400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар».

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу

7 мамыр-Отанқорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен

Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!


Кіріспе сөз :Айлана


1 минут еске алу


Жеңі күніне арналған тақпақтар


Жанель, Олжас, Мадина, Әбілмансұр, Алихан, Ұлан, Айлана

Тақпақтар (ұлдар)

(қыздар)


Речёвка: Амирхан,Олжас,Әбілмансұр,Ұлан,Айдар, Мадина


Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!



Барлығы:

БОЛМАСЫН СОҒЫС, БОЛМАСЫН!!!

Жаса,жаса бейбітшілік!

«Сапқа тұр» өлеңі. Орындайтын Шаймұрат Ерсұлтан,Сагнаев Даниал,Жеңіс Саят



Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ортада биші қыздар би билейді,

Халайық қол соғыңыз мархабатты.

Алдарыңызда би «Катюша».

Мадина;Мейрамдарың құтты болсын жігіттер.

Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер.

Мейрамдарыңмен аға,іні сыныптастар.

Орындалсын алға қойған үміттер

Сыйлық сыйлау


Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,

Ту тіккен алаулаған арманыңнан.

Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,

Биіктен биіктерге самға, қыран.- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, Әмірхан, Олжас, Алишер, Айдар сынды жігіттерімізге

«Отан қорғауға дайынбыз» деген ұранмен өз өнерлерін көрсетуін тамашалаңыздар


Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті

Аяжанның орындауындағы «Қуыршақ» биіне береміз.


«Бидай мен Қаңбақ» мысалын сахналау

Айлана, Мадина, Алишер



Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын дей отыра,біздің болашақ сарбаздарымызды биге шақырамыз

Флешмоб- ұлдар тобы


Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке


Қорытынды:

Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!


Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.





Бастауыш сынып мұғалімі:Жазитова Г.Т

Көкшетау қаласы №22 ЖББНМ




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1135
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі