Тақырыбы. «Ұрпақ жақсысы -
ұядан»
Мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің
өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр
адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде
қалыптасуына, отбасының рөлінің маңыздылығы, оның париоттық
көзқарасы.
Міндеттері:
-үлкен ұрпақтың адами тәрбиесінің
тәжірибесін қалыптастыру;
-өз отбасының тарихын
білу;
-сұранысты
дамыту;
-балаларды моральдық тұрғыдан
дамыту;
-патриоттық және азаматтық тәрбиені
дамыту.
Сынып сағатының түрі: дөңгелек
үстел
Керекті құралдар: интербелсенді тақта,
«Менің бақытты отбасым» тақырыбындағы сурет көрмесі,
мақал-мәтелдер, үлестірмелі қағаздар , ата-анаға құттықтау
бейнероликпен жіберу.
Тәрбие сағатының
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2-3
минут)
Ой
жинақтау
1-тапсырма
Отбасы дегеніміз
не?
Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел
адамның заңды неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты
қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып
өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасын
құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған
жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт -
дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған
ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең
маңызды міндеті.
ІІ. Мұғалімнің
сөзі:
- Барлық өнеге - отбасынан басталады.
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деп , ата-бабаларымыз тегін
айтпаса керекті. Үйдегі тәрбие-баланың болашағына үлкен әсер етеді.
Әр бала –өз отбасының тарихын, ата-тегін біліп өсуге тиіс. Ата-ана
өз баласына адами қасиеттерді үйретіп отырады. «Әке-асқар тау, ана-
бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» дейді. Бүгінгі сынып сағатымызда
ата-ананың отбасындағы беретін тәрбиесінің қазіргі таңда өзекті
мәселе екені және әр баланың өз отбасындағы жеке тұлға болып
дамуына нені қажет ететіні туралы ой
бөлісеміз.
Тәрбие сағаты мынадай түрлерге
бөлінеді:
1) «Менің бақытты отбасым» (әр бала
ата-аналарымен түскен суреттерін көрсетіп,
баяндайды)
2) «Отбасындағы менің рөлім» тақырыбында
балалар үлестірме қағаздарға өз отбасының суреттерін
салады.
3) «Отбасы -шағын мемлекет» әр бала өз
мемлекетінде сақталатын құндылықтар жайлы ойларын шағын сөздермен
жазып, түсіндіреді.
4) «Жалғасын тап...» (мақал-мәтелдердің
жалғасын айту)
5) "Жүректен-жүрекке"
құттықтау
Мұғалімнің
сөзі:
- «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам
тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де
рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың
басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас
ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата – ана мен мұғалімнің
рөлі зор. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін
оятып, баланың әсершілдігін дамыту». Бала ата-анадан және өз
ұстазынан адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерді, қуаныш
табуға баулитын жақсы істерді үйренуге
тиіс.
Ендеше, қазір отбасындағы болатын бақытты
күндерді бейнелеп тұрған суреттерді
тамашалаймыз.
1-бөлім " Менің бақытты
отбасым"
2-бөлім: «Отбасындағы менің
рөлім»
3-бөлім: «Отбасы -шағын
мемлекет»
Мұғалімнің
сөзі.
- «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің
қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз»
А. С. Макаренко айтқан екен. Баласын ата-ана отбасында жақсы
тәрбиелеуге , жаман іс-әрекеттен аулақ болуға үйретеді. Отьасы –
шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өз президенті, министрлері болады.
Мемлекеттің барлық мүшелері отбасындағы құндылықтарды бірдей
сақтауға міндетті.
Отбасында сақталған дәстүрлер туралы
әңгімелесек
5-бөлім: «Жалғасын
тап...»
1.Атаңның баласы
болма,....................... ( халықтың баласы
бол)
2. Ұяда не
көрсең,..................................( ұшқанда соны
ілерсің)
3. Балалы үй
базар,.................................( баласыз үй қу
мазар)
4. Ата көрген оқ
жонар,..........................( ана көрген тон
пішер)
5. Ананың сүті –
бал,..............................( баланың тілі –
бал)
6. Туған үйдің түтіні
жылы,...................( туған ананың күтімі
жылы)
7. Анаңа ауыр сөз
айтпа,........................( артыңа ауыр жүк
артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз
нұры. ( бала)
9. Әке – асқар
тау,.............................( ана - шалқар
көл)
Бала тәрбиесі
бесіктен.
Баланың жақсысы – қызық, Жаманы
күйік.
Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон
пішер.
Бала - көңілдің гүлі, көздің
нұры.
Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам
баласы үшін азапқа түседі.
Ата
- бәйтерек, бала – жапырақ.
Атадан жақсы ұл
туса,
Елінің қамын
жейді.
Атадан жаман ұл
туса,
Елінің малын
жейді.
Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық
ризық.
Әкең өлсе де, әкеңді көрген
өлмесін.
Әкесін сыйламаған кісіні баласы
сыйламайды.
Ананың көңілі балада, Баланың көңілі
далада.
Ағайын – алтау, ана –
біреу.
Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық
лашығы артық.
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.
Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп
Баласұғын былай дейді:
«Қатты тәртіп көрсе бала
күнінде,
Өнерімен қуантады
түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан
–
Өле - өлгенше соны таныр
қиядан.
Өнер - білім берем десең
басынан,
Бер оқуға балаларды
жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ
тараған,
Жақсы, жаман болса, бала -
солардан».
«Қымбат машина»
әңгімесі
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып
әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді.
Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі
күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат,
Қанат, Мұса қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман
машинасын құшағынан шығармай мақтана
сөйледі.
- Келші
көрейік...
Бере тұршы жүре ме
екен?
- Қандай әдемі, кел.
ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей
қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен
ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да
сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен.
Аман қызығып, жүгіріп қастарына
келді.
- Мен де
ойнайыншы.
- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын
жалғастыра берді.»
Сұрақтар:
1. Әңгімеден не
түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп
ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі
ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер
едіңіздер?
Келіңдер, пікір
алысайық
1 Отбасы – тәрбие
бастауы
2 Қазақ халқының қай салт - дәстүрлері
сіздің отбасыңызда сақталған
3 Ұят - адам қасиетін бағалайтын
сезім
4 Ұл - ол әке мұрагері ғана емес, ол ұлт
болашағы. Отбасындағы ер адамға
көзқарас
5 Шешесін көріп - қызын ал, Ыдысын көріп
– асын іш.
6 Отбасындағы кітап, газет – журнал оқу.
Білімді сатып алуға бола ма?
Қорытынды
Барлық өнеге отбасынан басталады.
Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық –
қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді
орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп
түсінейік.
«Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы
тәрбиеленген адам» деген грек философы - Эпикет. Бала - әр
ата-ананың болашағы. Бала-ата-ананың өмірінің жалғасы. Ендеше, өз
өміріміздің болашағы болып саналатын ұрпағымызды жақсы біліммен
сусындатып, зайырлы еліміздің бақытты балаларын мықты етіп
тәрбиелей берейік. Еліміздің болашағы-жастар деп, елбасымыз
айтқандай, жарқын елдің- жас ұрпағына жақсы тәлім-тәрбие берейік!
Сау болыңыздар.