Автор:
Молдағұлова Нұргүл Қамзағалиқызы.
М.а.д
тобына арналған ұйымдастырылған оқу
қызметі.
Білім
беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі:
Музыка
Тақырыбы:
Үй
жануарлары
Мақсаты:
Үй
жануарлары және олардың төлдері туралы
түсінік
беру.
Үй
жануарларын қорғау, оларға қамқорлық
жасау арқылы, ұқыптылыққа, мейрімділікке
тәрбиелеу. Музыкада бейнеленген
жануарлардың қимыл-қозғалысын өз
беттерінше жасай білу дағдыларын және
музыканы тыңдау, әнді дұрыс орындау
қабілеттерін дамыту.
Күтілетін
нәтиже: Үй
жануарлары және олардың төлдері туралы
біледі. Пайдасы мен қатар, дыбыстарын
ажыратады.
Ресурстары:
интеративтік
тақта, төрт-түлік пен төлдері, сиқырлы
қалам.
ҰОҚ
әдіс - тәсілдері: Түсіндіру,
көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Мотавациялық
қозғаушылық.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Балалар
көңілді әуенмен музыка залына кіріп,
шеңберге тұрады. Әуенмен мандасады.
Шаттық
шеңбері:
Біз
көңілді баламыз,
Сәлемдесіп
аламыз.
Әнге
салып әдемі,
Би
де билеп аламыз.
Балалар
шеңбермен түрлі би қимылдарын жасап,
орындарына жайғасады.
Музыка
жетекшісі:
Дауыс
қыздыру: Ән
айтам,
Жақсы
айтам.
Ән
қайталау:
«Зырлайды шанамыз» әні.
Сөзін
жазған: Қ.Ыдырысов
Әнін
жазған: Д.Мацуцин.
Музыка
жетекшісі: - Ал балалар, енді біз жаңа
тақырыбымызға көшейік.
Жұмбақтар:
Үстінде
екі тауы бар. (Түе)
Кішкене
ғана бойы бар.
Айналдырып
киген тоны бар. (Қой)
Секең-секең
жүреді,
Қойларды
ол сүзеді. (лақ)
Балалардың
жауаптары......
Музыка
жетекшісі балалардан қандай үй жануарларын
білетінін сұрап, ойларын тыңдайды.
Экраннан
үй жануарлары мен олардың адамға пайдасы
туралы бейне ролик көрсетіледі.
Есік
қағылып, музыкалық әуенмен дорба асынған
қария кіреді.
Қария:
- Амансыңдар ма, шырақтарым!
Музыка
жетекшісі: - Сәлеметсіз бе, Ата! Төрлетіңіз!
Қария:
- Шырақтарым, мен өздерің сияқты балаларға
төрт түлікпен және олардың төлдері
жайлы айтып таныстырып жүрген жанмын.
Осы балабақша көрінген соң, соға кетейін
деп ұйғардым.
Муз.жетекші:
- Ата, сіз дәл уақытында келдіңіз. Біз
қазір үй жануарларымен танысып жатқан
едік.
Қария
қысқаша үй жануарлары туралы айтады.
Мысалы:
Түе-Ойсыл қара,
Жылқы-Қамбар
ата,
Сиыр-Зеңгі
баба,
Қой-Шопан
ата,
Ешкі-Сексек
ата. Осыны біле жүріңдер. Шырақтарым,
мен сендерге құр қол келген жоқпын,
сендерге мынадай сиқырлы қаламымды ала
келдім.
Ата
бірнеше баланы шығарып,сиқырлы қалам
арқылы үй жануарлары және олардың
төлдерімен таныстырып, дауыстарын
тыңдатады.
Музыка
жетекшісі: - Ата, қандай керемет, рақмет
сізге. Біздің балаларға қатты ұнады.
Солай ма, балалар?
Балалар.....
Қария
балалармен хоштасып шығып кетеді.
Муз.жетекші:
- Балалар, композитор дегеніміз кім?
Балалар......
Ә.Есбаевтың
портреті көрсетіліп, қысқаша мағлұмат
беріледі.
Музыка
тыңдау:
Ә.Есбаев
«Ақ тайлақ».
Н.Еспанов
«Күшігім»
-
Ән
сендерге ұнады ма?
-
Не туралы екен? Әнде тағы қандай сөздер
болды?
-
Ән
қандай көңіл күйде жазылған?
-
Екпіні (жылдамдығы)қандай болды?
Балалардың
жауабы тыңдалады.
Ән
үйрену:
«Төлдер»
Б.Ғизатов.
Муз.жетекші
алдымен әнді өзі орындап береді.
Тыңдаған
әнді балалармен бірге талдайды.
Сендерге
қай малдың төлі көбірек ұнайды?...
Балаларға
әнді бір жолдан қайталату арқылы, бір
шумағын жаттатады.
Әуенді
қимыл-қозғалыс: Б.Бейсенова
«Тұлпарым»
Халық
әні «Қамажай»
Музыка
жетекшісі:
Музыкалық-дидактикалық
ойын:
«Жануарларды орналастыру»
Шарты:
үнтаспадан ойналған жануардың дауысын
тауып, буклеттегі орнына орналастыру.
Ендеше,
сендерді шығармашылық жұмыс жасауға
шақырамын. Ол үшін ортадағы көңілді
ноталарды бір-бірлеп ала қойыңдар. Қызыл
түсті нота алған балалар қызыл скрипка
кілті бар дөңгелек стөлге, сары түсті
алғандар оң жақ стөлге және көк түсті
нотасы бар балалар көк скрипка кілті
бар стөлге барады.
Шығармашылық
жұмыс: «Киізді
әсемдеу»
Дайын
киіздегі оюларды түрлі түсті жүндер
жабыстырып әсемдеу.
Қорытынды:
Рефлексия.
Үш
топқа «Төлдер» әніндегі төлдердің
отрибуттары дайындалған.
Бірінші
топ «қошақандар»-1 шумақты. Екінші топ
«лақтар»-2шумақты, үшінші топ
«боталар»-3шумақты қимыл-қозғалыстарын
өздері ойлап тауып орындайды.
Мен
сендерді мақтан тұтамын!
Балаларды
мадақтап, сыйлықтарын береді.
Муз.жетекші:
- Сау болыңдар, балалар!
Балалар:
- Сау болыңыз!