«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты «Жас сарбаз-2021» әскери-патриоттық сайысы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты «Жас сарбаз-2021» әскери-патриоттық сайысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты және міндеті- Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу. -Оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру. -Оқушылар арасында достықты нығайту. -Оқушылардың дене даярлығын спорттық шеберліктерін арттыру. -Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты «Жас сарбаз-2021» әскери-патриоттық сайысы.


Мақсаты және міндеті-

Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу. 

-Оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру. 

-Оқушылар арасында достықты нығайту. 

-Оқушылардың дене даярлығын спорттық шеберліктерін арттыру. 

-Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. 

Өткізілетін орны мен уақыты:  Мектеп залы 22сәуір, уақыты 15.00.

Көрнекіліктер:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимн.

Жарысқа қатысушылар: Жарысқа 9 «А», 9 «Б», 11 сыныптары қатысады. Команда құрамында 4 оқушы (4 ұл,) қатысады.

Жарыстың өткізу шарттары: Жарыс  4 сайыс түрі бойынша өткізіледі.

  1. Пневматикалық винтовкадан оқ ату(1 ұл,1).

  2. Кермеге тартылу (1 оқушы).

  3. Кедергілерден өту (1 оқушы).

  4. Автоматты толық емес бұзып жинау (1 ұл,).

Жарыстың өтілу барысы:  (Әскери - патриоттық  әуен)

Жүргізуші: (Рапорт) Жас сарбаздар түзел, тік тұр, түзулік ортаға,    мырза  9-11 сынып оқушылары әскери-патриоттық жарысқа сапқа тұрғызылды, баяндап тұрған жас сарбаз ____________.  Әскери салемдесу. 


Мемлекеттік әнұран орындалады.


Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар, оқушылар!!!  Әскери патриоттық іс-шара алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары барлығы да жастарға бағыт-бағдар беруде. Бұл жердегі негізгі мақсаттардың бірі жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, әскери өмірдің қыр-сырын насихаттау болып табылады.


Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
 
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
 
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
 
Тарихта ардагерлер асқан бағаң

 – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық. 




Бүгінгі «Жас сарбаз-2021» байқауна жақсы ән жолдаймыз______________-

Жүргізуші:     Уа, халайық, халайық, 
 Мұнда назар салайық, 
 Ата жолын жалғамақ, 
 Ел намысын қорғамақ
 Ұлдар, қыздар шықсын ортаға, 
 Бүгін Жас сарбаз атанбақ!!!

Олай болса, ортаға қатысушы топтарды шақырайық, әдет-ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл парасат, өнер-жігерлік пен батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсететін топтар:

1топ- 9 «А» сынып оқушылары (Қыран тобы)

2топ- 9 «Б» сынып  оқушылары (Қайсар тобы)

3топ- 11 сынып оқушылары (Жалын тобы)


Жүргізуші:   Жарыс  4 сайыс түрі бойынша өткізіледі.

  1. Пневматикалық винтовкадан оқ ату(1 ұл,1).

  2. Кермеге тартылу (1 оқушы).

  3. Кедергілерден өту (1 оқушы).

  4. Автоматты толық емес бұзып жинау (1 ұл,).



Жүргізуші:  Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі байқауда сіздерге үлкен сәттілік тілейміз! Ал енді әділ баға беретін әділ қазылар алқаларымен таныс болыңыздар:

Сайыс ережесімен таныстыру үшін мектебіміздің әскери жетекшісі <Базаров Ерік Нұрсұлтанұлына сөз кезегін береміз.

Жарыс  4 сайыс түрі бойынша өткізіледі, әр сайыс 10 ұпай санымен саналады. 

1 сайыс: Пневматикалық винтовкадан оқ ату. Әр топтан 1 ұл қатысады. Арақашықтық 10 метр; нысана П-8; атылатын оқ саны: 3 оқ дайындық, 5 оқ бақылау; атыс тұрысы: тұрып, шынтақ тіреп ату.


Жүргізуші:  Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
 Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
 Егер де сіздер рұқсат етсеңіздер
 Осыменен сайысымыз аяқталды.

Әділ қазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша экраннан мектеп оқушыларының жетістіктерін көріп тамашаланыздар!

Слайд көрсетіледі. 5 минут

Жүргізуші:  Әділ қазылар алқасына сөз кезегін берейік. Марапаттау.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.00.2021
2734
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі