Ұ
рпақ тәрбиесі –
болашақ тірегі.
Кенебаева Салтанат
Онгарбаевна
Нұр- Сұлтан қаласы
«Міржақып Дулатұлы
атындағы
№68
мектеп-гимназия» КММ
физика-
информатика пәні мұғалімі
«Адамға ең
бірінші білім емес,
тәрбие берілуі
керек, тәрбиесіз
берілген білім адамзаттың- қас
жауы»
Әл-
Фараби
«Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі
болуды тілейтін өнер», — деген екен М. Жұмабаев. Қандай
тауып айтылған даналы сөз десеңізші.
Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін,
оның білімді тұлға болып қалыптасатынын,
елдің берік тірегі болатынын
көрсетеді. Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін әлемдік
деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл
әлемдік деңгейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты. Қазіргі
қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың
білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері
сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауын, олардың біртұтас
дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік
негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру –
жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің
бірі.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған
ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын
қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу,
тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар
болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын
өмірдің өзі дәлелдеуде. Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы –
оларды адамгершілік – рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру
керек. Сонда ғана нағыз толыққанды тұлғаға айналады. Тәрбиедегі
басты мәселе – балалардың тұлға аралық қатынасын дәріптеу, өз
құрбы – құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым – қатынасын жасай
білу, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның даралық
ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі,
өзіне сын көзбен қарап, өзінің көңіл – күйін, атқарған іс -
әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға
бере алғанда оның болашағы биікте болары сөзсіз. Бүгінгі бала тек
мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің
белсенді, нысаналы, зерделі, дарындылық іс - әрекетімен
сабақтастыра білгенде болашағы кемел болары
сөзсіз.
Балалар тәрбиесіне, келер
ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса
да, қай елде, қай ұлтта болмасын
үлкен мән берілген ғой. Өйткені бала –
біздің болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп
бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала
болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне
кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап,
түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті. Өмір
шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың
сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты. «Тәрбие басы –
тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақтың
мағыналы сөздерінде үлкен астар бар
сияқты. Балаңды өз тәрбиеңмен
тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, - сонда ғана оның
болашағы биік деген. Алайда, жұмысымызда байқап жүргеніміздей
ата-аналарымыздың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі
қателіктер де көрініс беруде. Кейбір ата-аналар: «Баламды киіммен,
тамақпен қамтамасыз етем, білім, тәрбие беру – мектептің ісі» деп
түсінетін ата-аналар да кездеседі. Бала тәрбиесін тек мектепке ғана
аударып қоймай, ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып
жұмыс жасау, ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де тиімді.
Еліміздің егемендігін алып, тәуелсіздік
туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде
балаларды қоғамның лайықты ізбасары
етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін
мектепте оқу, тәрбие жұмыстарын
көбейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып
отыруымыз қажет. Қазіргі заман талабына сай
оқу-тәрбие жұмысының түрлері, өткізу
іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып
отыр. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ
тірегі.
«Адамзат ұрпағымен мың
жасайды», - дегендей ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтың мәселе
болған.Бүгінде, мектеп оқушыларының түрлі тәртіпсіздікке жол
бермеуде, үлкен мен кішінің жарасты сыйластығын қалыптастыруда,
ағайын – туыстардың ауызбіршілігін орнықтыруда әкелердің ықпалы
ыдырап, үлкендердің тыйым салмауы олардың тәрбиесіне балта
шабуда.Өзімнің сараптауым бойынша, бұрындары әкелер ұлдарын
қастарына ертіп ел аралайды екен.Онда барған үйлерінің ылғи
көрегенді шаңырақ, ақылгөйі бар ақылдарды көрсетеді екен. Мұндағы
негізгі мәселе: балаға өзге шаңырықтағы ұлағатты істерді көрсету
болған екен. Ал, қазір ше?!Әкелер емес...Шешелер сөйлейтін заман
болды. Халқымыздың болашағы – ұрпақ тәрбиесінде екендігін кейбір
шешелер біле ме екен?! Тәрбие жетілген сайын, халық соғұрлым
бақытты болатындығын адамзат тарихи дәлелдеген. «Тәрбие – халықтың
ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі
қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, дүние танымын, өмірге деген
көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру», - делінген
тәлім – тәрбие тұжырымдамасында. Тәрбиенің ең маңызды түрінің бірі
– ең алдымен өз халқын, өз Отаннын сүюден басталуы да ерекше. Менің
түсінігім бойынша – мұғалім мамандығы жасандылықты қаламайды, уақыт
талабынан қалыс қалуға төзбейді. Балалар біздің болашағымыз.
Ертеңіміз, болашағымыз өсіп келуде. Бізден жаңа қоғам ғана жасалып
келе жатқан жоқ, жаңа адамда жасалып келеді. Ұстаз шәкіртін түсіне
білу керек.Сену керек. Дос болу керек. Ұстаз болу – қиын, бірақ
ардақты іс – шәкірт пен ұстаз арасында достық сезімнің берік болуы
қажет. Бала жүрегіне жол таба білмеген мұғалім кейде оны өзіне
қарсы қойып алады, бала ерегіскіш
келеді.
Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр
балаға, әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетеді,
біреуіне ақыл жүрмейді, мінез – құлқына қарай басқа амал табу
керек. Бала жүрегі кішкентай ғана күй сандық, ол кілтін тапсаң ғана
ашылады. Мұғалімдердің қолында әр кез сол кілт жүру
керек. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу
жүйесіндегі шешуші буын мектеп
болғандықтан, бұрынғыдан да зор
жауапкершілік артуда. Әр шәкірт мектеп
арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта
отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес.
Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан.
Осы тұрғыдан алғанда мектеп – бала мен тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әртүрлі
факторлардың үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Мұнда тәрбие
түрлерінің сан алуаны жүзеге асырылады. Баланы
тәрбиелеуде бір ғана отбасының алатын
орны ерекше деп қорытынды шығаруға
болмайды. Қорыта келіп, өмірін осы
қызметке арнаған адамды, өз өнерін, бойындағы барлық қасиеттерін
дарытқысы келетін адамды нағыз ұстаз деп атауға болады. Олай
дейтінім болашаққа ізгілік нұрын себушілер – олар. «Жаңа адамды тек
жаңашыл ұстаз ғана тәрбиелей алады». Өнегелі адамды тек өнегелі
ұстаз ған тәрбиелей алады. Сонда ғана, жастар болашағының шоқтығы
биік болмақ. Сол ұлы тәрбиелі жолда шаршамайық, ізгілік нұрын
себуші, жол нұсқаушы ұлағатты ұстаздар. Менің түсінігім
бойынша – мұғалім мамандығы жасандылықты қаламайды, уақыт талабынан
қалыс қалуға төзбейді. Мектептің ата-аналармен жүргізілетін
жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет
бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты сынып
жетекшісі қамтамасыз етеді. Сынып жетекшілер оқушылардың екінші
ата-анасы ретінде бірге жүріп, халықты ғасырлар бойы өз ұрпағын
тәрбиелеп келген тәжірибесінен үлгі көрсетуді мақсат-мұраты
санайды.