400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰРПАҚ БОЙЫНА ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТҰЛҒАСЫН ТӘРБИЕЛЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Мен "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясымен бөліскім келеді. Оның негізгі мақсаты - қазақстадықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деген болатын. Президенттің нұсқауы бойынша, білім саласының дамуына қойылатын талаптар: білім беру жүйесінің инновациялық дамуы, ақпараттық революция, жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеу екенін атап өтуге болады. Осы талаптардың түйіні – Мәңгілік елдің интеллектуалды тұлғасын тәрбиелеу болып саналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰРПАҚ БОЙЫНА ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТҰЛҒАСЫН ТӘРБИЕЛЕУ

Мунайтбасова Назира Минайдаровна

Ақтөбе қаласы, Новый орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімдері

Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлға, қазақ халқының кемеңгер ойшылы Мұхтар Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім»,- деген болатын. Дамыған елу елдің қатарына кіру мақсатын ұстанған жас мемлекет үшін қазіргі таңда сапалы білімнен асқан мықты қару жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласына көптеген стратегиялық маңызы бар міндеттер жүктейді. Ең басты маңыздысы - білім берудің барлық саласында сапалы білім беру. Өйткені дамыған елдердің қатарына енудегі басты мақсат сапалы бірігей білім беру жүйесін құру болып табылады.

Ұрпақ бойына құзыреттілікті қалыптастыру арқылы Мәңгілік елдің интеллектуалды тұлғасын қалыптастырудағы негізгі мақсат, қазіргі заманның озық ойлы жоғары технологияларын жетiк меңгерген, білімді, әрi қабiлеттi, көзқарасы дұрыс, дiнi мен дiлi және рухы жоғары, дағдыларды жылдам меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру. Интеллектуалды тұлға бүгінгі қоғамымыздың басты байлығы. Оны тәрбиелеу заман талабы ғана емес, басты міндеті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Мен "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясымен бөліскім келеді. Оның негізгі мақсаты - қазақстадықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деген болатын. Президенттің нұсқауы бойынша, білім саласының дамуына қойылатын талаптар: білім беру жүйесінің инновациялық дамуы, ақпараттық революция, жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеу екенін атап өтуге болады. Осы талаптардың түйіні – Мәңгілік елдің интеллектуалды тұлғасын тәрбиелеу болып саналады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері  негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізіп және  оны тиімді пайдалану жолдарымен жұмыс жасаудамыз. Құзіретті тұлға қалыптастыру үшін білім сапасын арттырып, оның  мазмұнын байытып, оқу үрдісін жетілдіру және жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай шығармашыл тұлға тәрбиелеу басты мәселе болып отыр.

Жаңалыққа толы бүгінгі заман: мұғалімге XXI ғасыр бәсекесіне сай, жан-жақты білімді, дарынды, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылатын жеке тұлғаны дайындауды міндеттейді. Мемлекеттің күшейіп гүлденуі жеке тұлғаға, яғни болашақ дарындыларға тәуелді екені сөзсіз. Ұстазға алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте cақтауы әрқилы жеке тұлғаның жүрегіне жол тауып, олардың танымдық құзіреттіліктерін дамыту күрделі құрылым екені даусыз. Сондықтан ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім тұлғаны тек жаңа тұрпатты тың көзқарасы бар педагог қана қалыптастыра алады. Сондықтан жеке дарынды тұлға бойында таным белсенділігін арттырудың тиімді жолдарын қалыптастыру қажет, яғни жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білімді меңгерту білім сапасын арттырудың маңызды бөлігі болып саналады.

       Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы  жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», – деп атап көрсетті. Сондықтан білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру керек Бүгінгі күні «құзыреттілік» ұғымы оқыту үдерісінде білімді қолданудың негізгі нәтижесі ретінде қарастырылуда.

  «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасында»  қазіргі заманғы жоғары білімнің мақсаты мен басты стратегиялық бағдары айтылған, онда білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген. «Құзыреттілік» ұғымы  бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың нәтижелі көрінісі ретінде қарастырылуда. «Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым А.Н.Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді. Қазіргі білім беру саласында «құзыреттілік» жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесінің дамығанын көрсетеді.

Қазақстан тарихын оқытуда жаңа ғасыр талабына сай, жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастыру негізінде тарихи білім беру мақсатын, мазмұнын, технологиясын нәтижеге бағдарланған білім беруге бағыттау бүгінгі күні өзекті мәселе екені сөзсіз. Қазақстан тарихын оқыту үрдісінде жаңа технологияларды ұтымды пайдалану, оқушыны танымды әрекеттің субъектісі ретінде бәсекеге қабілетті, сапалы білімнің иесі ретінде қалыптастырады. Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені, ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тарихын баяндайды. Сонымен қатар, мектептегі тарих курсына сол тарихи тәжірибелердің алдымен ең маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрі бала жүрегіне өте үлкен әсер етеді де адамгершілігі жоғары, өз елін сүйетін саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады. Осы орайда, бүгінгі күні ұстаздар қауымының білім беру жауапкершілігі күннен-күнге өсе отырып, оқытудың озық технологияларын меңгеруі қажет болып отыр. Жаңа заманғы инновациялық технологиялар жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, шығармашылық қабілеттерінің кеңеюіне, қажетті іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруға және ізденімпаздықпен жұмыс істеуіне қажетті мүмкіндіктерді қамтиды. Мәңгілік елдің құзыретті ителлектуалды тұлғасын қалыптастыру үшін үлкен педагогикалық шеберлік керек.

ХХІ ғасырдағы тарих пәні - жалпы адамзат дамуының алға басуындағы әр мемлекеттің болашағы үшін өз патриоттарын даярлау жолындағы басты бағыт беруші пән. Жаңа ғасырдағы әрбір шәкірт өзінің тарихы тереңге бойлаған қазақ даласында туғанын мақтаныш ететіндей, осы елдің өткені мен өзекті тарихын зерттеуге бар ынта-ықыласымен даяр тұратындай болуы шарт. Қойнына сан қырлы сыр бүккен қазақ даласының әр тасы, әрбір жотасы мен даласына жас жеткіншектің сүйіспеншілігін ояту үшін тарих сабағынан шежірелі жерлерге саяхаттар жасауға, ғылыми археологиялық қазба жұмыстарына қатысуына мүмкіндіктер беру қажет. Ол үшін жеке дарынды тұлғаға тарихи-ғылыми жоба жұмыстарын жүргізуге нұсқаулар беріп, тарихи орындарға саяхаттар ұйымдастыру қажет.

Жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту арқылы ұстаз оқушының қазіргі заманға, қоғамға бейімделу мүмкіндіктерін арттыруын қалыптастырады, оқушылардың жобалау, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру әдістемесі арқылы тұлғаның шығармашылық, ізденушілік қабілеттеріне тәрбиелейді. Тарих пәнінен шәкірттер арасында туған өлке тарихының сан қырлы сырларын ашуға ұмтылыс жасаған оқушылардың еңбектеріне тоқтала кеткіміз келеді. Озық ойлы шәкірттер ішінде Ойыл өңіріне зерттеу жүргізге Бижанов Ержан «Ойыл өңіріндегі Көкжар жәрмеңкесі» тақырыбындағы, Кубенова Жадыра «ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының азаттық күресі» (Тама Есет Көкіұлы материалдары бойынша) тақырыбындағы, Орынбасарова Несібелі «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» (өлкеміздегі «Түйетөбе» тарихы бойынша) және «Смағұл Сәдуақасовтың өмірі және қоғамдық-саяси қызметі» тақырыбындағы ғылыми жобаларды қорғады. Қазақстан Республикасының бүкіл әлем қауымдастығы алдындағы алар орны айқындалып жатырған кезде, оның өткен тарихын жан-жақты терең зерттеулер мен тарихи оқиғаларына жаңа тұрғыда баға беруге үлкен мән беру бүгінгі таңдағы тарих пәнінің мұғалімдерінің басты міндеті деп ойлаймын. Еліміздің тәуелсіздігі арқасында өткен тарихымызды еркін қорытып, одан жан-жақты теориялық тұжырымдар жасауға жол ашылып отыр. Халқымыздың жүріп өткен тарихын ешқандай да бұрмалаусыз, тура қорытудың бірден-бір жолы - өз уақытында халқымыздың болашағы үшін бар ғұмырын күресте өткізген зиялыларымыздың артында қалған рухани мұрасын жас ұрпақтың санасына жеткізу болып табылады. Теориялық білімін практика жүзінде ұштастыра білген әр оқушы ертеңгі күнгі білімі толысқан, жан-жақты дамыған, адами капиталға бай, білімді өз бетінше білім алуға ұмтылысы бар, Мәңгілік Елдің құзыретті, интеллектулды жеке тұлғасы болып қалыптасатыны даусыз.

Білім, білік, дағды мен іс-әрекет жиынтығы – оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген құзыреттіліктері мен қоғамға бейімдеу мүмкіндіктері. Жаңа инновациялық технологиялармен оқытатын жалпы білім беру мазмұнындағы әрбір оқушының жеке ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері оң көзқарастар мен білім сапасын арттырудың маңыздылығына ие болуда. Оқу әдістемелік әдебиеттерге жасалынған шолуларға сүйенетін болсақ, педагогикалық технологиялардың қайсысы болмасын оқушылардың өз бетінше, дербес ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмыстарына баулиды. Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты- оқытудың тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Мұғалімнің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу және оны өсіру. Инновациялық педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті мөлшерде байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, бүгінгі күні мұғалімдерге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны күнделікті тәжірибеде пайдалану шарт.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір - қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан-жақты мәдениетті, патриот – азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз» - деген болатын. Ендеше, Құрметті ұстаздар осындай ұлы істе жеке тұлғаның жан-жақты өсуіне бір кісідей атсалысайық.

Әдебиеттер тізімі:



  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  2. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

  3. К.С.Құдайбергенова. Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өздік дамуында. Алматы - 2006 

  4. Қ.М.Нағымжанова. Инновациялы-креативті технологиялар. Өскемен-2005 ж.

  5. Баширова Ж.Р. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру.Алматы-2003

  6. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы»

  7. Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе.  Aлматы – 2005.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі