жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұрпақ - ұлттық ойынмен шыңдалады
Тақырыбы: «Ұрпақ - ұлттық ойынмен шыңдалады»
Ұлттық ойындарды дене шынықтыру оқу қызметінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.Қазақ халқының ерлік - жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру,
өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Спорт залы.
Қажетті құралдар: арқан, жылқы, теңге, қамшы,ойыншық серке,қазандық,үстел,орындықтар,алтыбақан,жалаушалар.
Балаларды сылдырмақтың көмегімен бір қатармен залға кіргізеді. Балаларды бір қатарға сапқа тұрғызады. Амандасады.Тік тұрыңдар! Түзеліңдер! Оңға бұрылып, саппен жүріңдер! Нұсқаулықты орындатады. Аяқ ұшымен жүреміз, қол белде. Өкшемен жүреміз,қол желкеде. Саппен жүреміз. Жәй жүгіреміз, қатты жүгіреміз. Сапқа тұрғызады. 1 - 2 деп санатып, 2 қатарға бөліп тұрғызады.
Жалпы дамытушы жаттығуларын орындатады.
«Қара жорға» әуеніне орындатады.
Б. қ. Аяқ арасы сәл алшақ, қол белде, иықты алға, артқа қозғау. (6 рет қайталау)
Б. қ. Оң аяқты алға созып, оңға қарай иіліп, қолды бүге, саусақтарды қозғау. (6 рет қайталау)
Б. қ. Сол аяқты алға созып, оң қолды жоғары көтере, сол қолды алға соза, сол қолды, оң қолға тигізу. (6 рет қайталау)
Б. қ. Аяқты бірге ұстап, қолды 2 жаққа соза, иықты қозғау. (6 рет қозғау)
Б. қ. Аяқты айқастыра тұрып, қолды белге ұстап, иықты алға, артқа қозғау.(6 рет қайталау)
Ендеше бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» демекші, сендерге қазақтың ұлттық ойындарының түрлерімен жарыс барысында танысатын боламыз.
Тосын сый. (Есік қағылады,қонаққа Бай келеді.)
-Амансыңдар ма,балаларым,сендер Алдар Көсені көрмедіңдер ме?Алдар мені алдап менің дорбамды алып қашып кетті.
-Сәлеметсіз бе, Байеке? Сіз қамықпаңыз,одан да сіз бізбен бірге ойын ойнаңыз.Бізде бүгін үлкен той,наурыз тойы болғалы жатыр,тойға қатысып көңіліңізді көтеріңіз.
(Балалар кенеттен жүгіріп бара жатқан Алдар Көсені көріп қалады.Алдарды шақырады.)
-Әнекей,Алдар Көсе! Әнекей!
-Алдеке,қашпаңыз бізге келіңіз,бізде бүгін той!
-Амансыңдар ма,балаларым?
-Сәлеметсіз бе,Алдар Көсе!Қош келдіңіз!
-Балалар,олай кісінің затын сұрамай алып,алдап кетуге болмайды ғой,солай ма? ---Қазір біздер қызықты ұлттық ойындар ойнап,жарысамыз.
-Алдеке,сіз бізбен бірге ойынға қатысыңыз.
-Жарайды,балалар мен дұрыс жасамадым.Иә!
-Байеке, дорбаңызды сізден алып қашқаным дұрыс болмады.Кешірерсіз мені? Енді олай жасамаймын!
-Ендеше бәс тігейік.Қай топ жеңетін болса,сол бәстескен заттарыңызды балаларға сыйлыққа қалдырып кетесіз.
Бай қолындағы дорбасын алып, ортаға қояды.Алдар Көсе де қолындағы домбырасын ортаға қояды.
Бай мен Алдар Көсе қоржыннан жеребе таңдап алады.Балаларды екі топқа бөледі.
1 - топ «Байдың» тобы «Сұңқар», 2 -топ «Алдар Көсенің» тобы. «Тұлпар»
Сайысымыздың
басталуы.
Таныстыру.Топтар өз топтарын
таныстырады.
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділ - қазылар алқасымен танысайық. Әр кезең сайын әділ - қазылар өз бағасын беріп отырады.
Ойын шарттарымен таныстырады.
«Теңге алу» ойыны
Керілген арқанның үстімен жүріп,жерде жатқан теңгелерді жинау.
«Қол күрес» ойыны
Ойын шарты: Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.
«Көтермек»
ойыны
Ойын
шарты: ортаға екі ойыншы бала шығады.
Бір - біріне арқаларын беріп тұрады.Белгі
бойынша кім бірінші бірін - бірі арқада
көтеріп алса, сол бала жеңіске
жетеді.Жеңіске жеткен бала ойында қала
береді де басқа балалармен бірге күш
сынасады.
«Көкпар тарту» ойыны
Ойынның шарты: Алаңның әр бұрышына жалаушалар ілінеді.Залдың дәл ортасына қазандық қойылады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8 - 15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты - қазандыққа көкпарды салып,өз командасына ұпай жинау. Көкпар белгіленген уақыт ішінде қай команда көкпарды қазандыққа көп салса,сол команда жеңіске жетеді.
«Арқан тарту» ойыны
Ойын шарты: Арқанның ортасынан қызыл матамен байлайды. Арқанның 2 жақ шетінен балалар ұстап тартады. Қай топ арқанды өз жағына тартып алса, сол топ жеңіске жетеді. Арқанды тартқан кезде 1 бала құлап қалса, құламаған топ жеңіске жетеді. Әрі қарай ойын осылай жалғаса береді.
«Тасымақ» ойыны
Ойын шарты: Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды.Сол суды қарсы бетке құйылған бос кесеге қасықтап екі адам тасиды.Бұл жерде команда құрып ойнайды, әр командада үш немесе одан да көп адамнан болады. Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей - шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады.
Көрсетті
міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да
соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық
қанекей,
Әділ - қазы сайысты әділ
бағалар,- деп, сайысымыздың шарттары
бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды
анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазы
алқаларына беріледі.
Марапаттайды.Бай мен Алдар Көсе жеңіске жеткен топқа бәстескен нәрсесін береді.
-Байеке,Алдар Көсе,сайысқа жақсы қатыстыңыздар!Рақмет,сіздерге!
-Қайта,сіздерге рақмет! Балаларым,Алдар екеуміз сендердің арқаларыңызда татуласып,көңіліміз көтеріліп,керемет сезімде болдық.Сендердің мейірімді жүздеріңіз бізді бір қуантып жіберді.
Ендеше бүгінгі сайыста екі топта та ойынға жақсы қатысты. Олай болса,Алдар мен Байеке бізбен қоштасқалы тұр. Олар тағы да осындай жарыстарға қатысуға асығып тұр екен.
Сау болыңыздар,балалар! (Екеуі қоштасты.)
«Алтыбақан» ойыны
Қорытынды.
-Бүгін бізге кімдер қонаққа келді?
-Қандай ұлттық ойындармен таныстыңдар?
-Қандай ұлттық ойындарын ойнадыңдар? Сендер бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар!Осымен ашық оқу қызметіміз аяқталды.
Сау болыңыздар!
Қарақия ауданы әкімдігінің «Еркемай» балабақшасы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Аудандық семинар-практикум
Бекітемін:
«Еркемай»балабақшасының
директоры М.Н.Изжанова
« » 2019ж
Білім беру саласы: Денсаулық
Тақырыбы:
«Ұрпақ - ұлттық ойынмен шыңдалады»
Дайындаған дене шынықтыру
нұсқаушысы: Капуова Г.О.
Мұнайшы ауылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген