400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Казбекова Казна Кулбаевна

Алматы қаласы, Жетісу ауданы

МКҚК №162 бөбекжай-балабақшасы

1-санатты тәрбиешісі.


Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы


«Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген,

бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан,

имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу,

өсіру, білім беру, бүгінгі таңда отбасының,

балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті».

Н.Ә.Назарбаев


Ұрпақ тәрбиесі халқымыздың ұлттық тағдыры, ұлттық болашағы. Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркен-деуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы азаматтық құндылық-тарды мен жалпы азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжан-ды тұлғаны тәрбиелеу.

Ұлттық тәрбиенің міндеті – мәдени әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлт-тық тәрбиенің деңгейі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, тарихын, дінін, салт-дәстүрін құрметтеу балалардың бойына қалыптастыру, парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу және басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, патриотизмді нығайту.

Атадан балаға мұра болатын ұлттық салт-дәстүрлерді бойына қалыптас-тыру. Ендеше, ұлт болып қаламыз десек, «Ұлттық тәрбие» отбасынан бастау алып балабақшамен мектептерден жалғасын табады.

Ұлттық тәрбие:

  1. «Отбасындағы ұлттық тәрбие»

  2. «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»

  3. «Мектептегі ұлттық тәрбие» - деп бөліп талқыланады.


1.Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар.

Мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасы бүгінгі күн талабына сай балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жаңартылып, толықтырылған.

Мәне, бұл орайда ұлттық салт-дәстүрді үйрету оқу қызметінде және мерекелік күндерде (Наурыз мерекесінде, Тәуелсіздік күнінде) көрсету үрдіске айналып келеді.

«Қаза тілі – ұлтымыздың болашағы» болғандықтан тіл дамыту, көркем әдебиет оқу-қызметтерінде тақпақтарды далаң жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны балалардың санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамыз. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды қолданып, «Алдар Көсе, Қожанасыр» сынды ертегі кейіпкерлерін балалардың өздеріне ойнатып, жан-жақты амал-тәсілдерді қолданамыз. Сондай-ақ балаларымыздың бойына «Наурыз мерекесінде» әр түрлі салт-дәстүрлерді көрсету арқылы ұлттық салт-дәстүрлерді сіңдіреміз. Мысалы, «Тұсаукесер», «Қыз қуу», «Арқан тарту», «Қол күрес» жас ұрпақтың бойына тек қана сал-дәстүрлерді сіңірте қоймай, сонымен қатар Отанымыздың жеткен тәуелсіздігінің қалай келгендігін жас балғындарға ересектер сияқты түсіндіре алмайсың. Сондықтан осы жолда «Тәуелсіздігім – тірегім», «Ұлт болашағы – ертеңгі ұрпақта» атты тақырыптарды оқу қызметінде өткіземіз. ол болашақ ұрпақты ұлтын сүйе білуіне мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан еліміздің тарихы мен тәуелсіздігінің тартуы – рәмізімізді таныстыруға мол мүмкіндік туғызады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы танымдық және практика-лық іс-әрекетпен тығыз байланысты оқыту барысында әр түрлі технологиялық әдістерді, бейнелеудің әртүрлі нұсқауларын пайдалану балалардың шығарма-шылық дамуына негіз болады. №162 бөбекжай – балабақшасында жаңа технологияларды пайдалана отырып, дәстүрден тыс бейнелеу өнері «Түстер әлеміне саяхат» тақырыбы бойынша «Ертегілер әлемі» жобасына сүйене отырып ашық оқу қызметтер аудан, қала көлемінде көрсетілді. «Мнемо кесте» арқылы тақпрақ жаттату. Тақырыбы: «Алматы гүл қала».

Сонымен қатар, «Монотипия» әдісі бойынша өткізу. Тақырыбы: «Алма ағашы».

Жыл сайын №162 бөбекжай-балабақшасының ұжымы мен ата-аналар бірлесіп, балаларды қорғау күніне орай «Шынықсаң шымыр боласың» атты іс-шарасын өткізіп келеді. Шара барысында балабақша тәрбиешілері мен өнерлі бүлдіршіндердің қатысуымен концерттер беріліп, балалар қолымен сыйлықтар жасайды.

Еліміздің ертеңгі болашағы – өсіп келе жатқан жас ұрпақ балғындарын ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау басты міндетіміз. Алға қойған мақсатымызды орындай отырып, егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбие-леуге баршамыз тыңғылықты, үздіксіз еңбек ету жолындамыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
354
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі