400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұрпақ болашағы - ұлт болашағы "

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал колледждің білім алушыларына, мектеп оқушыларына керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы













Тәрбие сағаты



"Ұрпақ болашағы - ұлт болашағы "










Орындаған: ШТББ 9г-18 тобы

Топ тәлімгері: Мұқан Г.С.



















Шымкент




Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғыру аясында "Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы".


Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлі халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше екенін түсіндіре отырып, Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; ұлттық рухты сіңіру. 

Нәтиже:Білім алушыларда ұлттық саналары оянады, жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі артады.Білім алушылардың рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар: Ұрпақ тәрбиесі -ұлт болашағы екенін түсінеді.



Сабақ барысы:

  1. "Құстар биі".

  2. Picture 2


1жүргізуші: Армысыздар құрметті "Болашақ" жоғары колледжінің ұстаздары мен білім алушылары. Ұрпақ тәрбиесі қай уақытта болсада күн тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі. Бұл мәселе қазіргі күніде айрықша мәнге ие.

2жүргізуші: ХХІ ғасырдағы тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму қарқыны ағымында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Бүгін ШТББ 9г-18 тобының білім алушылары осы тақырыпты«Ұрпақ болашағы - ұлт болашағы» атты тәрбие сағатында өрбітпек.

1жүргізуші: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты Жыл сайын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан халқына жолдау "жолдап келеді. 2017жылы 31қаңтардағы жолдауында "Қазақстанның үшінші жаңғыруы,жаһандық бәсекеге қабілеттілік" деп айтқан болатын.

2жүргізуші:Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы патриот болуы керек.

2. Видео "Рухани жаңғыру"

  1. Рухани жаңғыру туралы мәліметтер.


1жүргізуші: Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қорболмаймын,

Қымбатырақалтыннаннарқымменің.

 

2 жүргізуші:Ал екіншібақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.



  1. Тобымыздың қыздарынан құралған "Асыл" триосының орындауында: «Туған жер» әні.



1жүргізуші: Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

2 жүргізуші:Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Ендеше студенттеріміздің өз шығармашылығынан үлгілілік,тәрбие жайлы көрініске кезек берсек.



  1. Ендеше көрініске кезек берейік.

1 жүргізуші: Саған қандай аспап ұнайды?

2 жүргізуші: Әрине домбыра, әр тартқан күйінде елітіп алып кетеді, даусыда өте жағымды ұлттық аспап емеспе

1жүргізуші:Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ- қазақ емес , Нағыз қағаз-домбыра!

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.

6. Сапар Назеркенің орындауында Сәкен Тұрысбековтың "Көңіл толқыны"күйін тамашалаңыздар.

1жүргізуші : Өз Отаныңнын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет.

2жүргізуші:Егемен ел болған Қазақстанның алғашқы ұрпағы ат жалын тартқан азамат, елдің тізгінін ұстайтын халге жетті.. Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық. Себебі білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр.

Ендеше , рухани жаңғыру-жастардың көзімен өлең жолдарында.

(7. Мәнерлеп оқу)

1жүргізуші:Рахмет қыздар.Әр қазақ өз елін айтқанда даусы ырғақтала еліне арнап өлең айтқысы келіп,еліне деген сүйіспеншілігі көрінеді.

2жүргізуші: Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын? - дей отырып бұлбұл қыздарымызға кезек берсек

8."Ақжібек"тобының орындауында: "Қазағымсың"әні.

1жүргізуші:Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығыбұлсөзiмiзге айғақ. Мен қазақ халқының мұндай мейiрбандығын, қонақжайлылығын кең пейiлдiлiгiн үнемi мақтан етiп келемiн.

2жүргізуші:Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Оңтүстіктегі халық санының 17 пайызы өзбек ұлты құрайды .

9. Алдарыңызда өзбек ұлтының биі.

1жүргізуші:Тәуелсіздікке қoл жеткізгеннен гөрі oны ұстaп тұру әлдеқaйдa қиын.Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен тaлaй хaлықтың бaсынaн өткен тaрихи шындық. Өзaрa aлaуыздық пен жaн-жaққa тaртқaн берекесіздік тaлaй елдің тaғдырын құрдымғa жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере aлмaй, жер бетінен ұлт ретінде жoйылып кеткен елдер қaншaмa.

Білім алушы:Біз өзгенің қaтелігінен, өткеннің тaғылымынaн сaбaқ aлa білуге тиіспіз. Oл сaбaқтың түйіні біреу ғaнa – Мәңгілік Ел бoлу Жастар біздің өз қoлымыздa. Бұл үшін өзімізді үнемі қaмшылaп, ұдaйы aлғa ұмтылуымыз керек.

Бaйлығымыз дa, бaқытымыз дa бoлғaн Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қaрaшығындaй сaқтaй білуіміз керек.


Білім алушы:«Рухани жаңғыру - дәуір талабына сай жаңғыру»

Білім алушы:«Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"

Білім алушы:«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»

Білім алушы:«Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»


2 жүргізуші:Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды.

1 жүргізуші: Ендеше, студенттерді рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты. «Рухани жаңғыру» – Мәңгілік Елге бaстaйтын ең aбырoйлы, ең мәртебелі жoл.

2 жүргізуші:Ендеше осы жoлдaн aйнымaйық, қaдірлі хaлқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі бoлсын! Дaмуымыз жедел, келешегіміз кемел бoлсын! Жaрқын іспен күллі әлемді тaң қылып, Жaсaй берсін Елдігіміз Мәңгілік! -деп ШТББ 9г-18 тобының "Ұрпақ болашағы-ұлт болашағы"


10. Хор "Атамекен"




1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар және білім алушылар ! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі құтты болсын! Елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Студенттер бірге: Қош сау болыңыздар !!!































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі