400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұрпаққа берген тәрбие-мәңгілік ел кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие – Мәңгілік ел кепілі»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа, қайырымдылыққа, өзін және өзгені құрметтей білуге тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мазмұны мен мәні аса терең тарихи құжат. Мақаланың атауының өзі айтып тұрғандай, болашақта атқарылар іс-қимылдарымызды айшықтап берген құнды бағдарлама. Тәуелсіздік жылдарында еліміз екі бірдей жаңғыруды бастан кешті. Оның бірі 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Рес­пуб­ликасы атты тәуелсіз мемлекеттің шаңы­рақ көтеруі болса, екіншісі «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдар­ла­масының мерзі­мінен бұрын орындалып, еліміздің мей­лінше дамыған 50 елдің санатына енуі болды. 2017 жылдың 31 қаңтарында Елбасы «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қаб­леттілік» атты Жолдауын жария етті. Жол­даудың негізгі өзегі болған үшінші жаңғыру мәселелері Президенттің 2012 жылғы «Қа­зақстан –2050» стратегиялық бағдарлама­сында қойылған міндеттердің бірі еді. Соны­мен, бүгінгі таңда еліміз жаһандық бәсе­­ке­лестікке қол жеткізуге арналған Үшінші Жаңғыру жұмысын бастап кетті. Межеміз 2050 жылға қарай, өркендей дамыған 30 елдің қатарынан көріну. Айтуға оңай болғанмен, бұл деген аса ауқымды, өте күрделі міндет. Міне, осынау күрмеуі қиын бірақ мей­лінше өзекті әрі көкейкесті міндетті шешу тетіктерінің ең негізгісі ретінде, Елбасы өз мақа­ласында бүкіл қоғамның рухани жаң­ғыруы қажет екендігін атап өтіп, оны жүзеге асырудың 6 бағытын ұсынып отыр. Олар: бәсекеге қабілеттілік; прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның револи­циялық емес, эволю­циялық дамуы және сананың ашықтығы. – Рухани жаңғырудың негізгі іргетасы ол – ұлттық кодты сақтай білу, онсыз жаңғыру деген құр жаңғырыққа айналады, – деді өз мақаласында Президент. Біздің пайым­дауымызша, халқымыздың ұлттық коды – ол қазақтың тілі, ділі, діні, материалдық және рухани мәдениеті мен салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптары. Міне, осылар топтаса келіп, қазақ халқының ұлттық менталитетін құрай­ды. Кез келген елдің халқының айрандай ұйып, жұдырықтай жұмылуында мемлекеттік тілдің алар орны айрықша. Ол қоғамды топтастыруда теңдесі жоқ ерекше күш. Сондықтан баршамыз Елбасының 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жол­дауындағы қазақ тілінің мәңгі жасай­тындығы туралы мәлімдемесін ту етіп ұстауға тиіспіз. Бұл, ең бірінші кезекте қазақ ұлтының өкілдеріне қатысты. Осы орайда дағыстандық ақын, марқұм Расул Ғамзатовтың «егер ертең авар тілі өлер болса, мен оны көрмей бүгін бақилық болғаным жақсы» деген аталы сөзі еске түседі. Үшінші жаңғыру барысында нығая түсетін ұлттық рух, Президент ұсынған Мәңгілік ел идеологиясын қалыптастыру­дың негізгі кепілі. Сондықтан да бұл идеологияның арқауы, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, бізге мұра болып жеткен салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз болу керек деп санаймыз. Дана халқымызда «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген ұлағатты сөз бар. Сон­дықтан да озығын аламыз, тозығын тастаймыз. Рухани жаңғыру дегеннің өзі міне, осы. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұ­рыптар халқымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың моралдық болмысын қалыптас­тыратын аса құнды қазына. Оларды ұмыт қалдыру, орны толмас зардаптарға әкеліп соғады. Осы орайда, күнделікті өмірімізде орын алып отырған бірді-екілі келеңсіз құбылыстарға тоқтала кетсек. Қазақтың салт-дәстүрлерінен туын­даған мол қағидаттарының ішінде ең бастысы, перзентінің өзіне өмір сыйлаған ата-анасының алдындағы парызы мен қарызын, яғни борышын өтеуін айтамыз. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет, ата-анаға қошемет», деп тәрбиелеген қазақ халқының барлық ұл-қыздары осы қағиданы мүлтіксіз орындап жүр деп айта аламыз ба? Қайдам, күмәніміз бар. Мың өліп, мың тіріліп, небір қайғылы зобалаң оқиғаларды бастан кеш­кен қазақ қоғамында бұрын-соңды ешқашан да қарттар үйі деген болмаған. Әке-шешеге бейәдептілік көрсету, қол көтеру барып тұрған көргенсіздік. Тіпті Тәуке ханның Жеті жарғысында мұндай сорақылықтарға заң жүзінде тыйым салы­нып, тиісті жазалау шаралары қарас­тырылған. Ата-анаға деген сүйіспеншілік сезім ән-мен күй, термелерге арқау болған. Кешегі өткен қазақ музыка өнерінің нағыз жұл­дыздары Шәмші мен Нұрғисаның «Ана туралы жыр», «Әкеме» деген әндерін алайықшы. Өне бойы тұнып тұрған тәрбие мен тағылым. Ата-анасын ардақтап сыйла­ма­ған ұрпақтан Отанның шынайы па­триоты шығады дегеніміз бос сөз, құрғақ қиял. Еліміздің рухани жаңғыруында ерекше орын алуы тиіс мәселе – бұл қазақ қызының бүгінгі таңдағы моралдық болмысы мен кескін келбеті. Қазақ халқы ежелден-ақ өз қыздарын ерекше қастерлеп құрметтеген. Төрден орын берген, тіпті қыздың әкесі де оған қарап дауыс көтермеген. Қыз қонақ, жатжұрттық деп қараған. Сондықтан да оларға берілетін тәлім-тәрбиеге де ерекше мән берген. «Қызға қырық үйден тыйым» – бұрынғыдан қалған ұлттық педагоги­ка­мыздың інжу-маржаны. Осындай мазмұны мен мәні терең қағидаттардан нәр алып сусындаған қазақ қыздары Исраил ақын­ның «бәрін айт, бірін айт та, лайықсың, қа­зақтың қызы деген ғажап атқа» деп жыр­лауына негіз болған. Қыз бала – ертеңгі ана. Шаңырақтың шайқалмай берік болуы әйел-анаға тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ «Әйел – үйдің туы» деген. Тәуелсіздік жылдарында саяси-эконо­микалық, әлеуметтік салаларда алынған асулар мен бағындырған белестер аз болған жоқ. Десек те, рухани өмірімізде көңілге кірбің ұялататын кемшіліктер де жоқ емес. Соның салдары болса керек, біраз қыз­дарымыз көше кезіп кетті. Сол қыздар ертеңгі аналар. Олардың ұл-қыздары қандай болмақ деп ойлағанда өне бойынды үрей билейді. Өйткені қазақ «аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деген. Қалаларда жезөкшелер үйлері пайда болып, алтын бесік ауылға дейін жетті… Бұл аз болғандай шет мемлекеттердің бірінде өткен «көгілдірлер» шеруінде біздің бір қандасымыз мемлекеттік туымыз – көк байрақты желбіретіп жүріпті. Енді бұған не дерсің? Не десең де, олардың қазақ әлемі үшін жиіркенішті, жат қатерлі құбылыстар екендігін мойындайсың. Сондықтан бүкіл қоғам болып жастарға тәлім-тәрбие беру жұмысындағы ата-бабадан қалған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жеделдете жаңғырту қажет. Елбасы айтып отырған қоғамдық, гуманитарлық пәндерді оқытуды жаңа деңгейге көтеру керек. Жоғары оқу студенттері философия, тарих, саясаттану тағы да басқа пәндерді оқуды XX ғасырдан бері ғана емес, ежелгі дәуірден бастауы керек. Өйткені салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ежелден бастау алады. Ұлттық менталитетіміздегі біз мақ­таныш тұтатын ерекше бір қасиетті – халқымыздың меймандостығы мен қонақ­жайлылығы. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан түйінделген «кел демек бар да, кет демек жоқ», «бермегенді беріп ұялт», «таспен ұрғанды аспен ұр», деген сөз мәйектері осының айғағы. Сондай-ақ қазақ халқы «малым жанымның, жаным арым­ның садақасы» деп ар-намысты бәрінен де биік қойған. Сондықтан да, өз өктемдігін жүр­­гізгісі келген кейбіреулерге «қонақ қой­дан да жуас», «жаман үйдің қонағы би­лейді» деген, немесе «шаңыраққа қарайық, бауы­рым», деп сыпайы ғана ескертіп отырған. Жасыратыны жоқ, патшалық және кеңестік кезеңдерде отаршылар тарапынан жүргізілген репрессиялық жазалау шара­лары халқымыздың рухын жаншып, құлдық психологияның қалыптасуына ықпал етті. Ендігі міндет – жастарды ата-бабадан қал­ған «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ», «айтылар сөз айтылмаса, сөздің атасы өледі», деген ұлағатты қағидаларға сай тәрбиелеу. Жастары­мыз ынжық, жалтақ болмай өсуі тиіс. Сөздің реті келгенде айта кетейік, теріскейлік көрші­міздің кейбір лауазымды тұлғалары біздің мемлекетіміздің дербестігіне, территория­сының тұтасты­ғына нұқсан келтіретін мә­лімдемелер жасап жүр. Өкінішке қарай, олардың ішінде «кімнің тарысы піссе соның тауығы», немесе «тон кигенге бит, сүйек тас­тағанға ит» болған біздің бұрынғы отандасы­мыз да бар. «Бір рет тұз-дәмін татқан үйге қырық күн сәлем» берудің орнына, «өзі су ішкен құдыққа түкіріп жүр». Мұндай бассыз­дыққа батыл түрде тойтарыс беру керек. Тіпті құзырлы органдар олардың ел аумағына кіруіне тыйым салса, (персона нон грата) бұл шаралар өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің де бір тәсілі болар еді. Мақаладағы әліпбиіміздің латын қарпіне көшу мәселесінің нақтылануы, сөз жоқ, тарихи әділеттіліктің салтанат құруы болмақ. Нәтижесінде, 1940 жылға дейін қолданыста болған латын әліпбиі қайта қалпына келіп, келмеске кеткен қызыл империяның солақай шешімі де бақилық болады. Елбасы мақаласындағы әлемдегі ең үздік 100 оқулықты қазақ тіліне тәржімалау, «Туған жер», «Қазақстанның киелі жер­лерінің географиясы» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» бағдарламаларын толықтай қолдай отырып, оларды дайындап жатқан Ұлттық комиссия жұмысына табыс тілей­міз. Өз тарапымыздан жасар ұсыныстарға келсек, 100 жаңа есім санатына өзінің жеке басының, жерлестерінің мүддесінен жал­пыұлттық мүддені жоғары қойған азаматтар енуі тиіс, деп санаймыз. Еліміздің киелі жерлері құрамында «Қалмақ қырылған», Орбұлақ және Аңырақай шайқастары өткен өңірлер болса, нұр үстіне нұр болар еді. Сөз соңында айтарымыз, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет- ғұрыптары – қазақ халқының кескін-келбеті, болмыс бітімі. Рухани жаңғыруымыздың ең тиімді тетігі. Ғасырларға созылған тарихымыздың айнасы. Сондықтан біз оларды жадымыздан шығармай жаңғыртайық. «Өткенге топырақ шашпа, шашсаң болашақ саған тас атады» деген ата-баба өсиетін әрдайым есте ұс­тайық.
Сөз соңында оқушыларға түрлі сұрақтар қойылып, жеке-жеке ойларын ортаға салады





Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты



Ашық тәрбие сағаты





«Ұрпаққа берген ұлағатты тәрбие – Мәңгілік ел кепілі»







Өткізген: Нугманова К.К











2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі