400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Ұлттық ойындар арқылы балалардың дене қимылын дұрыс жолға қою,өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Shape1





Тәрбиешілер:Орысбаева.А

Шынтас.Н.











Тақырыбы: Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады.



Мақсаты: Ұлттық ойындар арқылы балалардың дене қимылын дұрыс жолға қою,өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік мақсаты: Ата-бабадан қалған өнер мен өнеге,үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып,көзіне көрсете отырып,ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп,оларды әдептілікке,бейімдікке,ізеттілікке қалыптастыру

Қажетті құралдар:Арқан,теңге,қамшы,жылқы.



Тәрбиеші: Құрметті апайлар мен балалар!

Бүгінгі « Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»атты спорттық жарысына қош келдіңіздер!Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық.

Қара жорға әуенімен балалар ортаға шығады.

Тәрбиеші: Міне балалар шықты алаңға,

Жас спортшылар жеке-жеке команда

Ал,балалар өздеріңді таныңдар,

Ептілік,мықтылық,батылдық көрсетіп табанды,

« Ура»деген ұранды біз тастаймыз

Жарысымызды ал енді бастаймыз.

Тәрбиеші: Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп отыр,осы топтардың әділ бағасын беретін сіздерсіздер.

Ал,құрметті халайық

Жарысты енді көріңіз

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер,-дей отырып топ капитандарына сөз берейік.



Бірінші топ-Тұлпар

Екінші топ-Қыран

« Тұлпар» тобы- Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмас-па!

Қуып жету жақсы ғой

Озып шығу бір басқа.

«Қыран»тобы- Босқа қарап тұрмайық,

Бағымызды сынайық.

Намысты қолдан бермейік

Жарыстан озып шығайық.

Тәрбиеші: Балалар,сендерге сәттілік тілей отырып,жарысымызды бастаймыз.Ал енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...

Сайыс шарттары:

1.Бәйге.

2.Арқан тартыс.

3.Теңге алу.

4.Қол күрес.

5.Ақ серек,көк серек.

6.Қыз қуу.

Ойын: Ұлттық ойын « Бәйге»

Ойын шарты:Әр топтың алдына 3-4м қашықтықта межелер белгіленді.Екі топтың балалары сап түзеп тұрады.Бұл ойында жұптасып жарысады.Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады.Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да,жарысады.Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.

Ойын: «Аркан тартыс»

Ойын шарты:Бұл 2топқа бөлінген балалармен ойыналатын ойынның бір түрі.Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады.Қай топ өз жағына алып,келсе сол топ жеңіске жетеді.

Ойын: «Теңге алу»

Ойын шарты:Бұл ойынды ер балалар ойнайды.Аттың орнына шыбық ат пайдаланады.Белгілі бір жерге тенгені ыдысқа салып қояды.Ойыншылар атпен шауып келіп,еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі.Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген болып есептеледі.



Ойын: «Қол күрес»

Ойын шарты:Ортаға 2ойыншы шығып,кілемнің үстіне жамбасынан жатады.Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды.Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигизуі керек.

Ойын: «Ақ серек, көк серек»

Ойын шарты:Ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,Қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам.1-ші топ ойынды бастайды:Ақ серек-ау,ақ серек бізден сізге кім керек.

2-ші топ ойынды жалғастырады.Ақ серек-ау,ақ серек жаман бала аты керек.Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп,ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кетуі керек.Егер өтіп кетсе,сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса

береді.

















Ойын: «Қыз қуу»



Тәрбиеші:Өнерге биік сеніңіз думанға қызық келіңіз,әділ қазы ел сенген өнерге баға беріңіз.

















Тәрбиеші:Құрметті балалар,біздің алға қойған мақсатымыз ата-бабадан қалған өнер мен өнеге,үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып,көзіне көрсете отырып,ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп,оларды әдептілікке,бейімдікке,ізеттілікке қалыптастыру.Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған ұлттық спорттық ойынымызды қорытындылай келе әділ шешіммен « Тұлпар»және « Қыран» топтарын алтын және күміс медальдарымен марапатталады.Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 сәуір
627
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі