Материалдар / Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы. Треннинг.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы. Треннинг.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Отбасы — Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2024
245
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Би.(бишілер тобы)

1 — жүргізуші: Саламатсыздар ма

Құрметті қонақтар, ата-аналар оқытушылар, студенттер!

Бүгінгі өткізіліп отырған «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты үштік одақпен өткізілетін тренингке қош келдіңіздер!


Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Отбасы — Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану..
2— жүргізуші:  Сөз кезегін колледжіміздің директоры __

сөз береміз.
1 — жүргізуші: Құрметті ата-аналар,қонақтар,оқытушылар, студент жастар бүгінгі «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты үштік одақпен өткізілетін тренингтің қатысушыларымен таныстырып өтсем

1.

2.

3.



2— жүргізуші: 1.тапсырма

«Әдептілік сәлемдесуден басталады» дейді дана халқымыз. Амандасу әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары. Амандасу –бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Алғашқы кезде адамдар «Міне, көрдің бе, қолымда дәнеңе жоқ, қарусызбын» дегенді білдіріп, оң қолды көтерген. Осындай ізгі ишара біртіндеп, амандасу рәсіміне айналған.

Ал енді ата-аналар ,студенттер сіздер қалай сәлемдесесіздер .Сәлемдесулеріңізді көрсетсеңіздер.

 


1 — жүргізуші:
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
«Ән көңілдің ажары» деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе сахнаға ...тобының ...............шақырамыз.



2 тапсырма.Бейнероликке назар аударайық

1-жүргізуші:- Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.
(Бала тәрбиесіне арналған ситуациялық жағдайға тоқталу.)


2 - жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан.
Алдарыңызда.................... бишілер тобы.


3 тапсырма

«Аялы алақан»

Ата –аналарды ортаға шығарып,көзін байлап,баласын табады

«Адамның адамшылдығы – ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
болады.» 
 Абай
Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі , ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген екен.



Ән:

2 — жүргізуші:

Музыка — ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн.
Музыка — өзен, дала, аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп ....... ортаға шақырамыз.

Тілек шамы


Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз?

Алдарыңыздағы парақтарға балаңызға деген тілектеріңізді жазып шығасыздар.


Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» арқылы ата-анаға деген сүйіспеншілік сезімдеріңізді алдарыңызда жатқан жүрекшелердің ішіне жазып шығасыздар.




2.«Жанұя бақыты» жаттығуы.
Жаттығудың шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата - ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.


3 “Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…



2 – жүргізуші: Ал біз бұл уақытта «Шаттық» би үйірмесінің орындауында ......



1 - жүргізуші: Ата аналар дайындалып болғанша колледж оқытушыларының орындауында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнін қабыл алыңыздар!



Ж. Баласағұн баланы жастан тәртіпке үйрету керектігін, оны ата-ананың ісі екенін сөз етеді.

Мысалы ол:

Баққан ұлдан сәл тойса назарың,

Түбі соның тарттым дей бер азабын.

Қатал ұста- бос жүрмесін сандалып,

Болса тәртіп- бала өседі сомдалып.»



Көрермендерге сұрақ :

  1. Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата - анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбысынан».

1.Ұлыңыздың, қызыңыздың достары және ұстазы жөнінде не білесіз? Олардың жақсы қасиеттерін және қызығушылығын атаңыз?
2. «Балаңа көңілің толмаса, кемшілікті өз басыңнан іздей бер» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?

2 – жүргізуші:

«Сөз асылы – мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та - бала. Осы бала бағбаны кімдер?
Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашан да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.

« Жалғасын тап»

1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
7. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
8. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
9. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
10. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

Тренинг қортындысы: Ата –аналарға сөз береміз.

2 – жүргізуші:

Күй

Билеп бір күй сана-сезім,есімді,

Одан өзге естіртпейді еш үнді.

Күңіренген күй секілді гуілдеп,

Сарыарқаның самал желі есілді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!