек.

Жерінде басып кеткен із қалады,

Осыны тапшы, сен, болсаң зерек.

(Шеңбер)

Егер балалар жұмбақтың шешуін таба алмаса, Бауырсақ шеңберге ұқсайтын заттарды

көрсетеді (доп, шығыршық, дөңгелек т.б.).

«Геометриялық пішін – шеңбермен танысу» ойыны.

Үлкен – қызыл және кішкентай – көк шеңбердің макеттерін көрсетеді. Шеңбердің

бұрыштары болмайтынын, оның дөңгелейтінін айтады. Шеңберге ұқсас заттарды

(суреттен көрсетеді) дөңгелек, доп, қарбыз, құрсау т.б. атайды. Бір шеңбердің үлкен, ал

екіншісінің – кішкентай екенін айтып, бірінің үстіне бірін салып қарау арқылы

қайсысының үлкен, қайсысының кішкентай екенін білуді ұсынады.

Қандай түсті шеңбер үлкен?

Қандай түсті шеңбер кішкентай?

Бауырсақ дөңгелеп, өзінің бұрыштары жоқ, геометриялық фигураның пішініне ұқсас

екенін көрсетеді.

Сөздік жұмыс: шеңбер.

Билингвальды компонент: шеңбер – круг.

Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма.

Педагог жұмыс дәптеріндегі геометриялық пішінді – шеңберді табуын ұсынады.

Бауырсақ балалардан суреттегі бағыт сызығын бойлай саусақпен жүргізіп шығуларын

сұрайды. Үлкен шеңберді нүкте бойымен қызыл қарындашпен, ал кішкентай шеңберді көк

түсті қарындашпен бастырып сызуды тапсырады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Қай шеңберді қызыл қарындашпен сыздыңдар?

Ал көк қарындашпен қай шеңберді сыздыңдар?

Сергіту сәті: «Үлкен – кіші».

Педагог балаларға жаттығу жасап көрсетеді:

«Алдымен мен кішкентай боламын» деп, отырады.

«Содан кейін өсіп үлкен боламын» деп тұрып, қолын жоғары созады.

«Үлкен – кіші»ойыны. 2-тапсырма.

Педагог балаларға суреттен шеңберге ұқсас заттарды табуға ұсыныс жасайды.

Дәптердегі үлкен алманың, үлкен қарбыздың және кішкентай алманың, кішкентай

қарбыздың салынған суретіне назарларын аударуды ұсынады.

Сұрайды:

Алмалар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?

Олар қандай?

Балаларға бармағын үлкен алмаға, ал шынашағын кішкентай алмаға қоюды сұрайды.

Ал қарбыздар бірдей ме?

Балаларүлкен алмадан кішкентай алмаға, үлкен қарбыздан кішкентай қарбызға қарай

саусағымен жүргізуін сұрайды.

3.Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды.

Бауырсақ ертегіге қайту керектігін, балалардың тапсырманы жақсы орындағандары үшін

рақмет айтып, балаларға геометриялық пішін – шеңберді сыйға тартады.

Педагог сұрақтар қояды.Қандай геометриялық пішінді білесіңдер? Қандай заттар шеңберге ұқсайды, атаңдар.

Бауырсақ қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Бауырсақ сендерге не сыйлады?

Балалар шеңберді көру-қозғау жолымен зерттеу білігін

дамытады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ