Материалдар / "Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады" әке-бала арасында ұлттық ойындар сайысы

"Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады" әке-бала арасында ұлттық ойындар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Әкелер мектебі жоспарына сәйкес әкелер арасында ұлттық ойындар сайсын ұйымдастыру, ұлттық ойындарды дамыту, нәсихаттау
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Балдырған» ортаңғы тобының әкелері арасында өткізілетін

«Ұрпақ – ұлттық ойынмен шыңдалады» атты ұлттық ойындар жарысы.

 

Мақсаты:         Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін жаңғырту, насихаттау,  бүлдіршін балалар бойына сіңіру.Ер баланың тәрбиесіне әкелердің көбірек араласуына ықпал ету. Ұлы дала ұрпақтарына тән өжеттік, мергендік, күштілік, әділдік т.б.қасиеттер бойларына дарыған намысты ұл тәрбиелеуге үлес қосу.

 Ойын-сауық өтілетін бөлме ұлттық нақышта безендіріледі.


1-Тәрбиеші:    Қайырлы күн, аяулы ата-аналар, балалар, барша қонақтар!

2-Тәрбиеші:    Армысыздар, арын жанының садағасы санаған, досына адал, жауына сұсты, әділдікті ту еткен, мәңгілік елге беттеген ұлы дала ұрпақтары! Дана халқымыз ұрпағының келешегіне аса мән беріп, зерделі ұл, зейінді қыз тәрбиелеу үшін «Тәрбие басы-талбесік» ұстанымын

ұстанған екен. Біз де осындай ізгі ниетпен «Балдырған» тобы ата-аналары арасында «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Ұрпақ – ұлттық ойынмен шыңдалады» атты ойын-сауығымызды ұйымдастырып отырмыз.

1-Тәрбиеші:    Сонда бұл ойын-сауыққа кімдер қатысады? Қандай қызықтар болады?

2-Тәрбиеші: Иә, иә, өзім де ойын-сауығымыздың қатысушыларын ортаға

шақырғалы тұрмын. Құрметті көрермен! Қарсы алыңыздар, алдағы сағатта «сегіз қырлы, бір сырлы» қазақ жігіттерінің намысын қорғайтын әкелі-балалы 2 топтан құралған «Тұлпар» және «Сұңқар» тобы қатысқалы отыр. қатысушыларымызды ортаға шақырамыз. Ендеше, сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап, құрмет көрсетіп ортаға шақырайық.


(2 топ қатысушылары ортаға шығады. Әр топта 4 әке-баладан құралған қатысушы болады) 


1-Тәрбиеші:    Ойыншылар сонда жарысады ма?

2-Тәрбиеші: Негізгі мақсатымыз: қазақы тәрбиені насихаттау, ұлттық

құндылықтарымыз ұмытылмас үшін балалардың санасына

сіңіру, сондай-ақ ер балаларды тәрбиелеудегі әкелер үлгісінің ықпалын,

маңыздылығын тағы бір түйсіну. Ал бірақ ойын-сауығымыз тартыстыда қызықты өтуі үшін ұпайлар есептелетін болады.

1-Тәрбиеші:    Ұпайларды кімдер есептейді?

2-Тәрбиеші: Ұпайларды есептеп, ойын-сауығымыздың қорытындысын шығаруды әділ қазылар алқасына сеніп тапсырайық:

  1. Әділ қазылар алқасының төрайымы: ________________________________

  2. Әділ қазылар алқасының мүшелері:

1______________________________________________________________

2______________________________________________________________



1-Тәрбиеші:    Енді ойын-сауығымызды тезірек бастайықшы, не болатынын көргім келіп асығып тұрмын.

2-Тәрбиеші: Ендеше сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

Сайыс шарттары:

1.Топтың аты мен ұраны
2. «Бәйге» жарысы (балалар қатысады)
3. «Кедергілерде сүрінбе» жарысы (әкелі-балалар қатысады)
4. «Теңге ілу» жарысы (балалар қатысады)
5. «Қол күрес» жарысы (әкелер қатысады)
6. «
Өгіз тартыс» жарысы (әкелер қатысады)

7. «Көтермек» жарысы (әкелер қатысады)

8. «Ханталапай» асық ату жарысы (әкелер мен балалар қатысады)

9. «Арқан тартыс» жарысы (топтық сайыс әкелі-балалар қатысады)


Ал құрметті халайық
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер
- дей отыра ойыншыларымызға сәттілік тілеп сайысымызды бастайық.

1.Топтың аты мен ұраны

І - топ «Тұлпар»
Топ капитаны –

ІІ - топ «Қыран»
Топ капитаны –

«Тұлпар» тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.

«Қыран» тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.



Ойын: Ұлттық ойын «Бәйге»
Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленеді. Екі топтың балалары (арақашықтығы 2 м ) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.

Ойын: «Кедергілерде сүрінбе»

Ойын шарты: Әкелер ұлын арқалап кедергілерден аттап өтіп айналып келіп кезектегі әкеге қолындағы допты береді, әкелер кезектесіп жарысады.

Ойын: Ұлттық ойын «Теңге ілу»
Ойын шарты: Бұл ойынды ұлдарымыз ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланылады. Ортадағы үлкен шеңбердің ортасына теңгелі қалташа қойылады. Ойыншылар атпен әуен ырғағымен шеңберді айналып шауып жүреді, әуен тоқтағанда теңгені жылдамдықпен іліп кеткен бала жеңіске жетеді.

Ойын: Ұлттық ойын «Қол күрес»
Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастыра ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек. Барлық әкелер күштерін сынап көреді.

Ойын: Ұлттық ойын «Өгіз тартыс»

Ойынның шарты: Екі адам беліне арқан салып тартысып, мәредегі затты бірінші іліп кеткен жеңеді.

Ойын: Ұлттық ойын «Көтермек»

Ойын шарты: Екі ойыншы бір-біріне арқасын қаратып, білектерін айқастырып тұрады, белгі бергенде бірінші көтеріп алған ойыншы жеңіске жетеді.

Ойын: Ұлттық ойын «Ханталапай»

Ойын шарты: Екі топ ойыншылары шеңбер бойымен отырады. Ортаға асықтар шашылғанда қызыл асықты тез іліп алған топ асық атуды бірінші бастайды. Ортаға тігілген асықтардан көп асықты құлатып жинаған топ жеңіске жетеді.

Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген ойыншылар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Тәрбиеші:  Мінекей, бүгінгі іс-шарамыз да өз мәресіне жетті. Ойын- сауығымызға қатысып белсенділік танытқан әкелер қауымына алғысымызды

білдіреміз.  Ал әділ қазыларымыз ойын-сауықтың  қорытындысын

шығарып, ұпайларды есептегенге дейін мен барлық балаларды ортаға

«Тақия тастамақ» ойынына шақырамын.

Қызық ойын басталмақ

Аты оның — «Тақия тастамақ» ………

Ойын  «Тақия тастамақ»  

Тәрбиеші:  Бала ойнап өседі. Ойын арқылы тілдері дамиды,  қимылдары ширайды. Ойын арқылы тарихын таниды, қиялдары шарықтайды. Балаларымыздың қандай ойындар ойнап жүргендеріне мән бере жүрейік. Сіздер болып, біздер болып тәрбиелеген бүлдіршіндеріміз азамат атына лайық болып өссін. Бүгінгі «Ұрпақ – ұлттық ойынмен шыңдалады» ойын-сауығымызды қорытындылау үшін сөз балабақшамыздың меңгерушісі, әділ қазылар алқасының төрайымына беріледі.        (Бағалау, марапаттау)


Ақмола облысы Егіндікөл ауданы

«Балбөбек» бөбекжай МКҚК

«Балдырған» ортаңғы тобы






«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы


«Әкелер мектебі»


«Ұрпақ – ұлттық ойынмен шыңдалыды» атты әкелер

арасында ұлттық ойындар жарысы




Тәрбиеші: Сарманова С Е


ЖИ арқылы жасау
18 Қаңтар 2025
449
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі