жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҰОС Жеңістің 75 жылдығына арналған "Мың рахмет Сізге майдангер"тақырыбында
Майдангер мен майдангердің жұбайы
Әкем мен анам жайлы бір үзік сыр
Біз Ұлы жүз, Домалақ анадан тараған , Бәйдібек баба ұрпағымыз.
Мен Тажиева Гульмира Әбілдақызы отбасымды мақтан тұтамын. Отбасымыздың үлкені, мақтанышы, ардақты әкем Әбілда мен анам Жәмиләні пір тұтамын. Әбілда әкем Ұлы Отан Соғысының ардагері. Анам Жәмилә Ұлы Отан соғысының тыл ардагері. Әкем Әбілда 1917 жылы 21 қаңтар айында 18 партсъезде дүниеге келген. Басынан бірталай қиындықтар өткен. Әкемнің шамамен он алты жасында 1933 жылы ашаршылықты басынан өткерген. Әкемнің ең ауыр күндері армия, яғни майданда өткен. Әкем Әбілда Фин соғысына қатысқан. Фин соғысынан кейін бірден Ұлы Отан Соғысына аттанған.1941 жылы болған Ұлы Отан Соғысы ешкімдіде аямады. 1938 жылы қазан айында әкемді 305-ші атқыштар полкінде 1940 жылдың төртінші қарашасына дейін әскер қатарында қызмет еткен. 1941 жылдың екінші желтоқсанында әкемді қайтадан әскер қатарына шақырған. Өйткені 1941 жылы маусым айында Герман фашистері Совет үкіметіне соғыс ашқан жыл. Әкем ол жерде 101-ші атқыштар бригадасының, 1943 жылдың қарашасында жараланғанына дейін әскерде болған. 1943 жылдың қарашасынан 1944 жылдың маусымына дейін госпитальда емделген. 1943 жылы сол аяғынан жараланған. 1944 жылы маусым айында 289-шы атқыштар полкінде 1944 жылдың қарашасына дейін қол пулеметшісі болып жұмыс атқарған. 1944 жылдың қараша айында оң қолынан жараланып «Госпитальға» түскен. Қолындағы жарақаты 1958 жылы мазалап, жарақатынан үш осколькі түсіп, қолының ауырғаны басылған. Жаратқан Алла қолдап әкем Ұлы Отан Соғысынан аман есен үйге оралады. Әкемнің төрт жылдық білімі бар. Сол төрт жылдық білімі бола тұра, алғырлығының, білгірлігінің арқасында өте жақсы жұмыс істеген. Көптеген мақтау қағазын алған. Сонымен қатар Қазақ, Орыс, Араб тілін жақсы менгерген. Әкем 1953 жылдан бастап зейнеткер болғанынша 1977 жылға дейін почта менгерушісі болып жұмыс атқарған. Өте жақсы жұмыс істеген. Әкем өте момын, ақ көңіл, әзілқой, өнерлі кісі болған. Және де әкем Әбілда ерлігі үшін бірнеше рет марапатталған. Менің әкемнің әзілі барлық адамға ұнайтын. Мұңайып жүрген адамның өзі әкемнің әзілін естіп, жүзіне күлкі үйіріліп жүретін болған . Әкем Әбілда «Сегіз қырлы, бір сырлы » адам болған . Әкем әртүрлі аспапты жасай алған, тіпті әсем үнмен ойнай білген кісі. Қазіргі кезде әкемнің медальдары , жеңістің қырық , қырық бесінші жылдарына арнап шақырған ашық хаттары бар.
Менің әкемнің ағасы Сүлеймен көкеміз де Ұлы Отан Соғысына барып , хабарсыз кетіпті. «Боздақтар» атты кітапқа енген Сүлеймен көкемді анасы жиі еске алып, қайғырады екен. Сүлеймен көкем әнші, күйші, сері азамат болыпты. Әбілда әкем Сүлеймен ағасын көп жылдар бойы іздейді алайда ағасын таппайды. Амалсыздан амалсыз іздестіруін тоқтатады. Әбілда әкем домбыра тартқанда анасы хабарсыз кеткен ұлын еске алып, жылайтын болған. Сол уақыттан бастап әкем Әбілда анасының көз жасын көргісі келмей өзінің өнеріне өзі тоқтау салыпты. Анасы көз жұмғаннан кейінде домбыра және басқада аспаптарда сирек ойнайтын болған.
Анам Жәмилә 1929 жылы он сегізінші партсъезде дүниеге келген. Анамның көрмегені жоқ екен . Қысты күні мектептен ауылына дейін үш сағаттық жерге мұздай аязды күні, соғыс уақытында жалаң аяқ үйіне келіпті.Анам соңғы кезде көп ауырып аяғы сырқырап, маза бермей ауыратын. Жаздың өзінде далаға күртесімен шығып жүретін. Сол кездегі көрген азабының бәрі көз алдымда тұр деп айтып отыратын еді. Анам соғыс басталмай тұрып үйіне қайтып бара жатқан кезінде қасқырдың қойды жеп жатқанын көріп анам шошып үйіне жүгіріп келіп болған жағдайды ағасына айтып беріпті. Ағасы түсініп, мылтығын алып көпірге қарай бара бергенде алдынан қасқыр шыға қалыпты. Анамның ағасы шошып кетіп «Ааааа» деп айқайлаған кезінде қасқыр қорқып қашып кетіпті. Дәл сол уақыттан кейін үйіне барғанда анамның ағасын майданға алып кетіпті. Анамның ағасы сол Ұлы Отан Соғысынан жарақаттанып үйіне оралыпты. Анамның ағасы Ермағанбет мектепте мұғалім болып жұмыс істеген кісі. Алайда соғыстан алған жарақатынан, ауруынан 1948 жылы 28 жасында қайтыс болған. Анамның әкесі Нұрмат шебер, зергер алтын , күмістен бұйымдар жасаған шебер, сөзге шешен, хисса дастан, батырлар жайлы көп оқыған, немерелеріне ертегінің небір түрін айтып беріп отыратын дейтін .Анамның Тотпан деген бабасы аты шыққан ұста болған. Ол кісі туралы кітапта жазылған естелік бар. Мекке Мадинаға барған дәулетті адамдар Абайдың әкесі Құнанбаймен Мырқы қонақ үйдің оң жақ босағасына Тотпан бабаның атын жаздырған екен. Анамның аталарын бәрі әулие дейтін болған екен.Тотпан бабаның ұрпақтарына жауынгер Шәкір Тұрмановтың 1942 жылы майданда жазған хатында - «Тотпан баба әулеті, Ердің болар сәулеті, Қолында болса дәулеті, Бәрің тегіс аман ба, Тотпан ұста әулеті» деп жазған екен . Жасаған әрбір бұйымының өзі көз тартарлық әдемі, әрі бір қасиеті, құндылығы болған екен.
Әкем Әбілда мен анам Жәмилә еліміз үшін көп еңбек сіңірген кісілер. Мен әкем мен анамды құрметтеймін, қадірлеймін. Әкем мен анам 1949 жылы отау құрған . Әкем мен анамнан жеті ұл-қыз ұрпақ тарағанбыз . Мен кіші кенжелерімін. Алайда әкем жетпіс үш жасында дүниеден озды. Анам сексен сегіз жасында дүниеден озды. Қазіргі таңда ұл-қыздары отбасылымыз.Әкеміз бен анамызды әр кез еске алып еңсемізді биік көтеріп мақтан тұтамыз.Әкем мен анам елге белгілі болмасада , біз үшін олар қайталанбас тұлға. Ол кісілердің ерлігі біз үшін үлкен жеңіс. Биыл 9 мамыр жеңістің жетпіс бес жылдық мерекесі келе жатыр. Менің әкем мен анам сияқты ерлік жасап, соғыстың зардабын тартқан отбасы кемде кем болып бара жатыр. Біз қазіргі ұрпақтар сол ата -анамыздың, ата бабаларымыздың арқасында осындай бейбіт өмірге жетіп отырмыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген