жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ұрланған кітаптар» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде квест ойыны
«Ұрланған кітаптар» атты
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде квест ойыны
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
«№27 ЖББОМ» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Каленова Гульжан Даулетовна
Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.
Мұғалім: - Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Доброе утро, уважаемые ученики! Good morning, dear pupils!
Қазақ
тілі – өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған
тереңге.
Қазақ тілі болашаққа
жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей,
мемлекеттік тіліміздің мәртебесін
көтерер сендерсіңдер, құрметті достарым!
Сендер жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
жеткіншексіңдер. Сондықтан сендерді
менімен «Квест» ойынын ойнауға шақырамын.
Осы кезде сыныпқа кітапханашы Айсұлу Баймұрзақызы келіп, оқушылардан ұрланған кітаптарды тауып беруді сұрайды.
Мұғалім: - Балалар, Айсұлу Баймұрзақызы бізден көмек сұрап келіп отыр екен. Біздің мектептің кітаптары жоғалып кетіпті. Оларды зұлым сиқыршы Лодыриус ұрлап кеткен екен. Лодыриус зұлым бізге жазба қалдырыпты. Ол хатында былай депті: «Сәлем-сәлем, балалар! Бұл мен - зұлым сиқыршы Лодыриус. Кітаптарды мен ұрладым. Маған 27 мектептің балалары кітапты көп оқиды деген сыбыс келді. Маған балалардың меннен ақылды болғаны ұнамайды. Ха-ха. Егер менің тапсырмаларымды орындасаңдар, оларды қайтаруға уәде беремін».
Мұғалім: - Балалар, кітаптарды қайтару үшін зұлым Лодыриустің тапсырмаларын орындауға келісесіңдер ме?
Балалардың жауаптары: - Келісеміз. Ол үшін не істеу керек?
Мұғалім: - Бірінші тапсырма «Өмір-қозғалыс, белсенді ұзақ өмір сүру» деп аталады. Ол үшін сендер дөңгелене шеңбер жасап, оңға бұрылыңдар. Одан соң допты бастан асыра артта тұрған оқушыға беріп, менің айтқан сөздерімді қазақ және ағылшын тілдеріне аудару керек.
1. Книга – кітап – book
2. Тетрадь – дәптер – copy - book
3 школа – мектеп – school
4. учитель – мұғалім –teacher
5. ученик – оқушы – pupil
6. Собака – ит – dog
7. Кошка – мысық – cat
8. Яблоко – алма – apple
9. Груша – алмұрт – pear
10. Лев – арыстан – lion
11. Лиса – түлкі – fox
12. Заяц – қоян – a hare
Мұғалім: - Жарайсыңдар! Тапсырманы тамаша орындадыңдар. Ал енді 1-ден 3-ке дейін үш тілде санаймыз. Мысалы, бір, два, three деп. Қане, бастайық!
Оқушылар: - Бір, два, three, бір, два, three, бір, два, three ...
Мұғалім: - Тамаша. Қазақша санаған оқушылар 1 қадам алға, ағылшынша санаған оқушылар 1 қадам артқа, ал орысша санаған оқушылар өз орындарында қалады. Міне, сендер осылайша үш топқа бөліндіңдер. Олай болса топпен жұмыс жасаймыз. Мына ребустарды шешу арқылы Лодыриустің екінші тапсырмасының қайда жасырылғанын біле аламыз. Бірінші топ ребусты қазақ тілінде шешеді. Жауабы:"Кітап". Тапсырмалары бар конверт кітаптардың ортасында жасырылған. Конверттегі тапсырма: үш тілде берілген жаңылтпаштарды шапшаң айтып шығу керек.
1. Күш – білімде, білім – кітапта.
2. Бұл, бұл - піл, бұл бір ірі піл.
3.
Карл
у Клары украл кораллы,
Клара
у Карла украла кларнет.
4.
На
дворе трава, на траве дрова
Не
руби дрова на траве двора.
5. Three free throws.
6. Red leather, yellow leather.
Екінші топ ребусты орыс тілінде шешеді. Жауабы:"Шкаф". Шыққан жауабы бойынша шкафта жасырылған тапсырмалары бар конвертті іздейді. Конверттегі тапсырма: оқушылар «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлерін ретімен үш тілде жазып шығулары тиіс.
қыз – девочка – girl
мысық – кошка – cat
сиыр – корова – cow
ағаш – дерево – tree
дүкенші – продавец – seller
тауық – курица – chicken
тышқан – мышь – mouse
Үшінші топ ребусты ағылшын тілінде шешеді. Жауабы:"Chair". Тапсырмалары бар конверт орындықтың астында жасырылған. Конверттегі тапсырма: суретке сәйкес келетін үш тілде берілген сөйлемдерді суреттерге сәйкес жабыстыру.
1. Оның сары шалбары бар.
2. – Байеке, сен тағы алдандын, – дейді.
3. Кемпір мен шал оны ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта алмайды.
4. He's a friend of Patrick's.
5. Granddaughter pulled Grandma, Grandma pulled Grandpa, Grandpa pulled the turnip. They pulled and pulled but couldn't pull it up!
6. It is good that there are many holes: in one hole the wind enters, in another exits. that's why I feel warm.
7. Он просто обожает всех на свете и старается, чтоб всем в его любимом в подводном городке
было спокойно и весело.
8. - Вот и хорошо, что дыр много: в одну дыру ветер входит, в другую выходит. Вот почему мне и тепло.
9. Позвала бабка внучку: внучка за бабку, бабка за дедку, дедка за репку - тянут-потянут, вытянуть не могут!
Мұғалім: - Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмаларды өте тамаша орындадыңдар. Осы уақытта пошта қызметкері Печкин келеді. Балалар, қараңдар, бізге кім келді? Балалар хормен жауап береді.
Печкин: - Менің сендермен сөйлесіп тұратын уақытым жоқ. Адасып қалдым мен, жол таба алмай жүрмін. Сөмкемдегі сәлемдемені апарып табыстауым керек.
Мұғалім: - Құрметті пошташы Печкин, бұл сәлемдемені кімге апара жатырсың?
Печкин: - Кітапты көп оқитын балаларға.
Мұғалім: - Сен оларды таптын, міне олар. Печкин балаларға Лодыриустың сәлемдемесін береді. Сәлемдемеде оюмен безендірілген шағын сандықша мен үшінші тапсырма бар. Бұл тапсырма «Бомбаны залалсыздандыру» деп аталады. Әр топ жарты минут ішінде пазл (киіз үй) жинауы тиіс. Пазлды бірінші жинаған топ кітапхананың ішінен пазлдан шыққан суреттігі затты тауып, ішінен кілтті алып сандықшаны ашады. Сандықшаның ішінде зұлым Лодыриустің тағы бір хаты бар. Хатта Лодыриус: «Жарайсындар, кішкентай оқымыстыларым! Кітапты көп оқитындықтарын байқалып тұр. Сондықтан мен сендерге кітаптарды қайтарамын».
Мұғалім: - Балалар, бүгін сендер үлкен іс атқардыңдар. Айсұлу апайға мектептің кітаптарын қайтаруға көмектестіңдер, жарайсыңдар! «Кітап - ойдың талмас қанаты», сондықтан кітапты көп оқыңдар дегім келеді. Барлығына үлкен рахмет. Сау болыңдар! До свидания! Good bye!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген