400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ұранды ердің- ұрпағы қайсар!

Материал туралы қысқаша түсінік
мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Талғар қаласындағы Облыстық санаториялық үлгідегі мектеп- интернатының 5 «а»- сынып оқушыларымен 7- мамыр Отан қоғаушылар мерекесі күніне орай қашықтықтан жүргізілген тәрбие сағаты.








Тақырыбы: «Ұранды ердің- ұрпағы қайсар»

( тәрбие сағаты)




















5-а сынып тәрбиешісі: Медетова Жанар Жұмаханқызы





Тәрбие сағат тақырыбы: «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар»
 
мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыға!

Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары, жігіттер! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.

Жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде , – деп «Көңілді күн» әнімен қыздарды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Мектеп – кеме, ес білімнің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол соғады барша әріптестерің – деп, қазақ жігіттеріне Сұңқар мен Аружан өлең жолдарын арнайды.

Жүргізуші: Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті
«Айдананың» орындауындағы биге береміз.

Жүргізуші: Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың, – дегендей, «Бегайым» «Тек алға» әнін орындайды.

Жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп «Мереке» әнін тарту етеді. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Біздің елдің жігіттері,жігіттердің төресі
Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы
Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден
Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.
Нұргүл мен Алтынай жігіттерге өлең жолдарын арнайды.
Жүргізуші: Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе қорғаушылар,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп, қыздардың әзілдерін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты. Алдарыңызда Гүлнұрдың орындауында «өзбек» биі.
Жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп қыздарымыз, Руслан Жалғасбайұлына, Бегалы Ерболұлына ,Сағын Сүниятұлына «Сарбаздар» әнін жолдайды.
Жүргізуші: Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.- деп ақын ағаларымыз жырлағандай,
«Айгерімді» «Ризамын» әнімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Құрметті халайық, баршаңызды  
7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.Ілтипатпен иілген бастарымыз – деп бүгінгі мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.
Сау-саламатта болыңыздар!

 
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
777
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі