400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұрпақ жалғасқан дәуір

Материал туралы қысқаша түсінік
Класс жетекшілерге керек.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы аясында жүргізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бухарбаева М.К.

Ақтөбе облысы Елек ОМ



Мәңгілік Қазақстан – бақытты балалық шақ


Кластан тыс жұмыстың тақырыбы: Ұрпақ жаңғырған дәуір...


Мақсаты: «Рухани жаңғыру: 100 жаңа есім» аясында туған ауылымызға, білім алып жатқан мектебімізге еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз,"Қазақстан білім беру ісі жөніндегі ҮЗДІГІ", "Еңбек ардагері", зейнеткер Батырова Рабиға Хасенқызымен кездесе отырып, ашық сұхбат жүргізу.

Міндеттері:

  • Қазақстан білім беру ісі жөніндегі ҮЗДІГІ", "Еңбек ардагері", зейнеткер Батырова Рабиға Хасенқызының өмір жолымен танысады;

  • Оқушылар сұрақтар бере отырып, ақыл-кеңес алады;

  • Елімізге танымал 100 жаңа есімнің бірі екенін ұғынады;

Өткізілу әдісі: ашық сұхбат

Өтетін орны: мектептің акт залы

Ресурстар: слайд, буклет, гүл, шарлар, т.б

Жұмыстың барысы:

Ұйымдастыру. 7 «А» және 7 «Ә» класс оқушылары мен басқа да көрермендерді залға орналастыру.

7-класс оқушыларының «Ұстазым, менің ұстазым» әнімен қадірлі қонағымыз Батырова Рабиға Хасенқызын қарсы аламыз.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған.

Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын.

«Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде.

Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/47808/

Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы екендігін сезіне алуы қажет.

Сондай есімдердің бірімен бүгін танысқалы отырмыз. Өздерің білім нәрімен сусындап отырған Елек орта мектебінің қазақ мектебі болып ашылуына зор еңбегі сіңген ұлы да ұлағатты ұстаз және басшы болған Рабиға Хасенқызы Батыровамен кездесу кешімізді бастаймыз.

  1. Слайд (Рабиға Хасенқызының өмір жолымен танысады.)

Батырова / Шайдуллина/ Рабиға Хасеновна 1948 жылы 27 маусымда Актөбе облысы Новорессей ауданы Жарық бойында теміржолшылар отбасында өмірге келген.

1963-1967 жылдары Ақтөбе педучилищесінде, 1968-1974 жылдары Ақтөбе мемлекеттік пединститутының орыс тілі мен əдебиеті пəні факультетін тәмамдаған.

43 жыл ұстаздық: бастауыш сыныптар, орыс тілі пəні мұғалімі, мектеп оқу ісі меңгерушісі, аудандық мектептердің методкабинетінің меңгерушісі болып қызметтер атқарған.

1989-2006 жылдар аралығынды Елек орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

Жоғары санатты мұғалім, "Қазақстан білім беру ісі жөніндегі ҮЗДІГІ" марапатының иесі.

"Еңбек ардагері", зейнеткер.


  1. Өмір жолынан естелік. Рабиға Хасенқызының естелігі тыңдалады.


  1. Ән 10-класс оқушысы Даниял


  1. Ашық сұрақтар. 7-класс оқушыларының сұрақтары қойылады.



    1. Адам бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?

    2. 7-класс оқыған кезіңіз есіңізде бар ма? Немесе мектеп кезінен бір оқиғаны есіңізге түсіріп айтып беріңізші?

    3. Елімізде болып жатқан жаңа мазмұнда білім алу туралы ойыңызды білгім келеді?

    4. Қазір біз күнде баға алмаймыз. Күнделігімізге де баға қойылмайды. Жиынтық бағалау кезінде ғана баллмен аламыз. Ол біздің сабаққа деген құлшынысымызды азайтқандай. Бізге қандай ақыл қоса аласыз?

    5. Мариямгүл апай сізді бізге жаңа есім ретінде таныстырып отыр. Сіз «100 жаңа есім» аясында кімді, қай саладан танытар едіңіз?


    1. Жақсы маман болу үшін адам нені біліп, үйренуі қажет және мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?

    2. Сол кезде мектепте ең нашар оқыған оқушыларыңыздан қазіргі кезде өмірдің биік шыңынан танылған оқушыларыңыз бар ма?

    3. «Ұстаз болу - жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдау үшін адам бойында қандай қасиет табылу керек деп ойлайсыз?

    4. Қоғам мен қазіргі заман адамы туралы қандай ойдасыз?

    5. Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

  1. Блиц сұрақтар

  • Ортамен, жалпы адамдармен бірден тіл табысып кетесіз бе?

  • Өз-өзіңізді күтудің құпиялары бар ма?

  • Өмірде жас ұрпақ досты қандай қасиетіне қарап таңдауы керек.

  • Ең жағымды, ең тәтті дауыс кімдікі сіз үшін?

  • «Әттеген-айлар» көп болды ма? Қандай сәттерде..

  • Елде қызмет етіп жүрген адамдардың қайсысы ұнайды?

Қорытынды

Осы кештің қонақтарының бірі, Елек орта мектебінің директоры Абдрахманов Кайырболат Садыковичке сөз беріліп, кеш маңызы туралы өз ойын ортаға салуын сұраймыз.

Осы кештің естелігі ретінде «Әйел бақыты» атты гүлді сыйға тартамыз. Сөз кезегі 7 «Ә»класының жетекшісі Туребаева Айгульге беріледі.

Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.

- біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

- біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

- ол - Мәңгілік Ел идеясы

- Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

- ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті

- Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

Мәңгілік Ел – менің Отаным Қазақстан, туған елім, туған жерім, атамекенім.

Кеш соңында бәріміз қосылып, «Атамекен» әнін орындаймыз.

Хор «Атамекен» әні


Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты:

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,

Ұрпағымыз болсын десек сауатты, - дегендей жас ұрпағымызды еліне еңбегі сіңген

жаңа есімдермен таныстыру әрбіріміздің міндетіміз деп ойлаймын.

Ұрпақ жаңғырған жаңа дәуір басталды, құрметті кеш қонақтары!

Алтын уақытын бөліп келген қонағымыз Рабиға Хасенқызына алғысымыз шексіз.

Кешіміз аяқталды, сау болыңыздар!



Picture 1

Өмір жолынан естелік


Picture 4


Сұрақтар беру сәті

Picture 5 Picture 6




Picture 8 Picture 7

Блиц сұрақтар «Атамекен» әні шырқалды











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі