400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ұрпақ ұлттық ойынмен шындалады

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойын арқылы балаларды тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы





Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің

«№ 19 «Назерке» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорның дене шынықтыру пән шетекшісі Разова Камшат Торебековна





Тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

Мақсаты:
1. Білімділік: Ұлттық ойындарды кеңінен қолдана отырып, балалардың тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
2. Дамытушылық:Балаларды ұлттық ойын арқылы татулыққа, адамгершілікке баулу. Бір - біріне деген сыйластығын, достық қарым қатынасын нығайту.. Бір - біріне деген шынайы достықты сезіне білу дағдысын дамыту. 
3. Тәрбиелік:Ұлттық ойын арқылы салт - дәстүрлерді сақтай білуге тәрбиелеу



Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен тәрбиешілер! Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты ұлттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Жарысымызды бастамас бұрын қатысушы бүлдіршіндеріміз Қыран және Тұлпар топтарын ортаға шақырайық.
Қаражорға әуенімен балалар ортаға шығады.

Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік,батылдық көрсетіп табанды,


«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.


«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» - атты жарысымызды бастаймыз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер.
Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділбаға беріңдер
- дей отырып топ ұрандарымен танысайық.

«Тұлпар» тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.

«Қыран» тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарыста озып шығайық.

Жүргізуші:
 Жарайсыңдар балалар!Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық..


Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

1. Теңге алу
2. Жаяу тартыс
3. Күш сынасу
4. Көтермек ойыны
5 Арқан тартыс


Олай болса сайысымыздың бірінші бөлімі
1.Ұлттық ойын: «Теңге алу»
Ойын шарты:
Ойыншылар шыбық атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.


2.Ұлттық ойын «Жаяу тартыс»
Ойын шарты:
Ойыншылар екі-екіден ортаға шығады да, екі басы біріктірілген арқанды екеуі бірдей екі жағынан екі қолтығының астынан жібереді де, екеуі екі жаққа қарай еңбектеп, алдарына қойылған шаршыға бірін-бірі тартып,қолдарын жеткізулері керек. Қайсысы бірінші жетсе, сол ойыншының ұтқаны болып есептеледі.

3.Ұлттық ойын «Күш сынасу»
Ойын шарты:Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.

4.Ұлттық ойын «Көтермек»
Ойын шарты:Ортаға екі топтан бір-бір баладан шығады.Бір-бірлеріне арқаларын тіреп тұрып,қолдарын шынтақтастырып, қайсысы бұрын екіншісін көтеріп алса сол жеңіске жетеді.
5.Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты:
Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойынның бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып келсе сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық сайысымыз өз мәресіне жетті.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз-деп әділқазыладың шешіміне кезек берейік.

Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!



 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
11
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі