жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2.В Алгебрлық өрнектер |
Мектеп: |
||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Алпысбаева Майра |
||||||||||||||||
|
Сынып: 6 |
Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспаған оқушы саны: |
|||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жақшаларды ашу.Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. |
||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
6.2.1.5 жақшаны ашу ережелерін білу; 6.2.1.6 коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу; |
||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Жақшаны ашу ережесін тұжырымдату. Көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашуды үйрету. Коэффициент, ұқсас мүшелерді анықтауды үйрету. |
||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Есептер шығару кезінде жақшаны ашу ережелерін қолдана біледі; Коэффициент анықтамасын біледі; Ұқсас мүшелер анықтамасын біледі; |
||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.
|
||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Оқушыларды құрмет көрсетуге, бір-бірімен ынтымақтастықта болуға және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу |
||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тұрмыста қолдана алу, Банктік есеп тапсырмасын орындау арқылы эканомика пәнімен байланыс орнатылады. |
||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Алгебралық өрнектер Айнымалы Алгебралық қосынды |
||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер |
Оқыту ресурстары |
|||||||||||||||
|
Басы 3 минут |
Ұйымдастыру сәті (оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, Сыныпта «Көңіл күйің қандай?» әдісі арқылы жағымды психология-лық ахуал орнату Үй жұмысын тексеру Математикалық логикалық есептер беру арқылы «Миға шабуыл»
Шешесі қызынан 22 жас үлкен. Қызының жасы нешеде Ширату тапсырмасының жауабын алған соң оқушыларға бүгінгі күннің тақырыбын меңгеру маңыздылығы айтылады Оқушыларды (+) және (-) таңбалары жазылған фигуралар арқылы топқа бөлінеді. |
|
|||||||||||||||
|
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу 10 минут |
Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі. 1.Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады? 2.Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады? 3.Қандай өрнектер теңбе – тең өрнектер деп аталады? 4.Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиетін пайдаланып, алгебралық өрнектер қалай ықшамдалады? 5.Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиетін пайдаланып, алгебралық өрнектер қалай ықшамдалады? 6.Таңбалар ережесі +(+)=…; +(-)=… ; -(+)=… ; -(-)=… Жеке жұмыс: Оқу мақсатына жету үшін оқушыларға жаңа сабақты ұғындырмас бұрын алдын ала дайындық тапсырмалары беріліп, ойлары, өздерінің тұжырымдары сұралады. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып түрлендіріңдер: 3(2а+9b+10с); -5(11х+7у-37). Таңбалар ережесін пайдаланып, жақшаларды ашыңдар: 4а+(+3b)+(-11с); а-(+4b)-(+3с)-(-d) Кім тұжырымдап айтады? (оқушылардың өз тұжырымдары сұралады) Егер алгебралық өрнектегі жақшаның алдына «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың өз таңбалары сақталады. Мысалы, 7+(-9а+4b-с)=7+(-9а)+4b+(-с)=7-9а+4b-с. Қысқаша: 7+(-9а+4b-с)=7-9а+4b-с. Әріптермен жазсақ: а+(-b+с-d)=a–b+c–d Егер жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама – қарсы таңбамен алмастырылады. Мысалы, 4,6-(2а-3b+7с)=4,6+(-2а)+3b+(-7с)=4,6-2а+3b-7с. Қысқаша: 4,6-(2а-3b+7с)= 4,6-2а+3b-7с. Әріптермен жазсақ: а-(b-с+d)=а-b+с–d. Егер өрнек сан мен бір немесе бірнеше әріптің көбейтіндісі болса, онда санды коэффицент деп атайды. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті қосылғыштар мен көбейткіштердің арасында теріс сандар болғанда да орындалады. Мыс: 4(-2+3а-5в)=4*(-2)+4*3а-4*5в=-8+12а-20в Оқушыларға оқу мақсаты таныстырылады. Оқу мақсатынан бағалау критерийі құрастырылып, тақтаға ілінеді. Оқулық № 658, 659 есеп ауызша |
Т.А.Алдамұратова Қ.С.Байшоланова Е.С.Байшоланов Математика 6 – сынып Алматы «Атамұра» 2018ж 188 – 195 бет |
|||||||||||||||
|
Топпен жұмыс 15 минут |
Оқушыларды оң және теріс таңбасы арқылы топқа бөлінеді. Сабақтың мақсат ашуға арнап оқулықтан деңгейлік тапсырмаларды «Банк» ойынын арқылы жүзеге асырамын. Банк-қаржы мекемесі онда барлық халық,барлық мекемелер, кәсіпорындар қаражаттарын жинайды және несие береді. Оқушыларды 2 топқа бөлеміз. Әр топқа банк атауын береміз. І-топ - Халық банкі, ІІ-топ - БТА банкі. 2 топтың президентін сайлаймыз. Қалған оқушылар - салымшылар. Әр банктің тапсырмалары 1 мыңдық, 2 мыңдық, 5 мыңдық, 10 мыңдық, 20 мыңдық бейнеленген ақшалы карточкаларға жазылады. Жеке жұмыс: Әр оқушы өз Банкіне салым жинайды. 1,2 мыңдық бейнеленген ақшада оқушының міндетті А деңгейіне байланысты, яғни жеңіл тапсырмалар беріледі. 1000 теңге: Бағалау критерийі Білім алушы • Жақшаларды ашу ережесін қолданады Көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін қолданады №660 №661 №662 1)1,9(а+2) 1) а+(в+с) 1)5-(а+3) 2)3(а-1,7) 2) х-(у+2) 2)8-(10+в) 3)-2(х-0,9) 3)м-(-н-к) 3)9-(с+7) 4)-3(1,6+у) 4)9-(а+в+с) 4)2+(-8+с) 5)1,3(а-в) 5)х-(-3+у-з) 5)3+(-д-5) 6)-4(х+у) Дескриптор: Білім алушы Таңбалар ережесін пайдаланып жақшаларды ашады Көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып түрлендіреді 2000 теңге: Бағалау критерийі Білім алушы • Жақшаларды ашу ережесін қолданады Коэффицентін табады Көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін қолданады №663 №664 Оқушы 3 дәптер және 3 альбом сатып алды 1)3m*8 Дәптердің бағасы а тг, альбомның бағасы 2)1.2m*(-4n) в тг.Оқушы неше теңгеге сауда жасады? 3)-2/3m*(-6n) Мұндағы а=20 в=150 4)9a*(-0.3) №665 Тік төртбұрыштың ұзындығы 16 см,ені 5)-3.4a*2b м см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.
6)- 7)-5.2x*(-4) 8)-4x*0.8y Дескриптор: Білім алушы Таңбалар ережесін пайдаланып жақшаларды ашады Коэффицентін табады Жұптық жұмыс: Екі оқушы жұптаса отырып өз Банктеріне салым жинайды. 5,10 мыңдық бейнесінде сәл күрделі В деңгейіне тапсырмалар. Бағалау критерийі Білім алушы • Жақшаларды ашу ережесін қолданады Коэффицентін табады Көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін қолданады 5000 теңге №668 10000 теңге №671
Дескриптор: Білім алушы Таңбалар ережесін пайдаланып жақшаларды ашады Коэффицентін табады Көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып түрлендіреді Топтық жұмыс: Екі топ 20 мыңдық бейнесінде С деңгейінде берілген тапсырмаларды орындау арқылы өз Банктеріне салым салады. 20000 теңге Бағалау критерийі Білім алушы • Жақшаларды ашу ережесін қолданады Коэффицентін табады Көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін қолданады №667 Теңдеуді шешіңдер 1)-12,7+(х-5,3) =0,9
3)
4 №672 Тракторшылардың бірінші бригадасы күніне а га жер жыртса, екінші бригадасы күніне 18 га жер жыртты. Тракторшылардың екі бригадасы қатар жұмыс істесе, 3 күнде неше гектар жер жыртады? Мұндағы а=24 20000 теңге №667 Теңдеуді шешіңдер 2)0,3-(7,2+х) =-1,5
4)
-2 №674 Бір жәшік алмұрт 9 кг, ал бір жәшік алма одан х кг ауыр. 2 жәшік алмұрт және 2 жәшік алма неше килограмм? Мұндағы х=3 Дескриптор: Білім алушы Таңбалар ережесін пайдаланып жақшаларды ашады Коэффицентін табады Көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып түрлендіреді Қорыта келгенде қай банк қаржысының өсімі көп болса, сол банк жеңіске жетеді. Топты мадақтау арқылы бағалау. (жарайсың, тамаша, керемет жауап бердің, ерекше ұнады жауабың, т.б.) Сергіту сәті: Қолмен ауада 0 ден 9ға дейінгі цифрларды жазу. |
АКТ қолдану Кеспе кағаздары |
|||||||||||||||
|
Жеке жұмыс 10 минут |
«Баспалдақ» 6.2 В Бөлім: «Алгебрлық өрнектер» Оқу мақсаты 6.2.1.5 жақшаны ашу ережелерін білу Бағалау критерийі Білім алушы • Жақшаларды ашу ережесін қолданады • Коэффицентін табады Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану Тапсырма:
Дескриптор: Білім алушы
Төртінші баспалдақтың жоғарғы жағына ту ілініп қойылады. Қай оқушы қатесіз, әрі бұрын тапсырманы орындап болса, сол оқушы білім көкжиегіне шығады. |
Кеспе қағаздары |
|||||||||||||||
|
Соңы 2 минут |
Сабақты бекіту Рефлексия
|
|
|||||||||||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|
Саралау тапсырмалары сыныпты топқа бөлуден,яғни жеке жұмыс А деңгейі, жұптық жұмыс В деңгейі, топтық жұмыс С деңгейінің тапсырмаларын орындауда оқушылардың шығармашылық дағдысын дамыту көзделді. Сергіту сәті оқушылардың ойын және дене мүшелерін демалту мақсатында жаттығу ұйымдастырылды. |
«Банк» ойынын ойнату арқылы оқушы өз білімі арқылы тобыны қаншалықты салым салғанына байланысты білімі тексеріледі. Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау |
Оқушылардың топтық жұмыс кезінде, тапсырмаларды орындау кезінде денсаулықтарына зақым келмес үшін орындықтар мен үстелдердің дұрыс орналастыруларына, сынып бөлмесіне күн сәулесінің немесе жарықтың жақсы түсуі, оқушылардың тақтаға дұрыс қарай алуына ыңғайлы болатындай етіп, үстелдердің дұрыс қойылуына назар аударамын. |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген