Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РУХАНИ –АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№103 жалпы орта мектебі
ТАҚЫРЫБЫ: ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РУХАНИ –АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
ДАЙЫНДАҒАН:
АӘД пәнін оқытушы – ұйымдастырушысы: сержант Б.К. Нускабаев
Шымкент 2018 жыл
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РУХАНИ –АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керектігі баса айтылған. Бұл – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту. Өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру.
Бүгінгі ұрпақ үшін рухани жаңғыру ұлттық қасиеттеріне ие болу және мәдениеттілікті, еңбек пен білімді иеленіп, кез-келген игілікті іске ынта мен жігерді танытып, қабілеттілікті көрсете білу, өмір жолында өз ісіне адалдық танытып, өзіне бағындырған құндылықтарды халықтың игілігіне айналдыра алатын деңгейге қол жеткізу, сол арқылы мемлекетінің мүддесіне, ұлтының болмысына күш беру.
Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты.Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты. Осы тұста алдына қоятын кәсіптік білім берудің басты мәселелерінің бірі – өркениетті, азаматтық – адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге түсе алатын биік, өрелі, терең білімді маман тәрбиелеу.
Тәрбие – қоғамдық үздіксіз үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның қарым – қатынасындағы басты жүйе. Оның негізі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жеке қасиеттерін қалыптастыру. Студент бойында саналы тәрбие мен байыпты мінез қалыптастыру, рухани дүниесі бай интеллекті тұлға тәрбиелеу.
Тәрбиенің негізгі міндеті— қоғамның қажетті талаптарын әрбір студенттің бойында борыш, намыс, ар- ождан, қадір- қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.Қазіргі таңда елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени жаңалықтарға байланысты оқу үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру – заман талабы. Әр халықтың өзіне тән дәстүрі, оның білім беру мәдениеті осы оқу — тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.Қазақ халқы – өзінің бай тарихи мұрасын, өнері мен тілін, салт – дәстүрін, әдеп – ғұрпын, рухани – адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан оқу – тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс- тәсілдер, деректер ұлттық психология ерекшіліктерін ескеру қажет.
Халқымыздың ғасырлар бойы ұлан- байтақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда ерлігімен көріне білген батырлары мен қолбасшыларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын ойлаған шешен — даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, тілі мен дәстүрін сақтау, зерттеу – азаматтық борышымыз. Сондықтан бар халық мақсаты өзінің өскелең ұрпағына тәрбие беруде күнделікті тұрмыс кәсібін ұлттық арнада ұйымдастырып, рухани- адамгершілік тағылымымен ұштастыра білген.«Адамгершілік» — адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабаттылық», «кісілік» сөздерімен мәндес. Халықтық педагогикада адамның жағымды мінез – құлықтарын осы ұғымдардан таратады. Мінез – құлық пен қарым- қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге болады: адамды сыйлау, ар- ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б.
Рухани – адамгершілік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған.Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді.
-
—Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу – тәрбиеүрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру.
-
— Ұлттық дәстүрлерарқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
-
— Салт – дәстүрлернегізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани – адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті.
Міне, осы тұста қоғамға жан- жақты білімді, жоғарғы мәдениетті, еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті, шығармашыл тұлға қажет. Ондай тұлғаны орта және жоғарғы оқу орындары тәрбиелейді.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық шарттары – студенттердің белсенді өміршіл, саналық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларына жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан- жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі бір мақсатқа жетелеу іс –әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді.Сонда ғана ұстаз шәкірттерінің ізгілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.
Ізгілік отбасынан бастау алады, оған ата- ананың берген тәрбиесі, тұрмысы ықпал етеді. Халықтық мақал «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» адамгершілік тәрбиенің негізгі отбасында қалыптасатынын көрсетуде. Халық, жанұя құндылықтарын ауызша халық шығармашылығы арқылы тапсырады, мысалы, аңыз ертегілерді, ырымдарды, салттарды қолданады, дін арқылы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар арқылы т.б. Халық ауыз әдебиеті адамгершілік –эстетикалық тәрбие беруде баланың ой- өрісін дамытады. Олардың тіл байлығы және шексіз шешендік мүмкіндіктерін арттырады.
Студенттерді рухани адамгершілік тәрбиелеу мәселесі әрбір ата- ананың, қоғамның және жалпы мемлекеттің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі, себебі қоғамда жас ұрпаққа рухани тәрбие беру мәселесіне қатысты күрделі проблемалар қалыптасты. Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа арналған нақты өмірлік бағдарламаның болмауы, қоғамдағы рухани- адамгершілік ахуалдың төмендеуі, балалармен бос уақыттағы мәдени жұмыстарының әлсіздігі,балалардың физикалық дайындығының нашарлауы және тағы басқа мәселелер өзекті болып отыр. Білім беру жүйесі тұлғаның рухани дамуына жоғары деңгейде кепіл бола алмайды, өйткені тәрбие – бұл күнделікті өмірдегі адамның әрбір адамға деген құрметі мен сыйластығы негізіндегі басқа адамдарға деген қарым – қатынасын анықтайтын тұлғаның сапасы.
К.Д. Ушинский: «Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды»,- десе, дана Абай: «Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті,сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын»,- деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.
Адамның адамгершілік негіздері болмаса, ол еркінен, өмірлік бағдарынан тез айырылып, тағдырдың ойыншығына немесе қылмыс әлемінің құрбанына айналады. Ондаған, мыңдаған нашақорлар, маскүнемдер, қаңғыбастар, қамқорсыз балалар, жетімдер – бұл күннің шындығы.
Әрине әр адам өз өмірінің қожасы және ол өз өмір жолын өзі таңдайды, басқа адамдармен қарым – қатынас жасайды, қателіктерге бой алдырады. Сені қоршап тұрған жағдайды өзгертуге болады, бірақ өзіңнің ішкі әлеміңнен қашып құтыла алмайсың. Сонымен қатар, егер адамның жаны немесе рухы сырқат болса, онда ешқашан сау бола алмайды. Сондықтан адамның қандай рухани құндылықтарды игергені өте маңызды. Адамгершілік тәрбиесі оқу тәрбие үрдісінің барлық саласында, оқыту, білім беру және еңбекке баулу үрдісінде жүзеге асады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік қасиеттерді жатқа білу жеткіліксіз, оның терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру, мінез- құлыққа бекіту керек.
Студентерді -адамгершілікке тәрбиелеу. Студентерді ғылымға, мамандық таңдауға ынталары артады. Бұлар әділеттілік, борыш, ар- намыс, ұят, адалдық сынды моральдық ерекшеліктерге көңіл бөледі. Олар үлкендермен қарым – қатынас жасауда өзін- өзін тәрбиелеуді қажет етеді. Сондықтан бұл жаста көбірек ерік берген жөн. Өскелең ұрпақтың адамгершілік тәрбиесін іске асыруда қоршаған ортаның ықпалы орасан зор. Студенттердің бойына тәрбие негіздерін дарыту колледжде оқытылатын барлық пәндерге бірдей жүктеледі.
Әсіресе, студенттерді адамгершілікке тәрбиелейтін пәннің бірі- валеология. Ол шәкірттердің бойында отансүйгіштікті, ұлтжандылықты,сенімділікті қалыптастырады..
Елімізде рухани адамгершілік тәрбиені жетілдіру мемлекеттік міндет деңгейінде көтеріліп отыр. Бұл міндеттің практикалық шешімі — «валеология» пәнінің енгізілуі.Өзін – өзі тану пәнінің басты міндеті- өзінің дүниетанымына үңілу, өзіңді сүю мен сыйлай білу, өз ісіне жауапты болу, өз арыңмен келісімде өмір сүру, өзіңнің жанына жақын іспен айналысу, адамдарға мейірімділік таныта білу, ізгілікті болу. Тәжірибе көрсеткендей, валеология білім берудің құнды мәнін нығайта отырып, тұлғаның шексіз сүю, өз ісіне және жеке күшіне сену, ізгілікті іс жасау, көп білу және өзін –өзі жетілдіру, физикалық, психикалық, рухани дамуда үйлесімдікке қол жеткізу дағдыларын қалыптастырады.Бұл пән студенттердің өзара қарым – қатынасын дамытуына ғана емес, сондай –ақ студенттің өзін – өзі тануына адамгершілік негіздерін жинақтауына, сана- сезімінің қалыптасуына, қоршаған ортамен махаббат, ізіглік және өзара түсіністік негізінде өзара қарым – қатынас құра білуіне, бір тұтас тұлғаның қалптасуына әсер етеді.
Кәсіптік білім беруде тәрбие беру тек жеке және арнайы пәндерде ғана емес, тәрбиелік іс- шараларда,үйірме жұмыстарында рухани құндылықтарға баулуға болады. Мұндай жұмыс түрлеріне топ жетекшілерінің эстетикалық әңгімесі, түрлі ой жарыстары, пікір таластарын жатқызуға болады.
Студенттерді адамгершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін түрлі жағымсыз жағдаяттардан сақтану мәселесі де ескерілуі қажет. Көбіне көптеген отбасыларда күнделікті тірлік қамымен студенттердің рухани қажеттіліктері ескерілмей, екінші орынға жылжиды. Студент дұрыс, адамгершілік іс- әрекеттерді, салауатты өмір салтын, жақсы мен жаманды айыра білу, өзін — өзі жетілдіруге деген ынтасын қалыптастыруы керек, қажет кезде өз бетімен шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасауы үшін кішкентайынан өз дегенін іске асыруға баулу керек. Ал бұл дағдылардың барлығы жанұяда қалыптасады.
Студенттерді адамгершілікке тәрбиелеуде ата- ананы оқу –тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс орнату мәселесі негізгі мәселе болуы тиіс.
В.А. Сухомлинский: «Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруге тиімді ықпал жасайды» дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»,- деген болатын.
Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Ендеше, студенттерді рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты мақсаты. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде студентті тұлға ретінде танып біліп қана қоймай, оның дамуында кешегіні, бүгінгіні, болашақты көре білуі қажет.
Қорытындылай келе, адамгершілік тәрбиесі – бұл адамның туғаннан басталатын және өмір бойы жалғасатын, адамдардың мінез- құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс. Оның мазмұны студенттер жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Сондықтан оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда студенттерді жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды орын алмақ.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
С. Ғ.Тәжібаева Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы. Оқу құралы. Алматы,Білім,2008
-
О.К. Трубецкая Балалардың рухани- адамгершілік құндылықтарын қалай жетілдіруге болады // Сынып жетекшінің анықтамалығы №12(48) 2012
-
Л. Омарова Адамгершілік тәрбиені қалыптастыру мәселелері // Бастауыш мектеп № 2 2004
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани