400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға өте қажет деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы


Қай  кезеңде  болмасын әр  ұлттың   алдында  тұратын ұлы міндеттерінің   бірі өзінің ісін,  өмірін жалғастыратын салауатты саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. Болашақ қоғам  иелерін  жан-жақты жетілген, көзі ашық, көкірегі ояу, ақыл  парасаты  мол, өрісі  озық етіп тәрбиелеу  аға  буынның  қоғам алдындағы борышы. Қазақ  халқы —  рухани зор байлықтың мұрагері. Ата-бабаларымыздың сан ғасыр бойы  өз ұрпағын  сегіз  қырлы, бір сырлы,  өнегелі де өнерлі  адамгершілік  ар-ожданы  жоғары  намысшыл  азамат  етіп, тәрбиелеп келгені бәрімізге мәлім.

Тәуелсіздік   туы желбіреген  егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде,  олардың  бойына  ізеттілік,  қайырымдылық, кішіпейілділік,  әдептілік, елін, жерін,  Отанын  сүюшілік секілді,  ең  асыл қасиеттерді  қан мен  жанына  сіңіруде   осы ата-бабамыздың   салт-дәстүр негізін ұстансақ өте  ұтымды болар еді.

Бүгінгі  таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені,озық өнегелі дәстүрді, адамгершілік асыл қасиеттерді  жастар бойына қалыптастыруда,оны ұтымды  пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.   Сондықтан ұлттық  мәдениеттің,әдебиеттің, тілдің,  халықтық  педагогиканың тарихы мен болашағы  да  мектептегі жас  ұрпақ тәрбиесіне  байланысты.

Бала тәрбиесінің   алтын бесігі –отбасы. Дана халқымыз «Тәрбие – тал бесіктен» деп бекер айтпаған. Ата-әженің ертек-әңгімесін, жыр-шумағын тыңдап, құлағына құйып өскен ұрпақтың ойы зерек, өрісі кең болары анық. Алайда, ұрпақтың бәрі бірдей ата-әже тәрбиесін көріп, естіп өсіп жатқан шамалы-ақ. Жаһандану заманында балалардың ойы кітаптағы ертегіде емес, ғаламтордағы қызыққа ауғаны кімді де болса, алаңдатып отырған мәселе. Келешек ұрпақ өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ.

“Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі”,-демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Осы жолда ұстаздар қауымына артылатын жүк те ауыр. Мектеп-қоғамдық  ұйымдар  мен отбасы  тәрбиесін  ұштастыратын  негізгі ұйытқы орталық. Мұғалім – жауапкершілігі өте жоғары, мәртебелі мамандықтардың бірі. Ол – бала бағбаны, білім мен тәрбие беруші, ертеңгі ұрпақтың қалыптасып жетілуі жолындағы үлкен күрескер. Елбасымыз ұстаздарға «Жаңа заманның адамын тәрбиелейтін сіздер, ендеше өздеріңіз көп оқыңыздар. Ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Ең бастысы рухани тоқыраудан сақтаныңыздар» деп үлкен міндет артып отыр.

Бүгін біз білім беріп жатқан оқушылар – тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстайтын азаматтар. Ал, сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры өзіміздің бүгінгі қызметімізді қалай атқарып жүргенімізге тікелей байланысты. Ендеше мына өтіп жатқан жаһандану, ғаламдану үрдістеріне жұтылып, ұлт ретінде жойылып кетпейік десек ұлымызды рухты, жігерлі, қызымызды әдепті, ибалы етіп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелейік дегім келеді. Келешегіміз жарқын, аспанымыз ашық болу үшін бар күш-жігерімізді өзіміз сүйіп таңдаған ұстаздық етуге арнайық.





Кабланбекова Гульмира Касымханован
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
683
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі